Денис Тен — Eurosport телеарнасының қонағы
АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан үшін осынау үлкен додада қола медаль алып бергеніме қуаныштымын. Бұл туралы жексенбі күні кешке Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен Eurosport телеарнасының тікелей эфирінде сұхбат беру барысында мәлім етті. «Әрине, мен өз еліме қола жүлде жеңіп алғаныма қуаныштымын. Осы жарысқа төрт жыл тынбай дайындалдым. Қазақстандықтар және менің жанкүйерлерім үлкен қолдау айтуда. Әрине әлем чемпионатынан кейін психологиялық қысым болды, бірақ мен отандастарымның үмітін ақтағаныма қуанамын. Қазақстан үшін осынау үлкен додада қола медаль алып бергеніме қуаныштымын», — дейді ол. Оның айтуынша, Олимпиада барысында іштей үлкен жауапкершілікті сезінген. «Жарыстың екінші күнінде мен өз-өзіме қатты күш түсірмеуге тырыстым. Бұдан да үлкен қысым барын түсіндім. Жалпы жақс…

Оныншы ақпанға дейін, араға күн салып болмаса ай салып арзандай бастаған телефондар енді өз бағаларын қайта көтеруде. Әлеуметтік желіге кіретін, сақтау бөлшегі көп, ішінде ерекше құрылғылары бар ұялы байланыс құралдары енді құлдилаған бағаны қайта көөкке көтеруге мүмкіндік алды.