«Барыс аруын» таңдауға дауыс беру басталды
АСТАНА. ҚазАқпарат — «Барыс» хокеей клубы «Барыс аруын» таңдау бойынша халықтық дауыс беру басталғанын жариялады. Клубтың баспасөз қызметінен хабарлағандай, байқаудың финалына » Facebook» және » ВКонтакте» топтарында ең көп дауыс жинаған үш қатысушы өтеді.
Тағы екі қатысушыны байқауды ұйымдастырушылар таңдайды. Одан кейін ойыншылар, жаттықтырушылар штабы, сонымен бірге, клуб әкімшілігі дауыс береді, соңынан жеңімпаз анықталады.
Дауыс беру 3 наурыз күні Астана уақыты бойынша 12:00-де аяқталады.

