Байлықтың буымен мастандыратын ақшалар
Бүгінгі күн "долларды" көтерілуімен есте қалғаны анық. Жұрттың бәрі "Енді не болады?",-деп бір-бірінен сұрап жүр. Мықты экономист маман болмаған соң, қаржылық сауатымыз жоқ болған соң ештеңе атйта алмайсың. Бәрі уақыттың еншісінде ғой. Білгіштер әлеуметтік желі де көпіріп жатыр. Сонда да бүгінгі күнді текке өткізбей ақша жайлы аз-кем қызықты мәліметтер жинап едім, соны сіздермен бөлісейін.
– 1934 жылы АҚШ-та деңгейіндегі банкнот жасалады. Ол әлі де қолданыста бар, тек құндылығы 30 000$-ға түскен.
– 2004 жылдан бастап Америкада алып корпорацияларға өз жарнамаларын доллар банкнотының үлгісінде жүргізуге рұқсат берілді.
– Ресейде алғаш рет 1 рубльлді 100 тиынға теңдей етіп белгілеу 1704 жылы қолға алынды. Оған дейін ешқандай ақшалық бірлік сақталмаған еді.
– АҚШ-тағы ең танымал ақша бірлігі 1-ден 20 долларға дейінгі аралық. Әлемдік деңгейге келгенде алға 100 $ шығады.
– Әлемдегі ең танымал банкнот 500 еуро.
– Алғашқы қағаз ақша біздің заманымыздың 812 жылы Қытайда пайда болған.
– Америка Құрама Штаттарында айналымдағы ақша көлемі ресми деректер бойынша 800 миллиард долларды көрсетеді.
– Френк Х. Макнамара ең бірінші болып кредиттік карталарды жасаушы ретінде белгілі. Достарымен бірге кешкі асқа қалтасындағы ақшасы жетпей қалғаннен кейін осы ойға бекінген екен.
– 1 000 000$ тек 100 $-лықпен жинақталса 10 кг салмақ тартады.
– Доллардың белгісін ($) 1788 жылы Оливер Поллок ойлап тапқан .
– АҚШ-та тірі адамдардың суретін банкнотқа енгізуге жол жоқ.
– Ақшаның ең кір, лас дүние екенін де ұмытпау керек. Бір ғана қағаз ақшада жүз мыңдаған микроб болады.
– Ең көлемді ақша номиналы Түркияның 100 000 лирі.
– Өз бейнесін монеталарға алғаш түсірткен билеуші Александр Македонский.
– Ең ауыр монета ХҮІІІ ғасырда Швецияда жасалыпты. Оның салмағы 19 келі тартқан.
Әрине, ақша туралы азырқанбай көптеген деректер келтіруге болады. Тек оқырмандарымыз тіршілік заңында жазылғандай сол ақша атаулыға құнықпау керектігін қатып қалған қағидасындай жадында сақтаса болғаны
Мәліметтер шет елдік басылымдардан алынған.
P.s
1 млн 964 мың доллорды жаққан
Колумбиялықа Пабло Эмилио Эскобар әлемдегі ең бай, әрі қауіпті қылмыскерлердің бірі болып тарихта қалған адам. Ұлының айтуына қарағанда, Эскобар бір жолы полициядан қашып жүріп, отбасымен бірге тауға тығылған. Әйгілі қылмыскер сол түні 1 млн 964 мың доллорды жағып, қызын жылытқан екен.
