Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сочи Олимпиадасы: Шорт-тректен 500 метр қашықтықта бақ сынаған қазақстандықтар ширек финалға өтпеді

СОЧИ. ҚазАқпарат — Шорт-тректен 500 метр қашықтықта бақ сынаған қазақстандықтар ширек финалға өтпеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі.

Айта кетейік, осыған дейін олар командалық спринтке қатысып, финалға жолдама алған. Батыс Қазақстан облысының тумасы 20 жастағы Айдар Бекжанов жарыс жолына бесінші болып шыққан. Ол мәреге үшінші болып жетті.

Ал 23 жастағы батысқазақстандық Нұрберген Жұмағазиев жарыс жолына  венгриялық, голландиялық және қытайлық спортшылармен бірге алтыншы болып шықты. Алайда Жұмағазиев бұл топта төртінші келді.

Естеріңізге сала кетейік, іріктеу сынынан өту үшін бірінші және екінші орындарға ие болу қажет еді.

Басты сөздер: СпортОлимпиада
 
0
0
408

Осы тақырып бойынша

Сочи Олимпиадасы: Шорт-тректен 500 метр қашықтықта бақ сынаған қазақстандықтар ширек финалға өтпеді - Yvision.kz