Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Әскери медицина қызметкерлері көктем мерекесін тойлауда

Бүгін көктем мерекесі Наурыз қарсаңында Қазақстан Респбуликасы Қорғаныс министрлігінің Бас әскери клиникалық госпиталінде «Армысың, әз-Наурыз!» атты салтанатты жиын өтті.

Әскери медицина қызметкерлері қазақ халқының бай дәстүрі мен әдет-ғұрпын паш етті, әртүрлі ұлттық ойындар ұйымдастырды, қонақтар үшін мерекелік дастархан жайылды, ән айтылып, би биленді – көктемгі көңіл-күй кеңінен орын алды.

Күн мен түн теңесетін Наурыз мейрамы шығыс халықтар үшін  маңызды екенін атап өткен жөн. Наурыз мерекесін ұлан-асыр етіп тойланса, жыл бойы табыс пен береке әкеледі деп есептеледі.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
381

Осы тақырып бойынша