Мазмұнға өту

Жаңа

Әзірбайжандық зілтемірші Қазақстан азаматтығын алатын болды

Жастар арасында Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанған әзірбайжандық спортшы Ниджат Рагимов Қазақстан азаматтығын алады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ауыр атлетикадан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсір айтып берді. «Бұл мәселе жөнінде Әзірбайжан ауыр атлетика федерациясы мен Қазақстан ауыр атлетика федерациясы арасында келіссөздер жүруде. Екі тараптың да талаптары қаралып жатыр. Егер, келіссөздер осы қарқынмен сәтті өтетін болса, онда келесі айда Ниждат Рагимов Қазақстан азаматы атанатын болады», — дейді Меңдіхан Тәпсір. Естеріңізге сала кетейік, бұл мәселе өткен аптаның басында Рагимовтың әкесі әзірбайжандық БАҚ өкілдеріне «Ұлым Қазақстан азаматтығын алады», — деп айтқаннан соң шыққан болатын. Мұдай шешімді спортшы ауыр атлетикадан Әзірбайжан құрамасының бапкерлерімен с…

0
0
453

С.Ахметов: «Жасыл орам» құрылысын 1-тоқсаннан кешіктірмей бастау қажет

ҚазАқпарат – «ЭКСПО-2017» аясында бой көтеретін «жасыл орам» құрылысын ағымдағы жылдың 1 тоқсанынан кешіктірмей бастау қажет. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты. Үкімет басшысының атап өтуінше, «ЭКСПО» аясында салынатын «жасыл орам» Қазақстандағы әлемдік стандарттарға сай экологиялық таза әрі энергиялық тұрғыдан тиімді бірегей құрылыс болады. ҚазАқпарат – «ЭКСПО-2017» аясында бой көтеретін «жасыл орам» құрылысын ағымдағы жылдың 1 тоқсанынан кешіктірмей бастау қажет. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов айтты. Үкімет басшысының атап өтуінше, «ЭКСПО» аясында салынатын «жасыл орам» Қазақстандағы әлемдік стандарттарға сай экологиялық таза әрі энергиялық тұрғыдан тиім…

0
0
448

Сен қазақсың — мен қазақ!

Неге қазақ тілі дамымай жатыр? Неге қазақ тіліне деген сұраным сондай төмен? Неге барлық адамдар тек ағылшынша , орысша оқидыда, Қазақ тіліне келгенде көңілі қаламай, Не керегі бар деп жауап қатады. Неге үлкен компанияларда орысша, ағылшынша білген адамдарды құрметтейдіда, ал қазақ тілін жақсы білетін адамға көз қарасы өте төмен?! Бүгінгі таңда көптеген жастар тіл мәселесінде ешнарсеге талпынбайды, біреуге бір тіл мәселесін көтерсең болды Нацист, Фашист деп немесе бұған кінәлі Назарбаев деп шыға келеді. Неге барлық нәрсені елбасымызға жаба береміз? Қазақта “жаяудың шаңы шықпас, жалғыздың үні шықпас”, “басшысы мықты - ел мықты емес, халқы мықты ел - мықты “ деген қанатты сөздерге ой жүгіртсек, ел басымыздың бір өзі ешнарсені шеше алмайтыны көрініп тұр. Сондықтан бұл мәселе сіз бен біздің а…

0
3
1288

Қорғаныс министрлігі кезекті азаматтарды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеуді аяқтауда

Жергілікті әскери басқару органдары республикамыздың азаматтарын әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді аяқтауда. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2014 жылы 17 жасқа толатын жасөспірімдер есепке алынатын болады. Бүгінгі таңда 80 мыңнан аса адамды әскер қатарына шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілді. Екі ай ішінде жасөспірім жігіттер тиісті қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерде олардың әскери қызметке жарамдылық дәрежесін анықтау мақсатында медициналық тексеруден өтті. Бұрын хабарлағанымыздай, бұл іс-шаралар әскери қызметке шақырылу жасына дейінгі жастарды әскер қатарына дайындауға мүмкіндік береді. Денсаулықтарында елеусіз кемшіліктер анықталған жастарға тиісті емдеу мекемелеріне жолдамалар берілді. Олар онда әск…

0
0
293

Футбол: Исландиямен ойнайтын Қазақстанның жастар құрамасы жасақталды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Футболдан Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Саулюс Ширмялис Еуропа чемпионатының іріктеу сыны аясында Исландиямен ойнайтын команданың толық құрамын жариялады. Бапкер келесі футболшыларды шақырған: Қақпашылар: Стас Покатилов («Шахтер» Қарағанды), Станислав Павлов («Ақтөбе»), Михаил Голубничий («Бәйтерек» Астана). Қорғаушылар: Бақдәулет Қожабаев («Ертіс» Павлодар), Саят Сариев («Жетісу» Талдықорған), Кирилл Пасичник («Атырау»), Дмитрий Мирошниченко («Ақтөбе»), Григорий Сартаков («Ертіс» Павлодар), Евгений Левин («Ордабасы» Шымкент), Тимур Рудосельский («Қайрат» Алматы), Рафкат Аслан («Тобыл» Қостанай). Жартылай қорғаушылар: Бауыржан Исламхан («Қайрат» Алматы), Исламбек Қуат («Астана»), Александр Ульшин («Оқжетпес» Көкшетау), Игорь Пикалкин («Астана»), Роман Мурта…

0
0
423

Елена Хрусталева келесі Қысқы олимпиадаға қатыспайды

СОЧИ. ҚазАқпарат — Қазақстандық биатлоншы, Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері 2018 жылы Кореяның Пхенчхен қаласында өтетін 23-ші Қысқы олимпиада ойындарына қатыспайды. Бұл туралы спортшы Сочиде журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлады «ҚазАқпарат» тілшісі. «Мен келесі Олимпиадаға қатыспаймын. Тағы бір жыл Әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отырмын. Егер оған қатыспасам, командалық эстафетада дау шығуы мүмкін. Жалпы маған бұл спорт ұнайды, әлі де жарыстарға қатысқым келеді», — деп атап өтті ол. Оның сөзіне қарағанда, бір жылдан соң спорттағы мансабын тоқтатқаннан кейін ол Қазақстан өңірлерінде балалар спортын дамытумен айналыспақшы. «Мен Ресейге кетпеймін. Қазақстанда қаламын. Өйткені мұнда біздің орнымызды басатын ешкім жоқ», — деп қосты ол. Басты сөздер: Спорт , Ол…

0
0
271

Қызылордада бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат — Бүгін «Евразия» спорт кешенінде 1996-1997 жылдары туылған жастар арасында бокстан ел біріншілігінің жалауы көтерілді. Чемпионатқа республиканың барлық өңірінен 200 жуық былғары қолғап шебері қатысуда. Жас спортшыларға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сәттілік тіледі, деп хабарлайды облыстық Денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. 11 салмақ дәрежесінде өзара бақ сынайтын былғары қолғап шеберлері Сыр өңіріндегі сайысқа үлкен дайындықпен келген. Бәсеке жоғары дәрежеде өтетінін мамандар қазірден-ақ айтуда. Өйткені «сен тұр, мен атайын» дейтін үздіктердің барлығы жарысқа қатысуға ниет танытыпты. Олардың арасында әлем чемпионы астаналық Рахат Мыржықпаев, Азия чемпиондары қарағандылық Владислав Сталбовский, қызылордалық Сабыржан Әбілов бар. Жарыс бір апт…

0
0
308

Ақмолалық жас каратэшілер ел біріншілігінен жүлделі оралды

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат — Тараз қаласында спорттық каратэден балалар мен жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігінен ақмолалықтар олжалы оралды. Бүгін Көкшетау теміржолы вокзалында каратэ десе ішкен асын жерге қоятын бірқатар азаматтар мен спортшы балалардың ата-аналары жеңімпаздарды салтанатты түрде қарсы алды. Еліміздің барлық облыстарынан қатысқан бұл додада ақмолалықтар мерейі үстем болып, жалпы командалық есепте жүлделі екінші орыннан көрінді. Әсіресе, боз кілемде қарсылас шыдатпаған Дамира Жаубасар, Артем Буряк, Айнаш және Гүлбағыш Махамбетовалардың шеберліктері бапкерлердің көңілінен шықты. Жеткіншектерді салауатты өмір салтына тәрбиелеп, осы шығыс спорты түрінің қыр-сырына үйретіп жүрген бас жаттықтырушы, спорттық каратэ федерациясының облыстық филиалының директоры Руслан Дүк…

0
0
409

Бокс: WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионын өлтіріп кетті

WBA нұсқасы бойынша екі салмақ дәрежесіндегі бұрынғы әлем чемпионы Антонио Серменьоның өлі денесі табылды. Бұл туралы «Эль Мундо» басылымы жазды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.45 жастағы венесуэлалық бокшысының денесі сейсенбі күні табылған. Полицияның мәлім етуінше, соңғы кездері жаттықтырушы болып жұмыс істеген бұрынғы боксшының мүрдесі Барловенто бағытындағы жолға жақын жердегі ну тоғайдың ішінен табылған. Бұл оқиға Каракасқа баратын жолда, оны тағы бес азаматпен бірге ұрлап кеткен күннің ертесіне орын алып отыр. Қарақшылар жанар-жағармай бекетіне тоқтаған кезде әлгілердің үшеуі қашып кете алған. Серменьо кәсіби бокс рингінде 1990-2006 жылдар аралығында өнер көрсетті. Ол 45 рет (31 нокаут) басым түсіп, 7 рет жеңілген. 1995-1997 жылдары 55,22 келі, 1998-1999-57,5 келі салмақ дәрежесінде WBA…

0
0
336