Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Қарулы Күштерінде қол күресі мен кір қоссайысынан үздіктер анықталды

Алматы қаласындағы 61993 әскери бөлімінің базасында екі жүзден астам әскери қызметшінің қатысуымен қол күрестіру мен кір қоссайысынан жарыс өткізілді. Жарыс армиялық спортшылардың ортасында салауатты өмір салтын насихттау мен спортты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Жарыстың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте кір спортынан Аэроұтқыр әскерлерінің әскери қызметшілері жеңімпаз атанды. Екінші орынды Құрлық әскерлері Әскери институтының спортшылары иеленсе, үшінші орын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскерилеріне бұйырды. Қол күрестіруден алтын үшін болған сайыста «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының спортшылары жеңіс тұғырына көтерілді. Екінші орынды 14776 әскери бөлімінің әскери қызметшілері еншілесе, үшінші орынды Құрлық әскерлері Әскери институтының спортшылары иеленді. ҚР ҚМ Б…

0
0
275

ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясы Аэроұтқыр әскерлерін инспекциялауда

ҚР Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының жоспарына сәйкес 2014 жылғы 3 ақпаннан бастап Аэроұтқыр әскерлерінің Алматы гарнизонында шоғырланған бірнеше әскери бөлімдеріне инспекциялау жүргізілуде.

Тексерістің мақсаты бөлімдердің қойылған тапсырмаларды белгіленген мерзімде орындау мүмкіндігін анықтау. Сондай-ақ қару-жарақ пен әскери техниканың жай-күйін тексеру. 2014 жылғы 12 ақпанда түске дейін 61993 әскери бөлімінің (Қазақстан бітімгершілік бригадасы) автомобильді және бронды техникасы белгіленген ауданға (70 разъезд, әскери бөлімге таяу жерде) шығарылып тексерілді. 2014 жылғы 12 ақпан сағат 14.30-да барлық техника сақтау орнына оралды.

Тексеру жұмыстары бөлімнің тұрақты орналасқан аумағымен бірге далалық жағдайларда да (оқу орталықтарында) жүргізілуде.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
484

Ардагерлерді ардақтайық!

Оказание помощи ветеранам и пожилым людям стало доброй традицией активистов Северо-Казахстанской области. Инициатива продолжает набирать обороты, активисты территориальных филиалов на сегодняшний день совершают регулярные выезды, с оказанием помощи. В Жамбылском районе Северо-Казахстанской области, на сегодняшний день осталось 14 ветеранов, к ним активисты МК «Жас Отан» совершают регулярные выезды, помогая в домашних и бытовых делах. На этой неделе посетили 3-х ветеранов ВОВ: Тимошенко Алексей Григорьевич, Савинков Василий Максимович. Активисты почистили снег, накололи дров, натаскали угля, принесли воды. Следует отметить, что ветераны всегда радушно встречают Жасотановцев. «В дальнейших планах увеличить охват, чтобы ни один нуждающийся не остался без внимания. Мы молодое поколение, должн…

0
0
584

Ресей Федерациясының Бас прокуратурасында көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері бойынша дөңгелек үстел болып өтті

Мәскеу қаласында «Әуе, темір жол және су көліктерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Оның жұмысына ресейлік және қазақстандық көлік прокуратураларының, Ресей Федерациясының көлік саласындағы атқарушы биліктің федералдық органдарының басшылары, Мемлекетаралық авиациялық комитеттің, «Ресей теміржолдары» ААҚ басшылары қатысты. Қазақстандық тараптан Бас көлік прокуроры Ы.Тілеуғалеев қатысты.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/resey-federaciyasynyn-bas-prokuraturasynda-koliktegi-kauipsizdikti-kamtamasyz

0
0
335

Браконьерлікпен күрес шараларын жүргізу жөнінде

2014 жылдың 11 ақпанында «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің батыс өңірлік филиалының  инспекторлары топтары киікті қорғауға бағытталған жедел іс-шараларды жүргізу барысында Қызылорда облысы Арал ауданы Мастат елді мекені тұсында осы ауданға қарасты Ақбай (Бекбауыл) ауылының тұрғынын заңсыз аңшылықпен айналысып жатқан жерінен ұстады.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-68/

0
0
275

Сахна саңлағы

«Егемен Қазақстан», 13.02.2014 Қазақ сахнасының айтулы тұлғасы, аналар бейнесін жасаудың өлшеміне айналған, КСРО және Қазақ КСР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сәбира Майқанованың 100 жылдығы ел­ор­дадағы Ұлттық кітапханада аталып өтті. Сыр өңірінен түлеп ұшқан сахна саңлағы өткен ғасырдың 30-жылдарынан қазақ театрының қалыптасуына өзіндік үлесін қосумен қатар, танып-біле алсақ Сәбира Майқанова үлгісін қалыптастырды. Оның тұңғыш рөлі Бейімбет Майлиннің «Майдан» дра­ма­сындағы Алтынай болса, одан кейінгі жерде М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, С.Мұқанов, өзге де қаламгерлердің пьесаларындағы алуан түрлі бейнелерді сахна төріне шығарды. Ұлы әртістің Шыңғыс Айт­ма­тов­тың «Ана – Жер-Анасындағы» Тол­ғанай бейнесі көргендердің көзайымына айналып, кейінгілердің «көрмедік-ау!» деген арманы бол…

0
0
610

17 ақпан күні «31 арнада» «Сен келерсің» атты жаңа телехикая көрерменге жол тартады

Бұл – бір отбасының тағдырын суреттеу арқылы Үндістандағы күллі мұсылмандар өмірін бейнелейтін ерекше оқиғаға толы фильм. Хикаяда қаншама қиындықты бастан кешірсе де мойымай, жауласқан екі отбасын татуластыра алған, анасының өлімінің құпиясын анықтап, әкесін және махаббатын тапқан өжет қыздың басынан өткендері баяндалады. Өмірлік құндылықтарды ұлықтайтын адал жандар туралы баян. Үндінің драмалық телехикаясының басты кейіпкерлері – сенім мен махаббатты ту етіп көтерген жандар. Олар Алланың ақ жолында түсіп, өзара түсіністік пен татулықта өмір кешкісі келеді. Ұзақ жылдар бойы тағдырдың жазуымен бөлек тұруға мәжбүр болған ағайынды Асад пен Аян – бұл фильмнің басты кейіпкерлерінің бірі. Алшақ өмір сүргенмен жүректері бірін-бірі аңсайтын екі бауырды ешкім ажырата алмайды. Жалғандық пен сатқынд…

0
0
4449

Қоршаған ортаны сақтау жауапкершілігін көрсететін инфографика

Carbon Visuals британиялық дизайн-бюросы қоршаған ортаны қорғау бойынша инфографика жасады. Ол әр компанияның қоршаған орта алдындағы жауапкершілгін көрсетеді. Инфографика University of Colorado at Boulder (UCB) қызметкері Ричард Хидтің (Richard Heede) зерттеуі негізінде жасалды. Зерттеу «1854 жылдан 2010 жылға дейінгі аралықта жанармай, цемент өндірушілердің көмірқышқыл газы мен метан қалдықтарын ауаға тастауы» тақырыбына арналған. Хид жүргізген талдауда, дәл қазіргі кезде әлем бойынша жанғыш материалдар өндірудің 63%-ы 90 ірі компанияға тиесілі. Оларға 50 жеке компания, 31 мемлекеттің қатысуымен басқарылатын компания және 9 мемлекеттік корпорациялар жатады. Жетекші мұнай өндіруші компанияларға американдық Chevron мен Exxon Mobil, Сауд Арабиясынан SaudiAramcо, британдық BP және ресейлік…

1
0
907

Астанада «Реалдың» академиясы ашылуы мүмкін

Астанада мадридтік «Реал» командасының футбол академиясы ашылуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz спорт порталы «Астана» командасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды дейді Tengrinews.kz. Осы мәселеге байланысты кеше Астана футбол федерациясы мен «корольдік клуб» басшылары арасында келіссөз өткізілді. Кездесу Астанада өткен. Мадридтіктердің сапынан бұл жиынға клубтың техникалық директоры Пабло Гомес Ревенга мен команданың оқыту жүйесіне жауапты Мануель Паррено Родригес қатысты. Келіссөз барысында алға қойылған басты мақсат – «Реал» командасының академиясын Астанада ашу болды. Бірақ, жиында қос тарап қандай шешімге келгені белгісіз. Айта кетейік, бүгінде «Реал» академиясы әлемнің 68 елінде жұмыс істеп жатыр. Тектес:Астана, Реал Мадрид, Футбол Осы жердесіз: Негізгі бет » Спорт » Спорт…

0
0
619

Елсияр Қанағатов: «Галышеваның спортта қалуына барлық жағдайды жасаймыз»

Қазақстандық фристайлшы Юлия Галышеваның спортта қалып, әрі қарай жаттығуына барлық жағдай жасалынады. Бұл туралы ҚР спорт және дене шынықтыру агенттігінің төраға орынбасары Елсияр Қанағатов BNews.kz сайтына берген сұхбатында айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz «Фристайл спортының могул түрінен жүлде аламыз деп жоспарладық. Галышеваны төрешілер әділетсіз бағалады. Мен шағым жазып, жағдайды соңына дейін анықтадым. Бірақ, маған төрешілердің ұпайына шағым жазылмайтындығын айтты. Олар қалай шешсе, солай болады екен. Басқа жолы жоқ», — деді Елсияр Қанағатов Сондай-ақ, агенттіктің төраға орынбасары Галышеваның спорттан кетемін деп айтқаны асығыс шешім екенін де айта өтті. «Юлия «спорттан кетемін» деп эмоцияға беріліп асығыс айтып қойған сияқты. Бұл мәселе тұрғысында біз облыстық басшылықпен келі…

0
0
674