Мазмұнға өту

Жаңа

Батальон командирлері жауынгерлік әзірліктерін жетілдіруде

Әскерлердің 2014 оқу жылындағы жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында батальон және дивизион командирлерінің онкүндік жиыны басталды. Оған өңірлік қолбасшылыққа қарасты құрамалар мен бөлімдерден жетпіске жуық командирлер қатысуда.

Жиынның басты мақсаты командирлерді тактикалық дайындық, барлау, зымыран әскерлері және артиллерияны жауынгерлік қолдану, тылдық, техникалық, инженерлік қамтамасыз ету және радиоэлектронды күрес бойынша оқыту болып отыр. Сондай-ақ, командирлердің тактикалық сабақтар кезіндегі білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру. Озық тәжірибелерді зерделей отырып, офицерлерді оқыту мен тәрбиелеу процесіне енгізу. Командирлердің функционалдық міндеттерін орындаудағы кәсіби дайындықтары мен тәжірибелік машығын арттыру қарастырылған.

Командирлік дайындық жиыны шеңберінде атыс дайындығында бақ сынаған сардарлар «жақсы» деген бағаны бағындырды.

Командирлік жиынының бастығы полковник Юрий Асқаров:

Қатысушылар жиын барысында кәсіби дайындықтары мен тәжірибелік машығын арттыруға мүмкіндік алады. Сол себепті батальон, дивизион командирлеріне жүктелер негізгі тапсырма моралдық жағынан тұрақты, денсаулығы мықты, сауатты, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті кәсіпқойды дайындау болып табылады. Жиын қорытындысы бойынша әрбір командирге дербес баға қойылатын болады, – деді.

Жиындар 5 наурызда аяқталады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
516

Бас прокуратура жанындағы Қоғамдық кеңестің мәжілісі туралы баспасөз ақпараты

Бүгін Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Сұлтановтың төрағалық етуімен Бас прокуратура жанындағы  Қоғамдық кеңестің мәжілісі болып, онда Бас прокуратураның инновациялық жобалары талқыланды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuratura-zhanyndagy-kogamdyk-kenestin-mzhilisi-turaly-baspasoz-akparaty

0
0
417

Браконьерлікпен күрес шаралары жөнінде

2014 жылдың 25 ақпанында «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің Батыс өңірлік филиалы инспекторлары Қызылорда облысы Қазалы ауданы аумағында жедел іс-шаралар жүргізу барысында Даулыкөл мекені маңында киік аулап жүрген 4 обылыс тұрғынын ұстады.
Тексеру барысында 4 атылған киік, 12-ші калибірлі 2 мылтық және 14 дана оқ-дәрі табылып, тәркіленді.

2014 жылдың 25 ақпанында «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің Батыс өңірлік филиалы инспекторлары Қызылорда облысы Қазалы ауданы аумағында жедел іс-шаралар жүргізу барысында Даулыкөл мекені маңында киік аулап жүрген 4 обылыс тұрғынын ұстады.
Тексеру барысында 4 атылған киік, 12-ші калибірлі 2 мылтық және 14 дана оқ-дәрі табылып, тәркіленді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-94/

0
0
389

«31 арна» қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжоловты еске алуға арналған үш сағаттық фильм-концерт ұсынады

Дауылпаз ақын Қасым Аманжолұлы өмірден ерте кеткенімен, болашақ ұрпаққа жалынды жырлары мен әуезді әндерін  мұра етіп қалдырды. Бар болғаны 44 жыл ғұмырында қазақ поязиясының туын көтеріп, бейбіт өмірді, қан майданды, туған жер мен ата-ананы, достық пен махаббатты, көңіл-күй мен табиғатты биік парасаттылықпен, шынайы сезіммен, зор тебіреніспен жырлады. Ақынның шығармалары романтика мен лиризмге толы, қайталанбас патроитизммен өрілген, олардан өмірге деген құштарлық есіп тұрады, олар әр қазақтың жанына етене жақын.

Қасым Аманжолов 1911 жылы дүниеге келген. 23 жасынан бастап журналистика саласында қызмет жолын бастаған, алғашқы жырлары да сол кездерде жарыққа шықты. Ол құрған театр студиясы кейіннен облыстық театр деңгейіне көтеріледі. 30 жасында, шығармашылығының шарықтау кезінде соғыс басталып, Отан қорғауға аттанған батыр ұл 1946 жылы ғана елге оралған.

Тарих қойнауында жатқан алдыңғы көшке ілесіп, сол көштің әсем әуезін, асыл меруертін бойына сіңірген Қасым соғыстан кейін қайта түлеп, жаңа арынмен қолына қалам алады. Алдыңғы лектің асқақ рухына, мәңгі өшпес мақамына еліктеу арқылы, өз жолын, өз соқпағын табады.  Өкініштісі, ақын 44 жасында өкпе ауруына шалдығып өмірден өтеді.

Ақын, журналист, драматург, аудармашы. Бұлар Қасым бойындағы таланттың бір парасы ғана. «31 арна» дайындаған фильм-концертте осының бәрі қамтылумен қатар, ақынның жеке өмірі де назардан тыс қалмайды. Телекөрермендер Қасым Аманжоловтың отбасылық мұрағатынан алынған бірегей материалдар мен бұған дейін айтылмай келген тың деректердің куәсі болады. Ақынның өмірі туралы туыстары, әріптестері сыр шертіп, қызы Дариға Қасымқызы естелік айтады.

Махаббаттан туған ақын жырлары мен әндерін тыңдап, рухани ләззат алғыңыз келсе, Қасым Аманжоловты еске алуға арналған бағдарламаны көруге асығыңыз.  Мерекелік концертте Нұрғали Нүсіпжанов, Роза Рымбаева, Қарақат Әбілдина, Сұлушаш Нұрмағамбетова, «Каспий» тобы, «Жігіттер» тобы және басқа да қазақ сахнасының дүлдүлдері өнер көрсетедеі.

Өмірін өлеңге арнаған өр рухты ақын мен оның тағдыр жолындағы белестері туралы білуге құмартсаңыз, «31 арнамен» бірге болыңыз.

8 наурыз күні сағат 12.00-де «31 арнада»

0
0
1100

Бас прокуратура және Халықаралық көші-қон ұйымы арасындағы Адам саудасына қарсы әрекет ету саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою жөніндегі баспасөз ақпараты

Бүгін Астана қаласында Бас Прокурор Асхат Дауылбаев және Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы миссиясының басшысы Деян Кесерович Адам саудасына қарсы әрекет ету саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум жасасты.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuratura-zhne-halykaralyk-koshi-kon-uyymy-arasyndagy-adam-saudasyna-karsy

0
0
685

HD форматтағы телеарналар топтамасы ұсынылады

Біз «Алакаст» компаниясымен бірлесіп,  эксклюзивті Viasat Premium HD форматында рұқсат етілген  дәлдігі жоғары (FullHD) телеарналардың жаңа топтамасын  ұсынамыз.

Жаңа қызметті - HD-арналарының топтамасын  - компанияның инновациялық бөлімі iD TV қызметі сервистерін дамыту жұмыстарының аясында әзірлеп отыр. Компанияның продуктологтары абоненттер үшін үздік арналарды, оның ішінде HD-сападағы  үздік фильмдер көрсететін телеарналарды таңдады. Viasat Premium HD топтамасының басымдықтарына келер болсақ: абонеттерге Full HD форматтағы жоғары сапалы суреттер мен  таза дыбыс және соңғы әлемдік премьералық фильмдер ұсынылады және  жарнама болмайды.

Жаңа топтамаға TV 1000 Premium HD TV, 1000 Megahit HD, TV 1000 Comedy HD, Viasat Nature HD, Viasat History HD, Viasat Sport HD арналары кіреді.

iD TV көрермендері ең жаңа голливудтық және ресейлік фильмдер мен мульфильмдерді, су жаңа блокбастерлерді, тамаша комедиялар мен спорт туралы бағдарламаларды көре алады.  Және бұл топтамаға HD-форматтағы табиғат пен жануарлар әлемі туралы деректі фильмдер, тарих туралы, қалалар мен адамдар туралы, атаулы оқиғалар туралы бағдарламалар  кіреді.

«iD Net»-ке қосылған «iD TV» қызметін  тұтынушылар ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап "Viasat Premium HD" жаңа топтамасына  қосылу мүмкіндігіне ие болып отыр. Жаңа Viasat Premium HD топтамасының құны  бір киносеансқа арналған екі билеттің құны.  Viasat Premium HD жаңа қызметі мен оның шарттары туралы толығырақ www.id-tv.kz сайтынан оқып-біле аласыздар.

0
0
573

«Барыс аруын» таңдауға дауыс беру басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Барыс» хокеей клубы «Барыс аруын» таңдау бойынша халықтық дауыс беру басталғанын жариялады. Клубтың баспасөз қызметінен хабарлағандай, байқаудың финалына » Facebook» және » ВКонтакте» топтарында ең көп дауыс жинаған үш қатысушы өтеді.
Тағы екі қатысушыны байқауды ұйымдастырушылар таңдайды. Одан кейін ойыншылар, жаттықтырушылар штабы, сонымен бірге, клуб әкімшілігі дауыс береді, соңынан жеңімпаз анықталады.
Дауыс беру 3 наурыз күні Астана уақыты бойынша 12:00-де аяқталады.

 
0
0
313

Қысқы олимпиадада өнер көрсеткен батысқазақстандық шорттрекшілер енді әлем чемпионатына қатысады

ОРАЛ. ҚазАқпарат — Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев 26 ақпан күні Сочиде өткен қысқы олимпиада ойындарына қатысқан төрт бірдей шорт-трек шеберін қабылдады.

Облыс басшысы батысқазақстандықтардың Сочиде, әсіресе, эстафеталық жарыста табысты өнер көрсеткенін атап өтіп, алдағы додаларда сәттілік тіледі.

Еске сала кетейік, шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мәдіғали Қарсыбеков бастаған мамандар бәйгеге қосқандар арасында Батыс Қазақстаннан Айдар Бекжанов, Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев, Инна Симонова болды. Олар жекелей сында онша көзге түспегенімен, құрамында А.Әжіғалиев, А.Бекжанов, Н.Жұмағазиев және қостанайлық Денис Никиша бар төрттік 5 мың метрлік эстафеталық сайыста финалда өнер көрсетті. Бастапқыда қытайлықтар мен голландықтар құлап қалып, Қазақстан құрамасы Ресей мен АҚШ спортшыларынан кейін үшінші орында келе жатты. Қола жүлде қол созым жерде тұрғандай болған. Өкінішке қарай, қазақстандықтардың қарқыны бірте-бірте бәсеңдеп, оларды бірлесе қимылдаған қытайлықтар мен голландықтар басып озды. Дегенмен кіл мықтының арасынан осындай додаға алғаш түскен қазақстандықтардың бесінші орынға табан тіреуінің өзі — үлкен жетістік. Бұдан төрт жыл бұрын Ванкувер олимпиадасына шорт-тректен жалғыз Айдар Бекжанов қатысса, биыл олардың қатары әлдеқайда көбейді.

Алдағы мақсат — бұдан да жоғары нәтижелерге қол жеткізу. Батысқазақстандық шорттрекшілер Нұрберген Жұмағазиев пен Инна Симонова енді Канаданың Монреаль қаласында 14-16 наурызда өтетін әлем чемпионатына қатысады.

 
0
0
399

Денис Теннің биі Сочи Олимпиадасының ең үздік фотосуреттердің бірі атанды — ФОТО

АСТАНА. ҚазАқпарат  -  Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өнері «Франс пресс» француз ақпарат агенттігінің нұсқасы бойынша Сочи Олимпиадасының ең үздік фотосуреттердің бірі деп танылды, деп хабарлайды Vesti.kz.

20 жасар қазақстандық спортшының бұл суреті жекелей сындағы еркін бағдарлама кезінде түсірілген. Оның қортындысынан кейін Денис Тен қола медаль иегері атанып, Қазақстанға Сочи Олимпиадасының жалғыз медалін салған болатын. Денис теннің «қоласы» Қазақстанға Сочи Олимпиадасында мәнерлеп сырғанаудан медаль жеңіп алған мемлекеттердің «сегіздігіне» енуге мүмкіндік берді.
Медаль жиынтығы бойынша, Қазақстан 26-орынға ие болды. Денис Тен болса, жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Сочи Олимпиадасының жеті басты жаңалықтарының бірі деп аталды.

Басты сөздер: Спорт , Олимпиада
 
0
0
507

Хоккей: астаналық «Барыс» оңбай жеңілді

АСТАНА. ҚазАқпарат — Астаналық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында Мытищилік «Атланта» командасымен ойын өткізіп, қарсыласынан өз қақпасына 5 гол өткізіп алды.

Арена-Мытищи стадионында өткен кездесу 1:5 есебімен аяқталды.

Бірінші айналымда «Атланта» хоккейшілері астаналықтарға жауапсыз 3 гол салып кетті. Сергей Шмелев дубль авторы атанса, келесі бір голды Игорь Радулов салып кетті. Екінші жиырма минуттықта «Барыс» Найджел Доустың мергендігімен бір гол есе қайтарды. Дегенмен қазақстандық клуб әріге бара алмады. Керісінше үшінші айналымда мұз иелері «Барыс» қақпасына тағы екі шайба енгізді. Алдымен 44-минутта Евгений Артюхин көзге түссе, кейін Радулов ойында дубль авторы атанды.

Дегенмен, бұл жеңілісіне қарамастан, «Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында екінші орында келеді. «Атланта» Батыс конференциясында тоғызыншы орынға көтерілді.

Басты сөздер: Спорт
 
0
0
197