Евгений Плющенко спорттық мансабын аяқтағанын ресми жариялады
АСТАНА. ҚазАқпарат — Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгений Плющенко бейсенбі күні Сочиде спорттық мансабын аяқтағаны жөнінде ресми мәлімдеді. Танымал спортшы жарақатына байланысты Олимпиаданың ерлер арасындағы жекелей турнирінен шығып қалғаннан кейін осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлады Р-Спорт.
Сонымен қатар ол мәнерлеп сырғанауда қалатынын, шоуда өнер көрсететінін айтты, қазір спортшы жаңа бағдарламасын әзірлеуде.

