Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Батальон командирлері жауынгерлік әзірліктерін жетілдіруде

Әскерлердің 2014 оқу жылындағы жауынгерлік дайындық жоспарына сәйкес «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында батальон және дивизион командирлерінің онкүндік жиыны басталды. Оған өңірлік қолбасшылыққа қарасты құрамалар мен бөлімдерден жетпіске жуық командирлер қатысуда.

Жиынның басты мақсаты командирлерді тактикалық дайындық, барлау, зымыран әскерлері және артиллерияны жауынгерлік қолдану, тылдық, техникалық, инженерлік қамтамасыз ету және радиоэлектронды күрес бойынша оқыту болып отыр. Сондай-ақ, командирлердің тактикалық сабақтар кезіндегі білімдері мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру. Озық тәжірибелерді зерделей отырып, офицерлерді оқыту мен тәрбиелеу процесіне енгізу. Командирлердің функционалдық міндеттерін орындаудағы кәсіби дайындықтары мен тәжірибелік машығын арттыру қарастырылған.

Командирлік дайындық жиыны шеңберінде атыс дайындығында бақ сынаған сардарлар «жақсы» деген бағаны бағындырды.

Командирлік жиынының бастығы полковник Юрий Асқаров:

Қатысушылар жиын барысында кәсіби дайындықтары мен тәжірибелік машығын арттыруға мүмкіндік алады. Сол себепті батальон, дивизион командирлеріне жүктелер негізгі тапсырма моралдық жағынан тұрақты, денсаулығы мықты, сауатты, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті кәсіпқойды дайындау болып табылады. Жиын қорытындысы бойынша әрбір командирге дербес баға қойылатын болады, – деді.

Жиындар 5 наурызда аяқталады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
477

Осы тақырып бойынша

Батальон командирлері жауынгерлік әзірліктерін жетілдіруде - Yvision.kz