Олимпиаданың медальдік есебінің көшбасшылары, 6-күн
АСТАНА. ҚазАқпарат — Сочидегі ХХІІ қысқы Олимпиадалық ойындардың алтыншы күні аяқталды.
Сочидегі қысқы Олимпиадалық ойындардың ресми сайтында хабарланғанындай, 13 ақпандағы жарыстардың қорытындысымен: бірінші орынға 10 медальмен (7 алтын, 2 күміс, 1 қола) Германия жайғасты, екінші орында — 10 медальмен (4 алтын, 4 күміс, 2 қола) канадалықтар, үшінші орынға — 13 медальмен (4 алтын, 3 күміс, 6 қола марапат) норвегиялықтар, төртінші орынға — 12 медальмен (4 алтын, 3 күміс және 5 қола марапат) голландтықтар, бесінші орынға — 12 медальмен (4 алтын, 2 күміс, 6 қола марапат) АҚШ құрамасы ие болды. Ақ Олимпиада-2014 қожайындары — Ресей 11 медальмен (2 алтын, 5 күміс марапат, 4 қола) жетінші орынды иеленді. Қазақстан құрамасында — әзірге медальдар жоқ.

