Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан Республикасында алғаш рет Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің (ҚОСРМ) бастамасы бойынша ағымдағы жылдың 10–15 наурызында «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығы «Парниктік газдар шығарындыларын халықаралық стандарттарға сәйкес ве

0
0
291

ҚазҰУ-дың түлектері — еліміздің іргелі ісін атқарып жатқан жандар

ЕСІМОВА ЖҰЛДЫЗ ДӘПЕНҚЫЗЫ, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті деканының ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

 

Есімова Жұлдыз Дәпенқызы 1984 жылы Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Ынталы ауылында дүниеге келген. Ынталы орта мектебінде 9 жылдық білім алып, Жаркент қаласы Жамбыл атындағы орта мектепті үздік аяқтап, 2001-2006 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша білім алды. Филология факультетін үздік аяқтағаннан кейін бірден аспирантураға жолдама алды. Аспирантураны үздік дипломмен аяқтап 2009 жылы «Қазақ тіліндегі эвфемизмдер: естірту, көңіл айту» сөздері атты ғылыми диссертация қорғап, 2010 жылы филология ғылымдарының кандидаты атағын алды.

Жұлдыз университет қабырғасында оқып жүрген уақытында өзін жақсы жақтарынан көрсете білді, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Республикалық халықаралық ғылыми-теориялық конференцияларына қатысып, дипломдармен марапатталды.

Ж.Д. Есімова іскерлігімен, ұйымдастырушылық қабілетімен, өзіне де өзгеге де талап қоя білетіндігімен ерекшеленеді. Жұмысына ұқыпты, адамдармен тез тіл табыса білетін маман әрі оқытушылар ұжымы арасында сыйлы,  олардың зор ықыласына бөленген. Білімді де білікті маман, адамгершілігі зор ұстаз ретінде студенттер мен әріптестері алдында беделді.

2006 жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің орыс тілі кафедрасының маманы болып еңбек етті.

2008-2010 жылдары факультеттегі кәсіподақ қоғамының және әдістемелік кеңестің  белсенді мүшесі.

2010 жылдан бастап филология факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болды.

2010 жылдан бастап филология факультетінің мемлекеттік тіл кафедрасының аға оқытушысы болды.

2011 жылдан бастап филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті деканының ғылыми-инновациялық және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары болып жұмыс атқарып келеді.

Сіздерге осы жаны жайсаң, біліктілігі мол, керемет ұстазбен болған сұхбатымды ұсынамын:

- Адамның бойындағы қандай құндылықтарды жоғары бағалайсыз? Не себепті?

- Жеке басым, адам бойындағы рухани құндылықты, адамгершілік, адалдық, кішіпейілділік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік секілді қасиеттерді жоғары бағалаймын. Бойынан осындай қасиет табылған адамды рухани жағынан бай адам деп есептеймін. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей», - деп сонау кезде ата-бабамыз айтып кеткен мақал текке айтылмаса керек. Еңбекқорлық, бастаған істі соңына дейін жеткізу – адам баласының ең бір ерекше қасиеті деп есептеймін.  Онсыз мақсатқа, табысқа жету мүмкін болмас.

- Туып-өскен жеріңізді сағынасыз ба?

- Туған жер – адам жүріп өткен жолындағы ең киелі мекен. Туан жерге деген махаббатты өзге ештеңемен айырбастай алмаймыз. Туып-өскен жерім – Алматы облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Ынталы ауылы. Әрбіріміз үшін Отан ошақ басынан басталады: туған жер, туған көше, туған қала немесе мен үшін туған ауыл. Менің ауылым көлемі жағынан қаншалықты кіші болса да, мен үшін ол қашанда кең, о шетімен бұ шеті шексіз. Мүмкін, мен үшін көшелері тәтті естеліктерге толы болғандықтан, үлкен мекен болып санамда қалды.  Дәл осы ауылда  менің көңілді де, шаттықты, уайымсыз балалалық шағым өтті. Үйдің маңындағы аулада ойнағаным және ата-апаның ыстық алақанында тәрбиеленгенім әлі есімде. Иә... Туған жер сені ұзаққа жібергісі келмейді. Сен әрқашан өзің бармасаң да, оймен қиялдап туған көшені, есіктің алдын, «Қызым, үйге кір...»деген ананың сөздерін еске түсіресің. Жүректің әлсіз дүрсілі естіледі. Балалық шақтың жарқын қуанышы тек ғана осы мекеннің ешкімге белгісіз сыры болып, қойнауындағы хатнамада мәңгілік сақталып қала бермек. Балалық шақ алыстаған сайын сол сағыныш жүректің түбінде тебіреніп қайта-қайта мазалайды екен. Кім қалай мақтанса да жарасатын мекен осы бір сырымен қымбат. Мен үшін жер жаннаты Жетісудың жерұйығында орналасқан жазиралы Жаркент деп аталатын осы елді мекен ыстық көрінеді де тұрады. Өйткені ол жерде сәбилік шақ, балдаурен күндерім өтті. Шіркін -ай! Өз еліңнің ауасы да, суының дәмі де, адамдары да тым өзгеше, айтып жеткізе де алмайсың! Туған жерге деген махаббат, сағыныш ештеңеге  ұқсамайтын – ұлы сезім! Осы кезде Қалқаман Сариннің туған ауыл өлеңінің шумақтары есіңе түсіп кетеді:

Қатты маған қызуың күннен сенің,
Сағынышым өзіңсің, мұң мен шерім.
Қайран ауыл, қалдың-ау үзіп алып,
Жұдырықтай жүректің бір бөлшегін.

- Сіз де филология факультетіміздегі қыздарға үлгі болып жүрген ұстаздарымыздың бірісіз.  Өзіңіздің жүріп өткен жолыңыз туралы айта кетсеңіз...

- Рахмет!  Өмір адамға екі рет берілмейтіні белгілі, сол үшінде ол күресуге тұрарлық. Мен 2001 жылы ҚазҰУ-дың 1-курс студенті атандым. Ол кезде әкемнің көзі тірі еді... Бірге ҚазҰУ қалашығын аралап жүріп, ҚазҰУ неткен әдемі, неткен көркем деп екеуміз әңгіме-дүкен құрып келе жатып, әкем маған қызым, сен осы университетте бір маман иесі болып отырсаң, менің арманым жоқ деген сөзді айтып қалды. Сол күннен, сол уақыттан бастап мені бір арман жетелеп  кете берді... Университетті қызыл дипломға бітіріп, қолыма диплом алатын сәтте жақындап қалды, сол жылы әкем өмірден өтті. Алматы қаласында ешбір туысым да, танысым да жоқ еді, баратын да, паналайтын да жерім жоқ болды. Енді арманым орындалмайды ма деп ойладым... Бірден деканатқа жүгірдім, сол кезде факультетіміздің оқу-ісі жөніндегі декан орынбасары болған Қазыбек Гүлмира апайды жолықтырып, жұмыс сұрадым, апай сондай адамгершілігі мол, мейірімді жан ғой, маған қарап тұрды да, бірден менің жанымда түсінгендей, бағыңа қарай орыс тілі кафедрасында жұмыс бар деді. Кафедраға барсам, кафедра меңгерушісі Ахмедьяров Қайрат Қабенұлы отыр екен. Сіздерде жұмыс бар екен дедім, ол кісі маған қарап орыс тілін білесіз бе? - деді. Мен ауылдан келген қазақтың қарапайым қызымын, шынымды айтсам орысша өте жақсы білмеймін (күліп). Жаным қиналғаны сонша, білдірмеуге тырысып, бірден білемін дедім. «Онда жұмысқа ертеңнен бастап шығыңыз»,- деді. Солай жұмысқа кірісіп кеттім. Қазір Қайрат ағайымыз өмірден өтіп кетті. Керемет, адам баласын ренжітпейтін, өзі біртуар азамат еді. Сол кафедрада жұмыс істеп жүріп профессор Алтынбекова Ольга Баймухановна мен Зуева Наталья Юрьеевнамен достасып кеттім. Ең қызығы орысша нашар сөйлейтін мына мен, орыс тілді кісілермен тіл табысып өмірлік дос болып кеттім. «Армансыз адам, қанатсыз құспен» тең демекші, менің арманға бергісіз ойым деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болу еді. Себебі, мен студент жастармен жұмыс жасағанды өте жақсы көретінмін. Жұмысты бір қалыпқа келтірген соң, әрі ойланып, бері ойланып факультетіміздің басшысы Қансейіт Әбдезұлының кабинетіне барып ағай менің декан орынбасары болғым келеді дедім. Сол кезде ағай маған қарап, күліп Жұлдыз мен сені жақсы білем, сен 5 жыл бойы өте белсенді студенттер қатарында болдың, факультетіміздің студенттер маслихатының, студенттер кеңесінің төрайымы және  топтың басшысы  болғаныңды да білем.  Бірақ, сен декан орынбасары болу үшін оқытушы немесе ғылым кандидаты болуың керек деді де, - шығарып салды. Сол сәттен бастап мен жұмысыма кірістім. Сол жылы аспирантураға емтихан тапсырып оқуға түстім. Жетекшім профессор Смағұлова Гүлдархан апайым болды. Апайымыз екеуіміз әңгімелесіп отырып диссертациялық жұмысымыздың тақырыбын таңдадық. Тақырып: «Қазақ тіліндегі эвфемизмдер: естірту, көңіл айту сөздері» деп аталды. Ол кезде менің жасым бар болғаны  22-де еді. Біраз ұстаздарым мына тақырып өте қиын екен қалай жазасың? Қалай қорықпайсың деп айтып жатты. Сол кезде әкемнен ерте айырылып көңіліме бір медеу іздеп жүрген кезім болса керек. Жоқ, осы тақырып бойынша ізденейін деп көп еңбектендім. Еңбегім жанып диссертацияны 2009 жылы желтоқсан айында 25 жасымда қорғадым. Міне, осыдан бастап қайнап жатқан өмірге кірісіп кеттім. 2009 жылы қазақ тілі кафедрасының оқытушысы және деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары атандым. Қансейіт ағайымыз өз сөзінде тұрып мені өзінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары етіп жұмысқа қабылдады. Қазір жасым 30-да өмірдің тәттісі мен ащысына шыдағанымның арқасында осындай жетістіктерге жеттім деп ойлаймын. Қашанда «сабыр түбір сары алтын» деген ұранмен өмір сүріп келемін. Сүйікті жарым, кішкентай балапандарым, бір жағыма шығып, демеу болып жүрген алтынға бермес ата-енем, аяулы анам және бауырларым бар. Сіңлілеріме айтатын ақылым, оқу мен ғылымды және отбасын бірге алып жүруден жасқанбаңдар, қайта ерік-жігерді шыңдайтын осындай қат‑қабат тіршілік қажет дер едім!

- Жалпы қыздардың ғылым мен тәрбиеге қатар мән беруі үшін не істеулері керек деп ойлайсыз? Қандай бағыт-бағдар берер едіңіз?

- Қыз бала табиғатынан өте нәзік болып жаратылады. Дегенмен де біздің қазақ қыздары білімді де, өнерді де, ғылымды да қатар алып келеді. Себебі, қыз бала ертеңгі болашақ ана, болашақ жар. Иманды қыз, ибалы келін тәрбиелеу жақсы маман дайындаумен қатар жүруі керек деп есептеймін. Қыз баланы туғаннан мәпелеп, төрге отырғызып, бар жақсыны кигізіп, бар дәм­діні жегізіп, «ертеңгі – ел анасы» деп үкілеп өсіретін халықпыз. Ең алдымен тәрбие дұрыс болуы керек, сосын қыздарымыз заманауи білім алуы керек. Қыз баланы сонау ата-бабамыздан қалған дәстүрмен тәрбиелеу керек деп есептеймін. Ата тарихымызда ақылы­мен бір рулы елге танылған данагөй аналарымыз жетерлік. Қыздарымыз арын шаш­паған, намысын таптатпаған, пәктік, кір­шіксіз тазалық, имандылық пен иба­лылық көркі болған. Аппақ қардай ақ арудан бақ та, береке де, бақыт та қашпаған. Сол аналарымыздан үлгі алса екен деймін...

- Сіздің ойыңызша, ҚазҰУ-дың басқа ЖОО-дан артықшылықтары қандай? ҚазҰУ үшін еңбек ету деген не?

- Білімнің алтын ордасы, қазақ қаймағын даярлауда ерен еңбегі бар қара шаңырағымыз – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне бүгінде 80 жыл толып отыр. Қара шаңырағымыздың өзге университеттерден өзіне тән артықшылығы мол екендігі шындық. Ол артықшылық – біздің түлектер қай салада болмасын, өз біліктілігімен, білімдігімен өз ортасында оза шапқан мамандар. ҚазҰУ түлектері – еліміздің іргелі істерін атқарып жатқан жандар. Олар түрлі ғылым салаларының басында тұр. Түлектердің білімі мен бағындырған биігі университетіміз үшін үлкен сын. Сол сыннан сүрінбей өткен түлектер бүгінде алтын ұямыздың туын биіктен желбіретіп, оның көркеюіне үлкен үлес қосып жүр. Қазақ тарихында жоғарғы білім ордалары көп. Солардың ішінен ҚазҰУ-дың білімі мен білігі баршаны мойындатқаны тарих беттерінен белгілі. Осындай тарихы тереңнен сыр шерткен алтын ордамызға еңбек ету үлкен жауапкершілікті қажет етеді. Бізді тәрбиелеп шығарған алтын ұямызға сол деңгейде жауап беру үлкен сын. ҚазҰУ бізді үлкен маман иесі ғып шығарды. Олай болса, алған білімімізді дамытып, қара шаңырағымыздың келесі түлегіне үйрету ҚазҰУ үшін жасаған шәкірттік игілігіміз болмақ. Қарашаңырағымыздың түлектерін білікті маман иесі етіп даярлау – ҚазҰУ-де еңбек етіп жүрген барша адамның арына сын.

 

Сұхбаттасқан Дінмұхамед Аязбеков

 
0
0
3546

Бала асырап алу туралы заңнамаларды қолдану мәселелеріне қатысты Бас прокуратура алқа мәжілісінің отырысы туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Асхат Дауылбаевтың төрағалығымен Бас прокуратураның алқа мәжілісінің отырысы болып өтті. Алқада жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алу, соның ішінде шет елдік азаматтардың асырап алуының тәртібі туралы заңнамалардың сақталуына мемлекеттік уәкілеттік органдардың 2012-2013 жылғы қызметіне жүргізілген тексеру қортындылары талқыланды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bala-asyrap-alu-turaly-zannamalardy-koldanu-mselelerine-katysty-bas-prokuratura

0
0
406

Талдықорғандағы күрделі жөндеуден өткен әскери госпиталь жұмысын бастады

Талдықорған гарнизонында күрделі жөндеуден өткен әскери госпиталь пайдалануға берілді. Медициналық мекемені қайта қалпына келтіру жұмыстары өткен жылдың шілде айында басталған болатын.

Бұл мекемеде Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери қызметшілеріне медициналық жәрдем көрсетіледі. Сардарлар мен сарбаздарға сапалы ем жасау үшін госпитальде хирургия, анестезиология және реанимация, терапия және жұқпалы аурулар бөлімшелері жұмыс істейді.

1973 жылы ашылған 100 орындық әскери госпитальге күрделі жөндеу жұмыстары кезінде үй-жайларға әрлеу жұмыстары жүргізіліп, қазіргі заманғы медициналық құрылғылар сатып алынды. Осының арқасында әскери дәрігерлерге қаралушылар үшін жағдай барынша жақсарып отыр. Білікті және мамандандырылған жәрдем көрсету мақсатында госпиталь «Aloka SSD» ультрадыбысты аппаратымен, «Apollo» рентген аппаратымен, «Pentax» бейнеэндоскопиялық жүйесі және бейнегастрокопымен және «Ellips» эндобейнестойкасы сынды замануи құрылғылармен жарақтанған.

Сондай-ақ, күрделі жөндеуден өткен әскери госпитальде интенсивті және реанимациялық жәрдем көрсететін реанимация және интенсивті терапия бөлімшесі ашылды. Талдықорған гарнизонындағы әскери госпитальдің әскери-медициналық қызметкерлері ем алушыларға хирургиялық, гинекологиялық және терапиялық жәрдемдердің барлық түрін жасайды, Сонымен қатар, бұл жерде әскери қызметшілерден өзге азамаматтық персоналға да сапалы ем көрсетіледі.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
591

В Астане презентован 100-томный сборник казахского фольклора «Бабалар сөзi»

Казинформ, 20.02.2014

В Национальной академической библиотеке РК состоялась презентация 100-томного сборника казахского фольклора «Бабалар сөзi».

«Это богатство, собранное нашим народом на протяжении многих веков», - сказал министр культуры и информации РК Мухтар Кул-Мухаммед на презентации сборника.

Министр подчеркнул, что Глава государства в своем Послании народу Казахстана в 2003 году дал поручение Правительству подготовить программу «Культурное наследие», в рамках этой программы  было задание выпустить сборник казахского фольклора.  Теперь казахстанцы, открыв эти книги, смогут соприкоснуться с устной народной литературой.

Как отметили составители сборника, 20 томов издания посвящены героическим эпосам, 13 томов посвящены исторической тематике. В сборник включены религиозные дастаны, новеллистические дастаны, любовные дастаны, а также сказки.

Материалы книг составлены сотрудниками Института литературы и искусства им. М. Ауэзова и напечатаны в столичном издательстве «Фолиант». Как отмечают организаторы презентации, казахский фольклор не издавался в серийном виде на протяжении многих лет.

0
0
285

Бабалар сөзінің» 100 томдығын шығару арқылы біз ата-бабаларымыздың алдындағы бір парызымызды орындадық — М.Құл-Мұхаммед

ҚазАқпарат, 20.02.2014

«Бабалар сөзінің» 100 томдығын шығару арқылы біз ата-бабаларымыздың алдындағы бір парызымызды орындадық деп ойлаймын. Бұл туралы бүгін Астанадағы Академиялық кітапханада өткен әлемдік деңгейдегі теңдессіз «Бабалар сөзі» атты қазақ фольклорының 100 томдық топтамасының тұсаукесер рәсімінде ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысы 2003 жылы халыққа арнаған Жолдауында Үкіметке орта мерзімге арналған «Мәдени мұра» атты арнайы бағдарлама жасауды тапсырды. Осы бағдарламаның шеңберінде қазақ халқының арғы-бергі тарихында жинақталған бай фольклорлық мұрасын жүйелеп басып шығаруды міндеттеді. Содан бері ең алғашқы томы 2004 жылы жарық көрген 100 томдықтың ең соңғы томы биыл оқырманымен қауышып отыр. Бұл үлкен еңбек! Осы арқылы біз ата-бабаларымыздың алдындағы бір парызымызды орындадық деп ойлаймын», - деді ол тұсаукесер рәсімінде.

Оның айтуынша, бүгінде біз дүниенің төрт бұрышына шашылып кеткен қазақтың аса бай мұрасын жинайтын кезеңге келдік.

«Менің білуімше, дәл қазіргі кезеңде дүниежүзі халықтарының ішінде өзінің бай мұрасын 100 том түрінде жіктеп, жүйелеп халқына ұсынып отырған халық өте сирек. Бүгін соның ұшар басында қазақ халқы тұр деп айта аламын», - деді министр.

Айта кетейік, 100 томдықтың 20 томы - батырлар жыры, 13-і тарихи жырлар, 7 томы діни дастандар, 13 томы хикаялық дастандар, 8 томы ғашықтық дастандар, 5 томы ертегілер. Сонымен қатар, 1-3 томнан тұратын шағын жанрлар да жетерлік.

Құрастырушы - М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер иниституты, ал басып шығарған «Фолиант» баспасы.

Фольклор барлық елде бар. Көптеген ел оны жинақтап, жариялап, зерделеуде. Алайда дәл 100 том етіп, ұлттық байлықты бір жерге топтап, жүйелеп, ғылыми шарт негізінде текстологиялық жұмыс жүргізіп, академиялық басылым ретінде 100 том етіп жарыққа шығарған мемлекет әлі жоқ. Кейбір ТМД елдерінде енді басталып жатыр, дейді ұйымдастырушылар.

Шараға Парламент депутаттары, министрліктің басшылары мен белгілі ғалымдар, ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері мен оқырман қауым қатысты.

0
0
488

Денис Тен: Олимпиаданың алтын медалін олжалауды мақсат етіп отырмын

Денис Тен
Денис Теннің есімі Қазақстан үшін мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада жүлдесін алып берген алғашқы спортшы ретінде тарихта қалды. Ол өте қарапайым және ақкөңіл адам. Бізге ол спорттық қарым-қабілетінен бөлек, ой қабілеті де жоғары, өзінше бір пәлсапалық толғамдарға терең бойлай алатын адам ретінде сезілді. Егер қолына қалам алған болса, тамаша жазушы болар ма еді, кім білсін.

«ҚазАқпарат» тілшісіне берген экслюзивті сұхбатында Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем біріншілігінің вице-чемпионы өзінің болашақтағы жоспарларымен бөлісіп, өзге де тақыптардың бетін ашып берді.

- Қазақстандықтар бұл медальді көп күтті, олардың ақ үмітін сен толығымен ақтап шықтың. Өзіңнің Сочи Олимпиадасындағы өнеріңді қалай бағалар едің?

- Сөз жоқ, мәнерлеп сырғанауда өнеріңді өте тамаша көрсетуге болады. Менің ойымша, Олимпиадада көрсеткен нәтижем шынымен де өте жақсы. Бұл былтыр Лондонда шыққан кездегі өнерімнен өзгешелеу болды. Жанкүйерлер менің дәл сондай сезімге толы өнерімді көргілері келді. Бірақ Сочиде мен қыруар қиындықтарға тап болғанымды ескеру керек. Сондықтан оны сәтті еңсеріп, мұзда лайықты деңгейде өнер көрсетуім және жүлдеге ілінуім — мен үшін және бүкіл Қазақстан үшін керемет жетістік.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атансаң, Олимпиада ойындарының фавориттарының біріне айналып шыға келесің. Маусым басында мен әрине үштікке кіруді жоспарлағаным рас. Бірақ кейін үлкен қиындықтар туа бастады. Бірінен соң бірі алған жарақаттарымнан кейін менің ойым жүлдеге таласу жайында емес, Олимпиадаға қалай дұрыс жаттығуым керек дегенге ойысты. Сіздер мәнерлеп сырғанау спортының қаншалықты биік деңгейге жеткенін көрдіңіздер, жеңіс тұғырына бірден 15 спортшы таласты. Қысқа бағдарламадан соң, мен тоғызыншы орында тұрдым. Үшінші орынға маған бірнеше ұпай жетпей қалды, ал бұл мәнерлеп сырғанауда өте аз. Сондықтан менің де жүлдеден үмітім бар еді. Бірақ мен өзіме бұл жауапкершілікпен ауыртпалық түсірмеуге тырыстым. Мақсатым — төрт жылда бір айналып келетін ең басты додада ең керемет өнерімді көпшілікке паш ету болды. Менің ойымша, бұл қолымнан келді.

- Ресей үміті — Евгений Плющенконың жарыстан шығу туралы шешімін қалай қабылдадың?

- Шынымды айтсам, мен ол жөнінде жарыстың соңына дейін білген жоқпын. Сайыстың соңында тізімді көрген кезде бір білдім. Мен оның өнерін командалық жарыстарда бақыладым. Бірнеше рет ота жасатып, қаншама қиындықтарға мойымай, жоғары деңгейде өнер көрсету — кім-кімді болмасын таң қалдырмай қоймайды.

- Сочидегі жарыс өзіңе ұнады ма? Олимпиада ойындары қандай деңгейде ұйымдастырылған?

- Олимпиаданың деңгейіне барлығы да тәнті. Жарыс нысандары өте жоғары деңгейде салынған. Бұл Олимпиада ойындары, дегенмен спортшылар өздерін құдды бір курортқа келгендей сезінуде. Бұл әрине қуантпай қоймайды. Мен Олимпиаданың ұйымдастырылуына өте жақсы деген баға беремін. Мен Ванкуверде болдым, бірақ Сочи таңдай қақтырды. Алматы қаласы 2022 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарын өткізу құқығын жеңіп алады деп сенемін. Егер ол құқықты біз жеңіп алсақ, Сочиден кем ұйымдастырмайтынымыз анық. Қазақстан ірі спорттық жарыстарды ең жоғары деңгейде ұйымдастыратынын білеміз. Алматы жеңіп жатса, шетелдіктер қазақтың ділін, мәдениетін және қонақжайлығын толығымен танып білуге мүмкіндік алады.

- Болашақ жоспарларың қандай? Қоржыныңа Олимпиада ойындарының алтын медалін салу ойыңда бар ма?

- Мәнерлеп сырғанауда белгілі бір жоспарлар қою өте қиын. Барлығы бізге байланысты емес, мұнда не секундтар, не голдар жоқ. Сондықтан мен өзімді шыңдай түсуге тырысамын. Әрине әрбір спортшы Олимпиада чемпионы болуға талпынады. Мен өзімнің алғаш қадамдарым — сауда кешендерінің мұз айдындарында, ашық мұз үстінде басталған. Содан бері үлкен жетістіктерге қол жеткіздім. Бұл маған үлкен күш-қуат береді. Бүгінгі таңда бізде керемет мұз кешендері бар, жаттығуға қажетті заманауи жағдайлар жасалған, бұл қуантады. Менің ойымша, көп ұзамай Қазақстаннан шыққан өзге де спортшылар үлкен жүлделерге қол соза бастайды. Егер сәтін салып жатса, командалық турнирлерге де қатысармыз. Әрине мен Олимпиаданың алтын медалін жеңіп алуды армандаймын. Дұрыс жаттығудың, бапкердің сауатты жұмысының арқасында болашақта ірі жарыстарда қазылар алқасы менің өнерімді жоғары бағалайды деп ойлаймын.

- Айтпақшы, өзіңнің мұздағы шоуыңа кімдерді шақырасың?

- Былтырғы шоу бізде тамаша деңгейде өтті. Екі қалада өткен шоуда 10 мың адам барлық билеттерді қас-қағым сәтте сатып алып кетті. Алматыда үлкен аншлаг болды, тіпті достарымды шақыра алмай қалдым. Олимпиада ойындары әлі аяқталған жоқ. Қазір мен Олимпиада соңында өтетін дәстүрлі көрнекі орындауларға дайындалудамын. Содан соң ғана шоу қашан және қандай тақырыпта өтетінін, кімдер келе алатынын ойластыратын боламыз.  Спортшылардың уақыттары өте тығыз екендігін де ескеру керек. Биыл шоу ауқымдырақ болады. Келетін жұлдыздардың саны артады, сонымен қатар шоуды қазақстандықтардың көпшілігі тамашалай алады. Оның бәрі уақыт еншісінде. Қазір  нақты ештеңе айта алмаймын, дегенмен қазақстандықтар үлкен шараға дайындала берсе болады.

- Денис, жанкүйерлерге айтарыңыз бар ма?

- Жанкүйерлерге шексіз алғысымды жеткізгім келеді. Мен әлі күнге дейін олардан мыңдаған хаттар алып жатырмын. Әлеуметтік желілерде тіпті керемет. Ол жерде оқушыларым көбейіп, менің атыма құттықтаулар мен жылы сөздер түсіп жатыр. Адамдардың қолдауы мен махаббатын көру үлкен қуаныш сыйлайды. Ел менің еңбегімді бағалап жатыр. Адамдар менің қажыр-қайратымның қадірін түсінеді, соған ризамын. Сондықтан халқыма шынайы алғысымды білдіремін. Жақында Олимпиада жүлдесі маған қандай еңбекпен келгені туралы ағылшын және орыс тілдерінде жазған болатынмын. Онда адамға жігер беретін бірнеше сәттер бар, бұл болашақта адамдарды жаңа қадамдарға бастайды деп есептеймін. Өмірде алға жетелейтін жағымды сәттерді таба білу өте маңызды.

- Мазмұнды сұхбатыңа рахмет, Денис!

- Сізге де рахмет!

СОЧИ. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 
0
0
509

Денис Тен 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізу жөніндегі өтінішті таныстырды

Денис Тен
Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, Әлем біріншілігінің вице-чемпионы Денис Тен 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізу жөніндегі өтінішті таныстырды.

«Олимпиада ойындары — бірегей, ерекше шара. Оны өткізу — үлкен жауапкершілік. 2022 жылғы Олимпиада ойындары менің халқым үшін ұмытылмас  мереке болады деп ойлаймын», — деді Д.Тен.

Ұлттық олимпиада комитеті атқарушы комитетінің мүшесі, Алматы өкілі Андрей Крюковтің айтуынша, Қазақстанда 2022 жылы Қысқы Олимпиада ойындарын жоғары деңгейде өткізетін барлық мүмкіндіктер бар.

«2011-2013 жылдары біз халықаралық шаңғы қауымдастығының шаңғымен тұғырдан секіру спорты бойынша бірнеше жарыстар мен шаралар өткіздік. Біздің басымдығымыз — Алматыда қысқы спорт түрлеріне қажетті спорт нысандарының басым бөлігі салынған. Жарыс кешендері Олимпиада ауылынан 30-35 шақырымдық жерде тұр», — деді А.Крюков.

Оның сөзіне қарағанда, олимпиада саябағы қаланың солтүстік-шығысында салынады. Онда олимпиада ауылы, тілшілер үйі, керлингке, мәнерлеп сырғанауға, көрмелерге арналған нысандар мен Халықаралық Олимпиада комитетінің ғимараты орын теппек.

«Қазіргі уақытта қонақтарды қабылдау мүмкіндігі шамалы, себебі қонақүйлер аздық етіп отыр. Дегенмен, оның 50 пайызы 2017 жылы Алматыда Дүниежүзілік Универсиадаға дейін салынады. Сочидегідей шағын отельдер пайдалануға беріліп,  8 мыңға тарта бөлме тұрғызылады», — деді ол.

СОЧИ. ҚазАқпарат - Автор: Жасұлан Жолдыбаев
 
0
0
377

Астанада киокушинкай-кан каратэден VII халықаралық турнир өтеді

киокушинкай-кан каратэ

Елордада 22 ақпан күні сағат 13.00-де «Алау» мұз сарайында балалар, жастар, ерлер мен әйелдер арасында киокушинкай-кан каратэден жыл сайынғы «ТМД кубогы» VII халықаралық турнирі өз туын көтереді, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Турнир Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 25 жылдығына орайластырылған дейді ҚР киокушинкай-кан каратэ ұлттық федерациясының баспасөз қызметінен.

Сайыста ТМД мемлекеттерінен келген 400-ге жуық спортшы боз кілемде бақ сынасады. Жеңімпаздар медальдар мен кубоктарды иеленіп, мақтау қағаздары мен бағалы және ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Киокушинкай-кан — каратэнің айла-тәсілдерінің қарапайымдылығымен және тиімділігімен ерекшеленетін түрі. Аталған спорт түрі  адамның басты алғырлық қасиеттерін дамытады.

Айта кетейік, Қазақстанда 5000-нан астам адам осы спорт түрімен шұғылданады, бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
234