Семейде «қазақ күресінен» ҚР Қарулы Күштерінің чемпионаты басталды
Бүгін Семей қаласында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қазақ күресінен екінші чемпионаты басталды. Жарыс 54, 60, 66, 74 килограмға дейінгі және 90 килограмнан жоғары салмақ дәрежелеріндегі спортшылар арасында өткізіледі. Чемпионат әскери қызметшілер арасында салауатты өмір салтын қолдау мен насихаттауға бағытталған. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты Қазақстан халқына Жолдауында денешынықтыру мен спорт мемлекеттің айрықша назарында болуы тиіс, саламатты өмір салты ұлт денсаулығының кілті болып саналады деген болатын. Бұл жарыс Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 2014 жылға арналған даярлық жоспарына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-қолданбалы, ойын және ұлттық спор…

