Көктемгі аң аулау кезеңі жөнінде
Қазақстан Республикасы аумағында аң аулау ережесіне сәйкес 2014 жылғы 15 наурыздан 15 мамырға дейінгі кезеңде суда жүзетін және орман құстарын көктемде аулау 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы аумағында аң аулау ережесіне сәйкес 2014 жылғы 15 наурыздан 15 мамырға дейінгі кезеңде суда жүзетін және орман құстарын көктемде аулау 15 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
ҚазАқпарат – Мойынқұм даласында сексеуілмен бірге өсетін сайсағызы өсімдігінен Тараз мемлекеттік университетінің ғалымдары косметология және фармацевтика саласында қолдануға болатын әр түрлі өнімдер жасап шығаруда.
ҚазАқпарат -Бүгін Парламент Мәжілісі «1999 жылғы 3 желтоқсанда Бейжіңде қабылданған Озон қабатын бұзатын заттар жөнiндегi Монреаль хаттамасына Түзетудi ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
Құрметті табиғат пайдаланушылар!
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, 2013 жылға арналған парниктік газдарды түгендеу есептерін ағымдағы жылдың 1 сәуіріне дейін бірінші басшының қолы қойылған жолдама хатымен бірге ұсынуды ескертеміз.
Есеп бір нұсқада және жіберушінің электрондық адресі мекенжайын көрсетіп жіберіледі, көрсетілген мекенжайға тіркеу нөмірі және мөр қойылған есептің сканерленген көшірмесі жіберіледі.
Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы
Тек сүйемін, бүгін сені, сыртыңнан,
Ұзақ қарап, талай жүрдім, артыңнан.
Сен сүймесең, мен сүйемін, бұл ғажап,
Саған айтсам, қандай болар, бұл жауап.
Қайтейін, мендегі барым, бір арман,
Адамдар, сүю үшін, жаралған.
Мен үшін, сен қол жетпес, бақытсың,
Қуанамын, ардағымсың, сен жаным.
Сыйлай алсам, сыйлар едім, бар бағын,
Бұл өмірдің сыйлар едім, бақ тағын.
Сыйлар едім, махаббатта, көк жауын,
Сыйлар едім, сұлулықтың, барлығын.
Айта алмаймын, мен сырымды, бұлығам,
Сені ойлап,көзімді ілмей, мен жатам.
Кінәләймін, тек өзімді, талпынам,
Бар сырымды, саған қалай, аша алам.
Кінә жоқ қой, жаным – ау, мен қайтейін,
Айта алмадым өзіңе, бата алмадым.
Қалды есімде, сұлу келбет, сол барым,
Өрт сезіммен, арпалысып, мен қалдым.

Сізге депозит ашу туралы ой келді делік, сол ой сізді жетелеп, банкке алып барды делік. Банктегілер: "Сіз капиталдандырумен немесе капиталдандырусыз депозит ашқыңыз келе ме?", - деген орынды сауал қою мүмкін.
Осы сәтте дұрыс таңдауды жасау үшін алдымен осы екеуінің не екенін ажыратып алайық.
Жалпы банк салымы пайыздардың есептелуін ұйғарады. Бірақ осы пайыздар салым табыстылығының жалғыз өлшемі емес. Тағы бір маңызды көрсеткіш - ол пайыздардың есептелу тәртібі. Осыған байланысты салымдар екі түрге бөлінеді: қарапайым депозиттер және пайыздары капиталдандырылатын салымдар.
Осылайша қарапайым салым бойым бойынша пайыздық табыс, әдетте, шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін есептелініп, төленеді, немесе осы әрекеттер белгілі бір уақыт аралықтарында (ай, тоқсан, жартыжылдық) жасалады.
Алайда осы пайыздық табыс аталған екі жағдайда да негізгі салымнан бөлек болады. Яғни, ол салымшыға беріледі немесе жеке шотқа аударылады.
Ал капиталдандырылуы бар салымдар өзгеше жұмыс істейді. Мұнда пайыздардан болатын табыс мерзімді түрде салымның өзіне қосылады да бұдан кейінгі пайыздар алдыңғы пайыздардың арқасында артқан соммаға есептелінеді. Ол дегеніміз пайыздар пайыздарға есептелінеді. Осындай салым үлгісі оңай емес есептеуді қажет ететіндіктен күрделі пайыз деп те аталады.
Табысты капиталдандыру механизміне мысал:
Сізде 200 000 теңге бар деп алайық. Бір жартысын қарапайым депозитке саласыз, ал қалғанын тоқсан сайынғы капиталдандыруы бар депозитке салдыңыз. Екі жағдайда да орналастыру шарттары бірдей: салым ұзақтығы - 12 ай, пайыздық мөлшерлеме - 10 жылдық пайыз.
Салымдардың табыстылығы төмендегі кестелерде:
Қарапайым депозиттік салым

Тоқсан сайынғы капиталдандыруы бар салым

Кестелерден келесіні аңғаруға болады: қарапайым депозит бойынша жалпы жылдық табыстылық 10 000 теңгені құрады, ал тоқсан сайынғы капиталдандыруы бар салым бойынша - 10 381,29 теңге. Осылайша екінші нұсқа табыстырақ болды және пайданы 3,8 %-ға арттырды.
Жоғарыда тоқсан сайынғы капиталдандыруға мысал келтірілді, егер ол ай сайынғы болса, табыс 10 471 теңге болар еді, ал жарты жылғысында - 10 250 теңге. Капиталдандыруы бар салымға салынатын депозит соммасы қаншалықты жоғары болса, табыс нәтижелілігі де соншалықты жоғары болады.
Бұдан шығатын түйін: егер қарапайым депозит пен капиталдандыруы бар салым арасындағы пайыздық мөлшерлеме бірдей болса, капиталдандыруы бар депозитке артықшылық берген жөн.
Бірақ банктегілер де ақымақ емес, сол себепті әдетте капиталдандыруы бар салымдарда пайыздық мөлшерлеме төменірек болады.
Мұндай жағдайда түрлі шарттарды ескеріп, банк ұсыныстарын мұқият зерделеп, есептеулерді жүргізіп, ең табыстысын таңдау қажет.
Қазіргі уақытта қазақстандық банктердің көбісі капиталдандыруы бар депозиттерді ұсынады.
Ең бастысы банк өнімінің берілу шарттарын мұқият оқыңыз, әсіресе ұсақ шрифтпен жазылған жерлерін (көп маңызды ақпар алуға болады).
Және де банк қызметкерімен бірге отырып, салымның жалпы құрылымын қарастыруға болады. Капиталдандыруы бар және капиталдандыруы жоқ депозит үлгілерін есептеп, салғастыру артық болмас.
Еңбекпен тапқан ақшасын депозитте еселегісі келетіндерге іске сәт!
ҚазАқпарат, 18.03.14
22 наурыз күні Астана қаласы Есіл ауданындағы «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің алаңында «Жыл басы - Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтеді, деп хабарлайды шараның ұйымдастыру алқасы.
Іс-шара барысында театрландырылған көріністер, мерекелік қойылымдар, өнер майталмандарының дайындаған концерттік бағдарламасы, ата-бабадан жеткен халқымыздың жоралғылары мен дәстүрлерін дәріптеу шаралары, қолөнер көрмесі және ұлттық спорттық ойындар өткізіледі.
Наурызды тамашалауға келген қонақтар ұлттық ойындарда бақ сынасып, әр түрлі байқауларға қатыса алады. Атап айтар болсақ, «Наурызым - нұрлы ырысым» наурыз көжелер байқауы, «Жарқыраған жас нұрлы, Жаса, Наурыз дәстүрлі» атты ең тәтті самаурын шайы, «Киім пірі - кимешек» ұлттық киімді нақыштайтын әжелер байқауы, «Бұрымды қыз» байқауы, «Төрлет, әз - Наурыз!» жас айтыскер-ақындар сайысы, «Ас атасы - нан» атты ең тәтті бауырсақтар сайысы, «Аталар сөзі - ақылдың көзі» мектеп оқушылары арасында мақал-мәтелдер жарысы, үй шаруаларына пысық жас келіндер байқауы және т.б. тақырыптарда қызықты сайыстар ұйымдастырылады.
Байқау жеңімпаздары түрлі сыйлықтар мен марапаттауларға ие болады.
Бұтында тар джинси шалбар, үстінде сурет басылған майка, баяғы сәнмен тоқылған кеудеше немесе свитер, ал қолында соңғы үлгідегі ұялы телефоны және тәуелсіз келбет! Хипстерлерді кез-келген ортада кездестіруге болады, олар арт-хаус кинолардың көрсетілімінде, клубтардағы сауық кештерінде немесе бейформатты кітаптардың тұсаукесер рәсімінде жиі жүреді. Әдетте, әрбір хипстер өзін шығармашылық адамы деп санайтындықтан, олар жазушы, журналист, фотограф, дизайнер, тіпті диджей болғысы келеді.
Достар, назарларыңызға біздің елдің хипстерлерін таныстырамыз:

Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында ҚР Қарулы Күштері, сот және құқық қорғау органдарының заңдылықты қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылды жақсарту тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті
Елбасы – ҚР ҚК Жоғарғы Бас қолбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың жедел-стратегиялық кеңесте қойған тапсырмаларын іске асыру мақсатында Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында ҚР Қарулы Күштері, сот және құқық қорғау органдарының заңдылықты қамтамасыз ету мәселелеріндегі өзара іс-қимылды жақсарту тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
Кеңеске ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым, ҚР Бас әскери прокуроры Ерғали Мерзадинов ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлік Кененбаев, ҚР Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаев, ҚР гарнизондары әскери соттарының төрағалары, Алматы гарнизоны құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар ҚР Қарулы Күштері, сот және құқық қорғау органдарындағы жемқорлық көріністерді азайту бойынша ұсыныстар әзірлеу мен оны іске асыру, мемлекеттік сатып алулар, тұрғын үй қатынастары, курсанттардың оқуына кеткен бюджет қаражатын өтеу саласында заңдылықты сақтау мәселелерін талқылады.
Кеңестен соң осындай жиналыстарды тұрақты негізде өткізіп тұруға және ҚР Қарулы Күштеріне, сот және құқық қорғау органдарына бірқатар ұсынымдар әзірлеу ұсынылды.
ҚР ҚМ Баспасөз қызметі