Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2014 жылғы 23 қаңтарда сағат 11-00-де ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінде «Кеден органдары Түркиядан тауарлардың контрабандасы бойынша қылмыстық топ қызметінің жолын кесті» тақырыбында брифинг өтеді.

АҢДАТПА

2014 жылғы 23 қаңтарда сағат 11-00-де ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінде «Кеден органдары Түркиядан тауарлардың контрабандасы бойынша қылмыстық топ қызметінің жолын кесті» тақырыбында брифинг өтеді.
Брифинг барысында қылмыстық әрекеттің салдарынан мемлекетке келтірілген ондаған миллион шығындар туралы, қазақстандық фирмалардан басқа Түрік азаматтарының да қатысы бар екендігі жария етіледі.
Сондай-ақ, журналистердің назарына 2013 жылғы Қазақстан Республикасының кеден органдарының құқық қорғау қызметінің қорытындысы және егжей-тегжейлі сипаттамалар мен өткен жылы кеден қызметкерлері қозғаған қылмыстық істер туралы баяндамалар ұсынылады. 
Брифингте 2013 жылғы қылмыстық істер бойынша шұғыл түсірілім көрсетілетін болады.

Брифинг спикері – ҚР ҚМ КБК Контрабандаға қарсы күрес басқармасы анықтау бөлімінің бастығы - Ерден Жұма.

Аккредитациялау мына телефондар бойынша жүргізіледі:
+7 (7172) 709948, +7 747 859 33 99 – Аян Зикирин – ҚР ҚМ КБК сарапшысы және [email protected] электрондық мекен-жайы бойынша.
Брифингтің өткізілу орны: Астана қ., Бейбітшілік көш., 10.

0
0
499

Осы тақырып бойынша