Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Қорғаныс министрі Израильде ресми сапармен жүр

Бүгін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Израиль мемлекетіне ресми сапармен келді.

Тель-Авивте Қазақстан мен Израиль қорғаныс ведомстволары басшыларының кездесуі өтеді. Әділбек Жақсыбеков пен Моше Яалон кездесу барысында екі елдің әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелерін талқылайтын болады. Сапар шеңберінде Қазақстан мен Израиль үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылады деп күтілуде.

Сондай-ақ, Иерусалимде Қазақстан Қорғаныс министрінің Израиль мемлекетінің Президенті Шимон Переспен кездесуі жоспарланған.

Сапар барысында ҚР Қорғаныс министрі бастаған қазақстандық әскери делегация Израильдің бірқатар жетекші қорғаныс кәсіпорындарында болады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
235

ҚР Президентінің Жолдауы СҚО Ішкі істер департаментінің ұжымында да талқыланды. «ҚазАқпарат», 20.01.2013ж.

Солтүстік Қазақстан облыстық Ішкі істер департаментінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының басты бағыттары ұжым ішінде талқыланды, деп хабарлайды СҚО ІІД баспасөз қызметінен. Полиция офицерлері «Стратегия-2050» жүзеге асырудың негізгі бағыттары мен басты міндеттерін ден қойып тыңдады. Құқық қорғау қызметкерлері еліміздегі құқықтық тәртіпті, оның адамдардың қауіпсіздігі мен қолайлы жүріп-тұруын қамтамасыз етуі бойынша міндеттерді нақтылады. СҚО ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Виктор Букреев Жолдауды қарап біткен соң Мемлекет басшысының құқық қорғау саласының қызметкерлерінің алдына қойған міндеттерінің өзектілігіне тағы бір тоқталды: «Зор өкілеттілік пен құқық иеленген шенділер…

0
0
320

19 қаңтар – командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары институтының құрылған күні

Қазақстан Қарулы Күштерінде командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының күні атап өтілді. 1993 жылғы 19 қаңтарда ҚР Президентінің Жарлығымен Қарулы Күштерде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының институты енгізілген болатын. 21 жылдан ішінде тәрбие құрылымдарының офицерлері командирлермен және штабтармен бірлесе отырып, әскери тәртіп пен құқық тәртібін нығайту, бөлімшелерде моральдық ахуалды сауықтыру, әскери қызмет абыройы мен беделін арттыру, жеке құрамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды қамтамасыз ету шеңберінде ауқымды тәрбие жұмыстарын атқарып келеді. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» ат…

0
0
1193

Президент Жолдауын сарбаздар да тыңдады

Астананың іргесіндегі 68665 әскери бөлімінің жеке құрамы Елбасының Қазақстан халқына кезекті Жолдауын бір кісідей тыңдады. Бір мезгілде ұйымдасқан түрде көгілдір экран жанына жиналған әскери қызметшілер биылғы Жолдаудың негізі басымдықтарын бөліп айтып отыр. Жауынгерлер Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесіне баса назар аударылғанын айтады. Бұған балабақша санын ұлғайту, жалақыны көтеру, денсаулық сақтау саласын мықтау жатады. Сапаров Айбол құрмет қарауыл ротасының командирі: - Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың елімізге Жолдауы бізге үлкен әсер қалдырды. Елбасының Жолдауы бар кезде барлық қазақстандықтарға бағыт, бағдар береді. Қарулы Күштеріміз жылдан жылға дамып келеді, көптеген мемлекеттердің алдынғы қатарына шықтық. Әрдайым елі…

0
0
462

ҚР кеден органдарындағы тағайындаулар

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымына Ерлан Ролланұлы Өмірзақов тағайындалды. Тағайындалғанға дейін ол, Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымында болды. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымына Қайрат Кәрімұлы Жұмағұлов тағайындалды. Тағайындалғанға дейін ол, Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымында болды. Аумақтық кеден органдарының басшыларын тағайындауды және босатуды Комитет кадрлар ауыстыруды және жұмыс тиімділігін жақсартуды көздеу шеңберінде жүргізеді. Кадрларды ауыстыру…

0
0
508

Астанада энергия тиімділігі мен қуат үнемдеу жөніндегі семинар өтті

2014 жылдың 16–17 қаңтарында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығының  ұйымдастыруымен Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамытудың нормативтік негіздерімен және энергия менеджментінің халықаралық стандарттарымен таныстыру мақсатында «Аstana Solar»  ЖШС базасында «Аstana Solar» ЖШС, «Казатомпром-Демеу» ЖШС, «Самұрық-Қазына Invest» ЖШС басшылары мен қызметкерлеріне арналған «Жасыл» экономика: энергия тиімділігі мен энергияны үнемдеу» тақырыбына семинар-тренинг өткізілді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/01/3126-217/

0
0
355

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыруға дайын

- Бүгін біз Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасы халқына кезекті Жолдауын өз аузынан естіп, зор әсер алдық. Дәулетті мемлекет болғанымыз қарапайым тілмен жеткізілді. Мұны біз ұзақ жылдардан бері Ел Президенті - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысының 1991 жылдан бастап Қарулы Күштеріміздің, армиямыздың дамуына жасап отырған қамқорлығын сезініп, оны өз көзімізбен көріп келеміз. Жолдауда мемлекет басшысы ғылым мен білімге, қазақстандық патриотизмге баса назар аударды. Бұл әрине бізге болашақ ұрпақ тәрбиелеп отырған, әсіресе болашақ Отан Қорғаушы әзірлейтін әскер басшыларына қатысы бар. Расында Қазақстан дәулетті де сәулетті мемлекетке айналды, Жоғарғы Бас Қолбасшының белгілеген бағыт-бағдары бойынша қойылған тапсырмалар толығымен орындалды. Және де Жоғарғы Бас Қолбасшының 2050 жылғ…

0
0
275

Прокуратура органдарының 2013 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша Бас прокуратураның алқа мәжілісі туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауынан кейін Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті, онда Бас Прокурор мемлекеттік аппарат пен құқық қорғау органдарының алдына Президент қойған стратегиялық міндеттерді жеткізді. Асхат Дауылбаев барлық жеке құрамға бағдарламалық құжаттың ережелерін мұқият зерделеуді, Жолдауда көрсетілген тапсырмаларды жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құруды тапсырды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/prokuratura-organdarynyn-2013-zhylgy-zhumys-korytyndylary-boyynsha-bas

0
0
515

Заринаның жеңісті жолын Галина жалғастыра алмады

Зарина Дияс
Австралияның ашық чемпионатында қазақстандық теннисші Галина Воскобоева аса тартысты матчта испаниялық Карла Суарес-Наварродан жеңіліп қалды.

Үшінші партияда алда тұрған Галина сол басымдылықты пайдалана алмады. Сөйтіп 6:8 есебімен Карлаға жол берді. Алғашқы екі партия 6:7 және 6:3 есебімен аяқталған болатын. Г.Воскобоева әлемдік рейтингте 77-інші орында тұрса, К.Суарес-Наварро 16 сатыда келеді. Аталмыш чемпионатта ыстық ауа райына байланысты теннисшілердің шеберлігіне қоса төзімділігі де сыналуда.

Сонымен, Австралияның ашық біріншілігінде жекелей сында Қазақстаннан жалғыз Зарина Дияс қана қалды. Ол үшінші айналымда 1991 жылғы румыниялық теннисші, әлемнің 11-інші ракеткасы Симона Халеппен күш сынасады.

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Автор: Елжан Ералы
0
0
389