Қазақстандық биатлоншы Ян Савицкий шаңғыдан ізге түсу жарысында 30-дыққа ілікті
Қазақстандық биатлоншы шығысқазақстандық Ян Савицкий Сочидегі қысқы Олимпиадалық ойындарда 12,5 шақырымдық ізге түсу жарысында 29-шы болып келді.
Ян көшбасыдан 2 минут 08,4 секунд кейін қалып, 35 минут 57 секундтық нәтиже көрсетті. Оның жерлесі Сергей Наумик 40 минут 06,5 секундпен 58-ші орынға табан тіреді.
Бірінші және үшінші орындарды француздар Мартин Фуркад пен Жан Гийом Беатрикс иеленді, екінші орында — чех Ондржей (Ondrej) Моравец. Марафонға барлығы 60 спортшы қатысады.

