Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сочи Олимпиадасы: Инна Симонова 1000 метрлік жарыстың жартылай финалына өте алмады

СОЧИ. ҚазАқпарат — 23 жасар шорт-трекші Инна Симонова Сочи Олимпиадасында 1000 метрлік жарыстың жартылай финалына өте алмады.

Ол екінші төрттік құрамында Корея, Польша және АҚШ спортшыларымен бірге жарыс жолына шыққан болатын. Сайыстың орта тұсында америкалық Эмили Скотт пен польшалық Катерина Новотка бір-біріне соғылып құлап қалды. Иннаға екінші орын алып, келесі турға өту мүмкіндігі туды. Алайда жерлесімізді америкалық спортшы басып озып, мәреге екінші келді. Жартылай финалға кореялық Сын Хи Пак пен Эмили Скотт өтті.

Симонова Олимпиадада 500 және 1500 метр шақырымдық жарыстарға қатысқан болатын. Дегенмен ол сайыстарда жүлделі орынға іліккен жоқ.

 
Басты сөздер: СпортОлимпиада
 
0
0
271

Осы тақырып бойынша

Сочи Олимпиадасы: Инна Симонова 1000 метрлік жарыстың жартылай финалына өте алмады - Yvision.kz