Мазмұнға өту

Жаңа

Кел, жастар, оқылық!

В рамках республиканской компании «Кел, жастар, оқылық!» 25 февраля 2014 года в городе Петропавловске в первичном отделении Молодежного крыла «Жас Отан» Гуманитарно-технического колледжа состоялась встреча молодежи с выдающимися молодыми писателями области. Во встречи принимал участие Самат Копеев, автор 18 научно-ислледовательских трудов, председатель Всемирного научного центра «Генеалогия Чингисхана и его потомки XIII-XXI века», представитель русской общины Ассамблей народов Казахстана, участник проекта «Школа Волонтеров» Алина Гайнуллина и Владимир Кочнев, студент Института языка и литературы, автор стихотворений на иностранном языке. В ходе встречи гости рассказали о своих трудах, а также поделились творческими произведениями с ребятами, особый интерес у аудитории вызвали труды Самата…

0
0
1004

Браконьерлікпен күрес жөнінде

2014 жылдың 21 ақпанында Қазалы аудандық ішкі істер бөлімінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері және Қызылорда облыстық аумақтық орман және аңшылық шаруашылығы инспекциясының инспекторлары бірлесіп, рейдтік іс-шара жүргізу барысында Әйтеке би кенті маңында ұсталған ақбөкенді сойып жатқан жергілікті тұрғынды құрықтады.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/02/101-89/

0
0
389

«Поэзия, менімен егіз бе едің?!»

Кеше Астана қаласы Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты ақындар байқауы өтті.

Сайысқа жас таланттар қатысып, бағын сынады. Олар үш кезең бойынша өнер көрсетті.
Жарысқа қатысушылар Мұқағали Мақатаевқа, тіл тақырыбына арнаған өлеңдерін оқыды және ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады.
Байқау жеңімпазы Жұлдызай Ысқақ шілде айында ақынның туған жерінде өтетін республикалық сайысқа жолдама алды.
Кештің мақсаты - Мұқағали Мақатаевтың мұрасын насихаттау, өлең құдіреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін көтеру.

0
0
679

Ою таңбалы өрнек

Егемен Қазақстан, 25.02.2014 Елордада «Шежiре» қазір­гі за­ман­ғы өнер галерея­сында белгілі сурет­ші Бақ­ты­бек Тал­қамбаевтың шығар­машылығына арналған «Мәңгілік Ел» атты көрмесі ашылды. Көрме Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың ел халқына Жолдауында айтқан «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын қолдайды. – Мемлекет басшысының ұлттық идеясы бізді рухани талпынысқа, шығармашылық ізденістерге ынталандырады. Соның дәлелі осы өнерге арналған көрме, – дейді бұл шараның басында жүрген Роза Жүсіпова. Суретшінің кескіндемеле­рінен таби­ғаттың сан түрлі көрінісіне көз салсақ, ою-таң­балы еңбектерінде бояуды құбылтып отырады. Оюлы өнер, оның табиғатпен, ғарышпен, тарихпен байланысын ашып тұр­­ғандай. Ұлттың мәдени ділі­нің құ­пиясына тереңдеп барып, иірім­дерін құбылтып жібереді. – Елбасының Жолдауындағы соны т…

0
0
470

27 ақпан-10 наурыз аралығында өтетін «Атыраудың сырлы жауhарлары» атты көрмеге қатысушы Анна Бурованың жұмыстары

Анна Бурова Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Ол 2000-2006 жылдар аралығында бірнеше консалтингтік компанияларда әртүрлі қызмет атқарған. Чехияның журналдарында көптеген мақалалары мен романдары жарық көрген. 2009 жылы Индонезияда, 2011 жылы Сауд Арабиясының өнері мен мәдениетін көтеруге арналған көркемсурет көрмелеріне қатысқан. 2012 жылы Аль Шарк газетінде сұхбаты шыққан. 2013 жылы Мәскеу қаласындағы Гараз орталығындағы ұжымдық көркемсурет көрмесіне қатысқан.


0
0
530

Қазақстандық гимнастшылар ҚХР Жасөспірімдер олимпиадасына бірнеше лицензия жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Жеке біріншілікте көркем гимнастика бойынша қазақстандық спортшылар Елизавета Майновская мен Вероника Лысогор (шеңбермен жаттығуда) Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды ҚР Орталық коммуникациялар қызметінен. Топтық жаттығуларда біздің 5 спортшымыз таяқшамен жаттығуда Азия чемпиондары атанды. Олардың барлығы осы жылы тамыз айында Қытайдың Нанкин қаласында өтетін Жасөспірімдердің Олимпиада ойындарына лицензияны иеленді. Командалық біріншілікте «күмісті» иеленумен Елизавета Майновская, Анна Максимова, Вероника Лысогор жеңіс тұғырынан көрінсе, топтық жаттығуларда Әмина Қожахат, Нұрай Құмарова, Әлия Молдахметова, Виктория Гуслякова, Олеся Колышева «қола» жүлдені еншіледі. Жеке біріншілікте лицензия көшбасшылардың бірінші төрттігіне, ал топтықта — тек 1-ші орынға ғана беріл…

0
0
397

Батысқазақстандық каратэшілер халықаралық жарыста жүлделі орындарға қол жеткізді

ОРАЛ. ҚазАқпарат — 22-23 ақпан аралығында Ақтөбе қаласында каратэ-додан әлем чемпионы Әшім Қалидың жүлдесі үшін ХІІ халықаралық турнир өткізілді.

БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметтері бойынша оған Қазақстан, Ресей, Қырғызстан елдерінен барлығы 17 команда қатысқан.

Додада аталмыш өңірден 16 спортшы бақ сынасты. Жастар арасында Асылбек Өтегенов 63 келі салмақ дәрежесінде чемпион атанса, Әсет Мағалимов, Вадим Кондратенко, Дима Кузнецов ІІІ орынды иеленді. Ересектер арасында 55 келі салмақта Азамат Мықиев, Ернат Құспанов (60 кг),  Естай Манашев  (75 кг) қола жүлдені иеленді.

0
0
268

Волейбол: Әйелдер командаларының ұпайлары теңесті — БҚО

ОРАЛ. ҚазАқпарат — Орал қаласындағы «Энергия» фитнес орталығында «А» жоғары лига командалары арасында ел біріншілігі үшінші турының ойындары жалғасуда.

Қос турдан кейін «Алматиночка» «Қарағанды-2» командасынан екі ұпай алда келе жатқан еді. Үшінші тур барысында олардың жинаған ұпайлар саны 31-ге жетіп, теңесті. Алдымен «Қарағанды-2» командасы алматылық қыздарды бес партияда ұтып, екі ұпайға ие болды.

Одан кейін жексенбі күні алматылықтар үшінші орындағы «Қостанай» командасын 3:2 есебімен жеңді. Ал алаң иелері «Грация-KZ» командасы үш кездесуінде де жеңіліс тапты.

«А» лигасындағы алты команда 25-26 ақпан күндері үшінші турдың қорытынды ойындарын өткізеді.

0
0
338

Алматы қаласының әкімі Денис Тенге Chevrolet Cruze автокөлігін сыйлады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат — Алматы әкімі Ахметжан Есімов бүгін Сочи Олимпиадасының жүлдегері Денис Тенді қабылдады. «Біз саған шын жүректен жанкүйер болдық. Олимпиадада жеңіс тұғырына алматылықтың шыққанына өте қуаныштымыз. Егер Алматы 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізу құқығын жеңіп алса, сенің Қазақстанды лайықты дәрежеде танытатыныңа сенімім мол», — деді қала басшысы. Олимпиада жүлдегері өз кезегінде ойын барысында алған әсерлерімен бөлісіп, қала әкіміне қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. «Сочиде Алматының келесі Олимпиада ойындарын өткізуге берген өтініші таныстырылды. Сол кезде менің барлық таныстарым, достарым Алматыға келуге ынта білдірді», - Денис Тен. Кездесудің соңына қарай Алматы әкімі Олимпиададағы жеңісі үшін Денис Тенге Chevrolet Cruze көлігінің кілтін табыстады. Естеріңізге с…

0
0
270