Мазмұнға өту

Жаңа

«Бабалар сөзі» қазақ фольклорының 100 томдық топтамасының тұсаукесер рәсімі туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында орындалған 100 томнан тұратын «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклоры топтамасының тұсаукесер рәсімін өткізді.

Шараның басты мақсаты – халқымыздың ұлттық мақтанышы саналатын аса бай фольклорын қалың жұртшылыққа, ел-жұртқа толықтай таныстыру, фольклорымыздың түр жағынан да, мазмұн жағынан да, жанрлары мен көркемдігі жағынан да баға жетпес асыл мұрасын бүкіл жаһанға паш ету.

Қазақ фольклоры – халықпен бірге жасасып келе жатқан зор руханият. Ол – қазақ қоғамы үшін бұрын да, қазір де үлкен мәдени, тарихи тағылымға толы танымдық рөл атқарушы рухани күш. Баяғы дәстүрлі қоғамда фольклор  әрі әдебиеттің, әрі өнердің, әрі педагогиканың қызметін атқарған. Сол себепті фольклорда қазақ этносының дүниетанымы, философиясы, этикасы, эстетикасы, тарихы айшықты да анық көрініс тапқан.

Фольклор – тек мұра ғана емес. Ол – қазіргі рухани мәдениетіміздің қайнар көзі және ажырамас бөлігі. ХХ ғасырда туып, дамыған профессионалды өнеріміз бен әдебиетіміз осы фольклордан нәр алған. Өткен жүзжылдықта классиктеріміз Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, бүгінде Әбіш Кекілбайұлы сынды атақты қаламгерлеріміз фольклор сюжеттері мен мотивтерін асқан шеберлікпен өз шығармаларына арқау еткені белгілі. Театрымыз да, киномыз да осы фольклордан сусындағаны тағы аян.

Алайда, осыншама құнды руханиятымызды жариялау мен зерттеу ісінде ХХ ғасырда, Кеңес өкіметі кезінде сыңаржақ, солақай идеология мен саясаттың кесірінен көп қателік орын алды. Небір жауһарларымыз «халыққа жат», «байшыл, діншіл, ұлтшыл» деп бағаланып, оларды жарыққа шығаруға, ғылыми тұрғыда зерделеуге тыйым салынды. «Таптық», «атеистік», «интернационалдық» принциптерінің салдарынан бүкіл діни дастандарымыз, көптеген тарихи жырларымыз, халық нанымы мен сенімдеріне байланысты туған шығармаларымыз жабулы жатты.

Рас, қазақ фольклорының үлгілері Кеңес өкіметіне дейін де, Кеңес өкіметі тұсында да жарыққа шығып жатты. ХІХ ғасырда В. Радлов,
Г. Потаниндер, И. Ильминский, В. Катаринскийлер біздің фольклорды жеке жинақ етіп те, жеке кітап түрінде де жариялады. Бірақ олар әр мақсатта жинағандықтан фольклордың жекелеген шығармаларын ғана қамтыды. Радлов пен Потанин ғылыми мақсат қойып, фольклордың әр жанрынан жекелеген шығармаларды бастырса, Ильминский мен Катаринскийлер миссионерлік мақсатта жариялады.

Кеңес өкіметі кезінде де көп уақытқа дейін фольклор сериялы түрде жарияланған жоқ. Жекелеген жинақтар, кітаптар болды. Ә. Бөкейханов,
А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, М. Әуезов, т.б. фольклор шығармаларын арнайы том немесе жеке кітап түрінде жарыққа шығарды.

Қазақ фольклорының үлгілерін тұтас серия түрінде жариялау 1950 жылдардың ІІ жартысында басталды. 1958 жылы 7 кітапша болып, содан соң үлкен том түрінде 4 батырлық жыр, 3 ғашықтық жыр жарық көрді («Алпамыс батыр», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман – Шолпан»). Осы шығармалар жеке де, бірге де 1980 жылдарға дейін үнемі қайталанып шығып жүрді.

Ұлттық фольклорымызды көп томдық етіп жариялау ісі тек өткен ғасырдың сексенінші жылдары қолға алынды, бірақ онда да фольклорды толық күйінде шығару мүмкін болмай, 17 томмен аяқталды.

Фольклордың бағы Тәуелсіздік жылдары жанды. Президентіміз           Н. Назарбаевтың тікелей бастамасымен қолға алынған «Мәдени мұра» бағдарламасының арқасында ұлттық фольклорымыздың басым көпшілігі біртұтас серия түрінде «Бабалар сөзі» деген атаумен 100 том көлемінде жарыққа шығып отыр.

Мәселен, батырлық жырдың өзі – 20 том, тарихи жыр – 13 том, діни дастандар – 7 том, хикаялық дастандар – 13 том, ғашықтық дастандар –
8 том, ертегілер – 5 том болып шықты. Бұлар – ірі жанрлар. Шағын жанрлар   1-3 томнан тұрады. Осыншама қыруар еңбекті абыроймен атқарған –     М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен Астанадағы «Фолиант» баспасы. Дәлірек айтқанда, аталмыш институт мамандары алыс-жақын шетелдерден жиналған және Институт қорында қашаннан жинақталған қыруар қолжазбаларды сұрыптап, жүйелеп баспаға ұсынса, «Фолиант» баспасы сол еңбектерді жоғары кәсіби шеберлікпен, заманауи талап-талғамға сай көркем де келісті кітаптар етіп жарыққа шығарды.

Фольклор барлық елде бар. Көптеген ел оны жинап, жариялап, зерделеуде. Алайда дәл 100 том етіп, ұлттық байлықты бір жерге топтап, жүйелеп, ғылыми шарт негізінде текстологиялық жұмыс жүргізіп, академиялық басылым ретінде 100 том етіп жарыққа шығарған мемлекет әлі жоқ. Кейбір ТМД елдерінде енді басталып жатыр.

Тұсаукесер Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің құттықтау сөзімен ашылды. Одан әрі «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Фольклор секциясының жетекшісі, академик Сейіт Қасқабасов, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Уәлихан Қалижанов, Түркі академиясы президентінің кеңесшісі Шәкімшәріп Ыбраев, түркиялық фольклоршы-ғалым Надзе Илдус ханым, ирандық фольклоршы-ғалым Жаһангир Карини сөз алып, ұлттық мәдениетіміздің әлемдік деңгейдегі осынау теңдессіз жобасы жайында пікірлерін ортаға салды.

Шараға Парламент депутаттары, министрліктің басшылары мен мәшһүр ғалымдар, атақты жазушылар, ақындар, белгілі қоғам қайраткерлері мен оқырман қауым қатысты.

Тұсаукесер аясында «Мәдени мұра» бағдарламасы Қоғамдық кеңесінің «Фольклортану, әдебиеттану және өнертану» секциясының жетекшілігімен шыққан кітаптардың көрмесі ұйымдастырылды.

 
0
0
3331

О презентации беспрецедентного, не имеющего аналогов в мире, издания 100-томной серии казахского фольклора «Бабалар сөзі»

Министерство  культуры  и  информации РК провело презентацию 100-томной серии казахского фольклора «Бабалар сөзі», выпущенной в рамках Государственной программы «Культурное наследие», инициатором которой является Президент Республики Казахстан Н.А. Назарбаев.

Главная цель мероприятия – представить наш богатейший 100-томный Свод казахского фольклора – национальную гордость, широкому кругу общественности, казахскому народу, известить мировое сообщество о беспрецедентном издании этой серии.

Казахский фольклор – великое духовное богатство, сосуществующее вместе с народом. Во все времена он отражал думы, воззрения, чаяния народа, его культурные и исторические традиции и выполнял большую познавательную роль. В традиционном обществе прошлых веков фольклор выполнял функцию и литературы, и искусства, и педагогики. Поэтому исторические предания, легенды и другие многочисленные жанры фольклора отражают основные эпохи и значимые события, в них ярко и четко выражены мировоззрение, философия, этика, эстетика, история казахского этноса.

Фольклор – это не только наследие прошлого. Фольклор – источник и неотъемлемая часть нашей современной духовной культуры. Получившие интенсивное развитие в ХХ веке профессиональное искусство и литература впитали в себя истоки народного фольклора. Известно, что в прошлом столетии наши классики М. Ауезов, Г. Мусрепов и другие, а в наши дни такие известные корифеи литературы, как А. Кекильбаев, с особым мастерством делали фольклорные сюжеты лейтмотивом своих произведений. И театр, и кино пронизаны духом фольклора.

Однако в ХХ веке, в эпоху социализма, в публикациях и исследованиях столь ценного духовного богатства, как фольклор, из-за неправильной идеологии и политики имело место множество ошибок. Выдающиеся жемчужины народной мудрости интерпретировались как «чуждые народу», подвижников фольклора называли «приспешниками богачей, религиозными националистами», были запрещены публикации и научное исследование фольклорного наследия. Из-за «классового», «атеистического», «интернационального» принципов все религиозные дастаны, многие исторические эпосы, произведения, связанные с народными верованиями и убеждениями, были преданы забвению.

Однако имели место некоторые исключения, когда образцы фольклора публиковались и до советской эпохи, и во время ее существования. Так, в ХІХ веке В. Радлов, Г. Потанин, И. Ильминский, В. Катаринский публиковали казахский фольклор в виде сборников и книг. Но они собирали и изучали фольклор, зачастую преследуя собственные цели, поэтому затрагивали только отдельные образцы народного наследия. Радлов и Потанин печатали отдельные произведения различных жанров в научных, а Ильминский и Катаринский – в миссионерских целях.

На протяжении многих лет фольклор не издавался в серийном виде. Существовали отдельные книги, сборники.  А. Букейханов,  С. Сейфуллин, М. Ауезов и др. выдающиеся представители казахской литературы выпустили в свет произведения фольклора в виде специального тома или отдельных книг.

Публикация образцов казахского фольклора в виде целой серии началась со второй половины 1950 годов. В 1958 году увидели свет 7 книг, позже в виде больших томов были изданы 4 героических, 3 любовных эпоса («Алпамыс батыр», «Қобыланды», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман – Шолпан»). Эти произведения и по отдельности, и в общих сборниках регулярно печатались до 80-х годов ХХ столетия.

Работа по выпуску в свет национального фольклора в виде многотомника была начата лишь в восьмидесятые годы, однако было издано только 17 томов.

И только в годы Независимости было начато комплексное изучение и издание казахского фольклора. Благодаря реализации Государственной программы «Культурное наследие», инициированной Президентом Республики Казахстан Н.А. Назарбаевым, большая часть нашего национального фольклора увидела свет в 100 томах под названием «Бабалар сөзі» («Наследие предков»). Например, только героический эпос составляет 20 томов, исторический – 13, религиозные дастаны – 7, новеллистические дастаны – 13,  любовные дастаны – 8, сказки – 5 томов. Это все крупные жанры фольклора. Жанры поменьше состоят из 1-3 томов.

Столь колоссальный труд достойно проделали Институт литературы и искусства имени М. Ауезова и издательство «Фолиант» из г. Астана. Точнее сказать, специалисты данного института систематизировали огромное количество рукописей, собранных из стран ближнего и дальнего зарубежья и накопленных в фонде института, затем представили их в издательство. «Фолиант» выпустил в свет эти труды с высоким профессиональным  мастерством, в соответствии с современными требованиями книгоиздания. В итоге увидела свет красочно оформленная и качественно исполненная полиграфически 100-томная серия «Бабалар сөзі».

Фольклор существует у всех народов. Многие страны собирают, публикуют, исследуют его. Но на сегодняшний день в мире нет государства, которое собрало и систематизировало все свое национальное богатство, провело на основе научных исследований огромную текстологическую работу и  выпустило в свет в виде академического издания 100 томов национального фольклора. В некоторых странах СНГ эта работа только начинается.

Презентация началась с поздравительной речи министра культуры и информации Мухтара Кул-Мухаммеда. Свое мнение о данном беспрецедентном в мировом масштабе проекте национальной культуры выразили руководитель секции «Фольклор» Государственной программы «Мәдени мұра» академик Сейит Каскабасов, директор Института литературы и искусства им. М.Ауезова Уалихан Калижанов, советник президента Тюрской академии Шакимшарип Ибраев, турецкий ученый-фольклорист госпожа Надзе Илдус, иранский ученый-фольклорист Жахангиру Карини.

В мероприятии приняли участие депутаты Парламента, руководители министерств, выдающиеся ученые, известные писатели, поэты, общественные деятели и читательская аудитория.

В рамках презентации организована выставка книг, изданных под руководством секции «Фольклороведение, литературоведение и краеведение» Общественного совета Государственной программы «Мәдени мұра».

0
0
555

Уолл-Стрит туралы екі сөз...

Скотт Паттерсон және Мартин Скорьезе. «Уолл-Стрит журналының» журналисі мен әлемдік танымалдылыққа ие режиссердің қандай байланысы бар? Шығармашылық қабілеттен бөлек. Уолл-Стритт. Бұл сөзді білмейтіндер кемде-кем шығар. Ал маған беймәлім дейтіндерге дәл осы екі адамның туындыларымен танысуды кеңес береміз. Тек қана бұл емес. 2007-2008 жылдардағы  қаржы әлемінің азулыларын есеңгіретіп тастаған дағдарыстың тууына себеп болған қандай күш?  Университет қабырғасындағы «көзілдірікті» физиктен Уолл-Стриттің ең ықпалды тұлғасына қалай айналуға болады? Және покер ойнаудың қандай пайдасы бар? Бүкіл әлемдегі сан мыңдаған ақша айналымдарының негізгі иелері туралы шындық жоғарыдағы аталған адамдардың еңбектерінде.

сурет сайтынан алынды - http://www.ntv.ru/novosti/574876/

Скотт Паттерсон«Кванттар . Математиканың сиқыршылары миллиардтар табу жолында қалай  фонд нарығын құрдымға кетіре жаздады?»

Кванттар- түйінін шешу мүмкін еместей көрінетін ең қиын математикалық модельдердің көмегімен қор нарығында естен тандырарлықтай жетістікке жеткен тұлғалар. Математика, физика - өте жоғарғы интеллектуалдық деңгейді қажет ететін ғылымдар. Кванттар  осы ғылымдардағы алгоритмдік моделдерді  экономикаға әкелді. Физиканың инерция заңы, Броун қозғалысы тәрізді  теориялар   бағалы қағаздар мен облигацияларды сату, сатып алу процесіндегін басты рол атқарушы тетікке айналады. IQ-лерінің қанша екендігі белгісіз бұл «тұлғалар» шын мәнінде құнды қағаздар мен несиелер әлеміне өздерін мойындата алды. Мүлтіксіз жұмыс істейтін жүйе дайын. Бар болғаны бірер минуттың ішінде миллиондаған көк қағаздардың иесі атануға әбден болады. Тіпті сәттілік ең басты қаруы деп саналатын казино ойындарының "королі" атануға мүмкіндік бар. Осы сәтте ойынға "Ұлы мәртебелі Құнығу" қосылды.   Сіз бен біздің депозиттегі теңге мен долларларымыздың аман қалпында өсе беруне не бірер уақыттың ішінде банктің өзімен бірге банкроттыққа тап келуне де сол «тұлғалардың» қанағатсыздық пен құнығу сезімдерін қалай тізгіндей алуы себеп.  Уолл-Стрит аталатын казино ойынындағы сәттілік өздері құрған жүйенің кемшілігін көруге мұрсат бермейді. 2008-дегі дағдарыстың орын алуына да аталған фактордың  әсер еткені де рас. Себебі, сіз  Уолл-Стритті бағындырамын деп келгеніңізбен, қаржы мен авантюра әлемінің кезекті тұтқынан айналып үлгересіз. Кітап осыны баяндайды. Аталған туынды жарық көрісімен-ақ әлемдік бестселлерге айналды. Журналистік зерттеу жанрындағы баға жетпес дүние.

 

сурет сайтынан алынды http://www.hopesandfears.com/


Кітапты бастаған кезде менің экономикадағы  бастауыштық білімім болған  жоқ. Бірақ, аудармадағы  әр сөйлемі арқылы автордың нағыз америкалық психологиясын жеткізуге тырысқан шеберлік пен  қалайда аяқтауым керек деген мақсат жолындағы сабырлылық  арқылы соңғы бетті жаптым.

Журналистік зерттеу жанрының білгірі болғысы келген әріптестерім үшін тек қана Жазғы Ойын түрлерін сүйіп көретіндерге Қысқы Олимпиаданы көру тәрізді. Қарамасаң да болады, бірақ ақ қардың үстінде тақтайшасымен бас айналдырарлық трюктер жасап, көк мұзды ерітіп жіберліктей шыр көбелек айналған спортшыларды көргенде еріксіз Шымбұлаққа шығып, теледидардағы адреналинді өзің сезінгің келеді.  Үйренуге ұмтылатын тағы бір белес. Әр ойынды көрген сайын спорт әлемін тереңірек ұғына бастаған сайын, кітаптың әр парағын ашқан сайын журналистік зерттеуден туған дүниенің  әрбір "тамшысының" қаншалықты еңбекпен келгенін түсінесіз. Шын  мәнінде, 60-жылдардың ортасынан бастап математика мен экономиканың арасына жол салған, «кванттардың» атасы Эд Торптан бастап  21 ғасырдың алпауыттары туралы түгелге жуық хабар береді. Жүздеген сұхбат, сары майдан қыл суырғандай алынған құпия мәліметтер. Олай болмағанда ше?  Әлемдік дағдарыстың шындығы-алақандай кітапта.

сурет сайтынан алынды http://good-zona.ru/publ/kriminal/volk_s_uoll_strit/19-1-0-7133

Мартин Скорьезе. «Уолл-Стриттен шыққан қасқыр» Соңғы жылдағы ең даулы фильм. Дөрекі сөздерді тым көп қолданғаны үшін және анайы көріністердің шамадан тыс болуына байланысты бірқатар елдерде тыйым салынған. Мұны кітапқа берілген иллюстриация тәрізді қабылдадым. Әйгілі "Қара дүйсенбіден" кейін брокерлік жұмысынан айырылған  Джордан Белфорт  өзінің компаниясын ашады. Алаяқтық жолмен аз ғана уақыттың ішінде Манхэттің жартысы қабылдайтын нашаны бір күнге ғана жеткізетін, компания қызметкерлері үшін жалаңаш «қыздардың» гаремін әр апта сайын ұйымдастыруға дайын, қоқыс жәшігі умаждалған долларға толы, сондай-ақ қолма-қол ақша төлегеніне намыстанатын әйелі мен екі баласы бар миллиардерге айналады.

3 сағат болғанына да қарамастан бір деммен көз алмастан қарап шығасыз. Харизма, ораторлық қабілет және қаржылық білім. Уолл-Стритте жетістікке жетудің екінші бір кілті.  Американдық қалжың, американдық өмір сүру дағдысы, американдық стиль. Досым айтқандай, 3 сағат сіздің бойыңыздағы барлық «ұлттық» деген статусқа сай қасиеттеріңізді өлтіреді. 3 сағаттық фильмнен кейін 3 күн бойы сіздің қазіргі өмірге үйрене алмай жүруіңізде мүмкін. Бұл - Уолл-Стрит.  Кітапта қаржылық жүйенің құрдымға кете жаздауының себебі барынша тереңірек ұғындырылған, тәтті өмір туралы ертегі де сізді тарта түседі.

Кітапты оқып, фильмді көріп шыққан соң, Уолл-Стритке қатыстының барлығы сізді қызықтыратыны анық. Ал мораль? Ол сіздің еншіңізде. Олар тек баяндайды. Қорытынды шығарушы тек өзіңіз.ni


 
1
2
2121

Қазақ боксшылары төрт ел турнирiнiң жеңiмпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстанның бокс құрамасы Астанада өткен төрт ел турнирiнiң жеңiмпазы атанды.

Соңғы кездесуде бүгiн ұлттық құрама Ресей командасымен жұдырықтасып, 7:3 есебiмен басым түстi. Бұның алдында қазақстандық боксшылар Өзбекстан құрамасын 7:3 есебiмен, Ұлыбритания командасын 8:2 есебiмен тiзе бүктiрген болатын.

Құрама командалардың қатарында әлем чемпионаттарының бiрнеше дүркiн жүлдегерлерi, өз елдерiнiң ең мықты боксшылары кiргенiн айта кетейiк. Қазақстан сапында Бiржан Жақыпов, Ерлан Тамемов, Қайрат Ералиев, Берiк Әбдiрахманов, Алмасбек Әлiбеков, Айдар Әмiрзақов, Данияр Елеусiнов, Сапарбай Айдаров, Әдiлбек Ниязымбетов, Жан Кособуцкий сынды спортшылар өнер көрсеттi.

Басты сөздер: Спорт
 
0
0
762

Сочи Олимпиадасы: Полторанин мен Чеботько командалық спринтте 8-орын алды

СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық шаңғышылар Алексей Полторанин мен Николай Чеботько Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарында командалық спринт бойынша 8-орынға табан тіреді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» агенттігінің тілшісі.

Олар 6 айналымдық жарыс жолында 24:01.38 уақыт көрсеткішімен мәре сызығын кесті.  Бұл сында 23:14.89 үздік уақыт көрсеткен Финляндия спортышларының мерейі үстем болды. Күміс медаль Ресей спортшыларына бұйырды, ал үшінші орынға шведтер жайғасты.

Еске сала кетейік, 2013 жылы Италияда өткен әлем чемпионатында қазақстандық қос шаңғышы командалық спринтте қола медаль иеленген болатын. Сочиде осы сында 23 команда қатысты.

Басты сөздер: Олимпиада , Спорт
 
0
0
296

Конькишi Роман Креч ел үмiтiн ақтай алмаған спортшыларға араша түстi

СОЧИ. ҚазАқпарат — Сочи Олимпиадасында 500 метрлiк сайыста 7-орын алған қазақстандық конькишi Роман Креч, ел үмiтiн ақтамаған спортшыларға араша түстi.

«Спорт басшыларына, жанкүйерлерге және журналистерге ең алдымен асығыс қортынды жасамауды, сонымен қатар үмiт күттiрген спортшыларды Олимпиададағы сәтсiздiктерiне бола жазғырмауды сұраймын. Себебi бiздiң барлығымыз ет пен сүйектен жаратылған адамбыз, бәрiнен жақсы бiлетiн өз iсiңде сүрiну қандай қиын екендiгiн бiлемiз. Қателiктердiң арқасында үйренемiз. Осындай қиындықтар спортшыларды шыңдай түседi. Барша қауым сенен жүлде күтiп, спортшыларға қосымша жауапкершiлiк артқан тұста, жүйкеге үлкен ауыртпалық түседi», — дедi ол бүгiн Сочидегi қазақстандық спортшылардың үйiнде.

Роман Креч бұл додада айтарлықтай көрсеткiштерге қол жеткiздi. Одан медаль күтпегенмен, ол өзiнiң Ванкувердегi жетiстiгiн жақсарта алды. 2010 жылы өткен сол Олимпиадада 500 метрлiк қашықтыққа жарысуда ол тек 34-орын алған едi. Биыл осы сайыста Р. Креч жалпы есепте 7- орынға ие болды.

«Мен үшiн үлкен қуаныш болды. Көптеген құттықтаулар келiп жатты. Тiптi, күтпеген адамдар да қуанышымды бөлісті. Сенiң еңбегiң еленiп жатса, қуаныш еселене түседi екен. Бұл жарысты жаттықтырушылармен бiрге өзiмнiң ең жақсы дайындығыммен өткергенiме ризамын. Менiң соңғы екi маусымым тұрақсыз өттi, қаншама кiдiрiстер болды. Жарты жыл бұрын мен иығымды сындырып алғанмын. Дегенмен оған қарамастан Сочиде спринт жарысында 7-орын ала алдым. Әрине бұл нәтиже жарыс тұрғысынан келгенде түкке тұрмайды. Менiңше, бiз әлi мiнберге шығамыз, жүлдеге iлiгемiз. Бiр күннiң көрсеткiшiне емес, барлық процесс қалай өрбiп жатқанына мән беру керек», — дедi ол сөз соңында.

Басты сөздер: Олимпиада , Спорт
 
0
0
361

Сочи-2014: Қазақстандық команда биатлоннан аралас эстафета бойынша 15-орында

СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық команда биатлоннан аралас эстафета бойынша 15-орын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпараттың» тілшісі.

Онда екі қазақстандық спортшы Елена Хрусталева мен Дарья Усанова алты шақырымды жүріп өтіп, эстафетаны 7,5 шақырымда жалғастыратын  Ян Савицкий мен Антон Пантовқа беру керек.

Алтын жүлдеге бұл сайыста норвегиялықтар ие болды. Күміс жүлдені чехтар иеленсе, қолаға итальяндықтар қол жеткізді.

 
Басты сөздер: Олимпиада , Спорт
 
0
0
388

Австралиялық боксшы Дэниэл Гил Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды

АСТАНА. ҚазАқпарат — 32 жастағы австралиялық боксшы өзінің отандасы 35 жастағы Гарт Вудты жеңгеннен кейін WBA и IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді жекпе-жекке шақырды.

«Жігіттер, Головкин келесі қарсыласым болады деген сенімдемін.  Мен тағы да қос чемпиондық титулды Австралияға әкелемін», деген  Дэниэл Гилдің сөзін келтіреді Tofight.ru сайты.

Оның отандасымен кездесуі Сиднейде өтті.  Вуд үш рет — бірінші, бесінші және алтыншы раундта нокдаун алды. Төрешілер алтыншы раундтан соң жекпе-жекті тоқтатты.

Айта кетер жайт, Дэниэл Гил 26 ақпанда кездесе де алар еді. Бірақ ол бұл  жекпе-жек Австралияда көрсетілмейтін болған соң бас тартқан.

Сондай-ақ  австралиялық қарсыластарының бәрін сыпыра жеңген, 29 кездесудің 26-сын нокаутпен ұтқан қазақстандықпен кездесуден қашпайтындығын атап өтті.

Дегенмен Геннадийдің  жаттықтырушысы Абель Санчес  26 ақпандағы жекпе-жек ирландиялық Энди Лимен арада болуы  ықтимал деген пікірін білдіріп отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Басты сөздер: Спорт
 
0
0
321

«Қазақ елі».

«Қазақ елі». За или против?!

Повсюду, в средствах массовой информации, в Интернете, бурно обсуждается тема переименования нашей страны, журналисты опрашивают население, молодежь голосует и т. д.

Конечно – ДА! Большое ДА!

Сейчас – Мы – многонациональный народ, мир и уважение – наша привилегия. Дружба и братство бывших союзных республик привело нас к многонациональности.

Наша Республика сейчас, в 21 веке – это сплав культур и национальностей, мы все здесь друг другу – брат, сват и родня.

«Қазақ елі» - это – память, это – напоминание нашим потомкам, что сотни лет на этой земле жил казахский дружелюбный народ с домброй, юртами, степными песнями и со своей верой.

И поэтому, «Қазақ елі» - это в точку, на вечную память нашим потомкам о нас.

 

Орталық коммуникациялар қызметінде Қаржы полициясы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Лукин брифингке қатысты

2014 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Андрей Иванович Лукин, «Трансперенси Интернешнл» Қоғамдық қорының Қамқорлық кеңесінің төрайымы Наталья Николаевна Малярчук және ҚР ЭСЖКА (қаржы полициясының) ресми  өкілі Жұманбай Мұрат Ақтайұлының қатысумен «Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және шағын және орта бизнес субъектілерін қорғау бойынша тапсырмаларын іске асыру» тақырыбында брифинг өткізілді.

Қаржы полициясы агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.И.Лукиннің сөз сөйлеуінің мәтінімен келесі сілтеме арқылы таныса аласыз:http://finpol.gov.kz/kaz/info/vist/?cid=0&rid=10443

 
0
0
300