Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

HD форматтағы телеарналар топтамасы ұсынылады

Біз «Алакаст» компаниясымен бірлесіп,  эксклюзивті Viasat Premium HD форматында рұқсат етілген  дәлдігі жоғары (FullHD) телеарналардың жаңа топтамасын  ұсынамыз.

Жаңа қызметті - HD-арналарының топтамасын  - компанияның инновациялық бөлімі iD TV қызметі сервистерін дамыту жұмыстарының аясында әзірлеп отыр. Компанияның продуктологтары абоненттер үшін үздік арналарды, оның ішінде HD-сападағы  үздік фильмдер көрсететін телеарналарды таңдады. Viasat Premium HD топтамасының басымдықтарына келер болсақ: абонеттерге Full HD форматтағы жоғары сапалы суреттер мен  таза дыбыс және соңғы әлемдік премьералық фильмдер ұсынылады және  жарнама болмайды.

Жаңа топтамаға TV 1000 Premium HD TV, 1000 Megahit HD, TV 1000 Comedy HD, Viasat Nature HD, Viasat History HD, Viasat Sport HD арналары кіреді.

iD TV көрермендері ең жаңа голливудтық және ресейлік фильмдер мен мульфильмдерді, су жаңа блокбастерлерді, тамаша комедиялар мен спорт туралы бағдарламаларды көре алады.  Және бұл топтамаға HD-форматтағы табиғат пен жануарлар әлемі туралы деректі фильмдер, тарих туралы, қалалар мен адамдар туралы, атаулы оқиғалар туралы бағдарламалар  кіреді.

«iD Net»-ке қосылған «iD TV» қызметін  тұтынушылар ағымдағы жылдың 1 ақпанынан бастап "Viasat Premium HD" жаңа топтамасына  қосылу мүмкіндігіне ие болып отыр. Жаңа Viasat Premium HD топтамасының құны  бір киносеансқа арналған екі билеттің құны.  Viasat Premium HD жаңа қызметі мен оның шарттары туралы толығырақ www.id-tv.kz сайтынан оқып-біле аласыздар.

0
0
533