Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Астанада киокушинкай-кан каратэден VII халықаралық турнир өтеді

киокушинкай-кан каратэ

Елордада 22 ақпан күні сағат 13.00-де «Алау» мұз сарайында балалар, жастар, ерлер мен әйелдер арасында киокушинкай-кан каратэден жыл сайынғы «ТМД кубогы» VII халықаралық турнирі өз туын көтереді, деп хабарланған елорда әкімдігінің ресми сайтында.

Турнир Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының 25 жылдығына орайластырылған дейді ҚР киокушинкай-кан каратэ ұлттық федерациясының баспасөз қызметінен.

Сайыста ТМД мемлекеттерінен келген 400-ге жуық спортшы боз кілемде бақ сынасады. Жеңімпаздар медальдар мен кубоктарды иеленіп, мақтау қағаздары мен бағалы және ақшалай сыйлықтарға ие болады.

Киокушинкай-кан — каратэнің айла-тәсілдерінің қарапайымдылығымен және тиімділігімен ерекшеленетін түрі. Аталған спорт түрі  адамның басты алғырлық қасиеттерін дамытады.

Айта кетейік, Қазақстанда 5000-нан астам адам осы спорт түрімен шұғылданады, бұл көрсеткіш жылдан-жылға артып келеді.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

 
0
0
205

Осы тақырып бойынша

Астанада киокушинкай-кан каратэден VII халықаралық турнир өтеді - Yvision.kz