Мазмұнға өту

Жаңа

ҚР Қорғаныс министрлігі: 83205 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы үшін

Астана қаласында 83205 әскери бөлімінің әскери қызметшілері еліміздің стратегиялық құжаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер Жолдаудың негізгі идеясы «Мәңгілік Ел» театрландырылған қойылымын көрсетті.

Жеке құрам алдында сөз сөйлеген 83205 әскери бөлімінің командирі полковник Айдар Әбдірахман:

– Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында тәуелсіз елдің азаматтарына көптен күткен «Мәңгілік Ел» идеясын нақты айқындап берді. Бұл идея қазақ халқының мыңдаған жылдарғы тарихи тәжірибесі, республиканың қалыптасу жолы болып табылады. Отанының игілігі үшін жанын берген біздің бабаларымыз осыны армандаған болатын, – деп атап өтті.

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында барлық қазақстандықтарға ауқымды тапсырмалар қойды.  ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамы осы тапсырмалардың сәтті іске асатынына сенімді және биік мақсаттарға қол жеткізу кәсібилікті, әскери қызметшінің жауынгерлік борышын адал атқаруды талап ететінін түсінеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
623

ҚР Қорғаныс министрлігі: 83205 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы үшін

Астана қаласында 83205 әскери бөлімінің әскери қызметшілері еліміздің стратегиялық құжаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер Жолдаудың негізгі идеясы «Мәңгілік Ел» театрландырылған қойылымын көрсетті.

Жеке құрам алдында сөз сөйлеген 83205 әскери бөлімінің командирі полковник Айдар Әбдірахман:

– Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында тәуелсіз елдің азаматтарына көптен күткен «Мәңгілік Ел» идеясын нақты айқындап берді. Бұл идея қазақ халқының мыңдаған жылдарғы тарихи тәжірибесі, республиканың қалыптасу жолы болып табылады. Отанының игілігі үшін жанын берген біздің бабаларымыз осыны армандаған болатын, – деп атап өтті.

Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында барлық қазақстандықтарға ауқымды тапсырмалар қойды.  ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамы осы тапсырмалардың сәтті іске асатынына сенімді және биік мақсаттарға қол жеткізу кәсібилікті, әскери қызметшінің жауынгерлік борышын адал атқаруды талап ететінін түсінеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
412

2014 жылғы 27 наурызда ҚР Қоршаған орта мен су ресурстары министрлігі «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп, АЭФ-7 дайындық аясында «G-Global» алаңында онлайн-конференция өткізеді

«G-GLOBAL ПЛАТФОРМАСЫНДА  ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ  ЖОСПАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ»
2014 жылғы  27 наурызда  ҚР Қоршаған орта мен су ресурстары министрлігі    «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп,  АЭФ-7 дайындық аясында   «G-Global» алаңында  онлайн-конференция өткізеді.
Іс-шараның мақсаты –  ІІ-ші Бүкіләлемдік Дағдарысқа Қарсы конференцияның «Жасыл өсім: мәселелері мен келешегі» бағыты бойынша  қорытынды қарар үшін ұсынымдар әзірлеу.

«G-GLOBAL ПЛАТФОРМАСЫНДА  ӘЛЕМДІК ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ  ЖОСПАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ»
2014 жылғы  27 наурызда  ҚР Қоршаған орта мен су ресурстары министрлігі    «Жасыл Академия» Ғылыми-білім беру орталығымен бірлесіп,  АЭФ-7 дайындық аясында   «G-Global» алаңында  онлайн-конференция өткізеді.
Іс-шараның мақсаты –  ІІ-ші Бүкіләлемдік Дағдарысқа Қарсы конференцияның «Жасыл өсім: мәселелері мен келешегі» бағыты бойынша  қорытынды қарар үшін ұсынымдар әзірлеу.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/03/102-48/

 
0
0
283

В Талдыкоргане презентована книга «Жетісу кітапханасы»

Казинформ, 26.03.2014

Во Дворце языков прошла презентация книг под рубрикой «Жетісу кітапханасы», собранных писателем Ролланом Сейсенбаевым.

Как сообщили в пресс-службе акима области, презентация организована и представлена читателям Алматинской областной универсальной библиотекой им.С.Сейфуллина. На мероприятии присутствовал заместитель акима области Серик Муканов.
В своем вступительном слове С.Муканов подчеркнул особую значимость данной серии книг для фонда областной библиотеки и читателей Жетысу. Заместитель акима отметил огромный труд Роллана Сейсенбаева и его заслугу в выпуске произведений великих казахских писателей, выразил благодарность за патриотизм и пожелал творческих успехов.

Писатель Роллан Сейсенбаев рассказал о книгах и поделился идеей о том, что великие личности не должны быть забыты. Также поблагодарил акима области А.Мусаханова за оказанную поддержку в выпуске данной серии книг.

0
0
565

Талдықорғанда «Жетісу кітапханасы» кітаптары таныстырылды

ҚазАқпарат, 26.03.2014

Тілдер сарайында жазушы Роллан Сейсенбаев жинаған «Жетісу кітапханасы» айдарымен шығарылған кітаптардың таныстырылымы болды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, таныстырылымды ұйымдастырып, оқырмандарға ұсынған С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы. Шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқанов қатысты. Өз сөзінде С.Мұқанов бұл сериядағы кітаптардың облыстық кітапхана қоры мен Жетісу оқырмандары үшін зор маңызын атап көрсетті. Әкімнің орынбасары қазақтың ұлы жазушыларының шығармаларын шығарудағы Роллан Сейсенбаевтың сіңірген зор еңбегін атап өтті және оған патриотизмі үшін алғыс айтып, шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді.

Жазушы Роллан Сейсенбаев кітаптар туралы әңгімелеп, ұлы адамдар ешуақытта ұмытылмауға тиіс деген идеяларымен бөлісті. Сондай-ақ ол осы сериядағы кітаптарды шығаруға көрсеткен қолдауы үшін облыс әкімі А.Мұсахановқа алғысын жеткізді.

0
0
447

Дэвис Кубогының ширек финалында Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат — Сәуірдің 4-6 аралығында Женевада Дэвис Кубогы үшін өтетін әлемдік топ матчының ширек финалында Швейцария командасына қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасының құрамы жарияланды, деп хабарлады sports.kz.

Қазақстанның ұлттық командасының капитаны Дияс Досқараев осы матчқа қатысуға Михаил Кукушкин, Андрей Голубев, Александр Недовесов пен Евгений Королевті шақырды.

Еске сала кетейік, Қазақстан мен Швейцария құрамалары матчының жеңімпазы жартылай финалда Ұлыбритания мен Италия арасында өткен кездесуде басымдық танытқанымен кездеседі.

Басты сөздер: Спорт
 
0
0
305

ФИФА президенті Й. Блаттер Қазақстанға ат басын бұрмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат — ФИФА президенті Йозеф Блаттер Қырғыз Республикасына, Тәжікстанға және Қазақстанға төрт күндік ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Р-Спорт.

24 наурызда Бішкекте басталған сапар барысында Й. Блаттер бірқатар спорт және мемлекеттік билік өкілдерімен кездесулер өткізіп, бірнеше футбол алаңдарының ашылуына қатысады.

Йозеф Блаттер 27 наурызда Астанада өтетін УЕФА-ның XXXVIII кезекті конгресінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

Басты сөздер: Спорт
 
0
0
379

«Севастополь» мен «Таврия» Ресей біріншілігінде өнер көрсетуі мүмкін

Қырымның Ресей құрамына кіруіне байланысты Украинаның «Севастополь» және «Таврия» командалары футболдан Ресей біріншілігінде өнер көрсетуі мүмкін. Бірақ, бұл екі команда Ресей біріншілігіне қосылса, онда УЕФА аясындағы бірде-бір турнирлерге қатыса алмайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.  

Еуроодақ Қырымда өткен референдумды мойындамай отыр. Сондықтан да «Севастополь» мен «Таврия» Еурокубоктарға жолдама алатын болса, Еуропа футбол ассоциясы (УЕФА) бұл командаларды өзінің аясында өтетін турнирлерге қатыстырмайды. Одан бөлек, егер Ресей футбол федерациясы Қырымның қос командасын Ресей біріншілігіне қосатын болса УЕФА Ресейге де түрлі санкциялар қолданамыз деп отыр.

Бүгінгі таңдағы Киев пен Мәскеу арасындағы келеңсіз жағдайларға байланысты Украина мен Ресейдің кіл мықты командаларының басын қосатын Біріккен футбол лигасы да тек жоспар күйінде қалатын секілді.

«Біз Қырымның командаларын футболдан Ресей біріншілігіне қосу үшін УЕФА, ФИФА мүшелерімен және басқа да футбол қауымдастықтарымен ақылдаса отырып шешеміз», — делінген бұл мәселеге байланысты Ресей футбол федерациясының ресми сайтында.

Украина өз командаларын ешқайда жібермеуге мүдделі

Өткен жылы Украина кубогының жартылай  финалынан қайтқан «Севастополь» бүгінде Украина біріншілінің 12 тур қорытындысы бойынша 11 орында болса, «Таврия» 15-сатыда орналасқан. Дегенмен, Украина футбол федерациясы (УФФ) Қырымның референдум жариялағанымен қос команданы да Украина біріншілігінде сақтап қалуға ниетті.

«Елдегі орын алған қиын жағдайда біз адамдарды футбол арқылы біріктіргіміз келеді. «Севастополь» мен «Таврия» алдағы уақытта Украина біріншілігінде өнер көрсетеді деп сенеміз», — дейді бұл мәселеге байланысты УФФ-ның қоғаммен байланыс бөлімінің жетекшісі Павел Терновой.

УФФ-ның вице-президенті Анатолий Попов ертеректе бұл екі команданың да басқа біріншілікте өнер көрсетпейтіндігін кесіп айтқан еді. Ал, «Севастополь» мен «Таврия»  жетекшілері бұл мәселе толық шешілмегенше, ешқандай пікір білдірмейтіндігін хабарлады.

«Таврия» бас демеушісіз қалды

Ресей футбол премьер-лигасының атқарушы директоры Сергей Чебан Қырым командаларына байланысты барлық мәселелер шешілгеннен соң, бұл командалар толығымен Ресейдің заңымен жүріп, Ресейдің командалары ретінде тіркелетін болатындығын жеткізді.

Екі елде де футбол біріншіліктері қызған шағында «Севастополь» мен «Таврияны» Ресей біріншілігіне қосу техникалық тұрғыдан мүмкін емес. Сондықтан да екі клубта 2013/14 жылғы маусымды Украина біріншілігінде аяқтауы мүмкін. Дегенмен, бұл мәселені шешудің тағы бір жолы, екі команданың Украина біріншілігінде өнер көрсетуін тоқтатып, Ресейдің жаңа маусымын күту. Оның үстіне бұл күндері «Таврия» командасы қаржылық тұрғыдан үлкен қысым көруде.

Бұл туралы Қырымның вице-премьері Рустам Темірғалиев РИА Новостиға айтып берді. «Таврия» командасында қаржылық қиындық туындап тұр. Команданы бірнеше жыл қаржыландырып келе жатқан Украина олигархтарының бірі Аустрияда қамауда отыр», — дейді ол.

Орайы келгенде айта кетейік, 13 наурыз күні Аустрияда АҚШ-тың ФТБ-сы украинадық бизнесмен Дмитрий Фирташты тұтқындаған болатын. Украиналық БАҚ-тың мәліметі бойынша, бұл азамат 3,3 миллиард доллармен елдің ең бай төртінші адамы екен. Дәл осы азамат бірнеше жылдар бойы «Таврия» командасын үздіксіз қаржыландырып келген.

«Цхинвали» мен «Шерифтің» ізімен …

Кеңестік кезеңде мойындалмаған республикалардың клубтары өзге мемлекеттердің фубол біріншіліктерінде өнер көрсеткендері де бар. Мәселен, Тираспольдің «Шерифі» осы уақытқа дейін Молдавия біріншілігінде өнер көрсетіп, бұл елдің біріншілігінде 12 рет чемпион атанған. Сонымен қатар, Оңтүстік Осетияның «Спартак-Цхинвали» клубы Грузия біріншілігінде өнер көрсетіп жүр.

Дегенмен бұл екі команда да өзге елдің біріншілігінде өнер көрсеткенде ол елдер тәуелсіздігін жариялап, өзге мемлекеттің қатарына қосылған жоқ. Ал Қырым болса Ресей федерациясына қосылмақ.

Осы орайда Ресей футбол біріншілігінің (РФБ) құрметті президенті, 16 жыл ФИФА-ның вице-президенті қызметін атқарған Вячеслав Колосков екі команданың да Ресей біріншілігіне қосылуына заң тұрғысынан ешқандай кедергі болмайтындығын айтты.

Олар РФБ-ның тұрақты мүшесі болса, онда Қырымның барлық әуесқой да, кәсіпқой да командалары Ресей біріншілігінде өнер көрсетуіне толық негіз бар. Бұл ФИФА-ның заңына қайшы келмейді», — дейді Колосков.

Әрине, елдегі саяси жағдай тұрақтамай бұл мәселердің барлығы да шешілмейтіні анық. Оның үстіне Еуропарламент мүшелері Ресейге барлық жағынан санкция қолданып жатыр. Бұл ретте спорт та шет қалған жоқ. Бұл мәселелердің шет жағасын УЕФА 27 наурыз күні Астанада өтетін ұйымның кезекті конгресінде де қарастыратын болады. Ал, ФИФА Ресейдің футболына қандай шаралар қолданатыны 14 мамыр күні анықталады. Ал, ол уақытқа дейін бұл командалар заң жүзінде Украина біріншілігің командалары болып санала береді.

Автор: Уалихан Қосанбай

 
0
0
420

Екінші турдағы алты ойында төрт гол ғана соғылды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында ХХІІІ ел чемпионатының екінші туры өтті. Ондағы алты ойынның ешқайсысында да алаң иелері жеңіске жете алмады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.  

Екінші турдағы алты ойынның төртеуі тең аяқталды. Әрі оның үшеуінде есеп ашылған жоқ. Екі ойында қонақтар жеңіске жетті. Алты ойында бар болғаны төрт-ақ гол соғылды.

Негізі, бұл турдағы «Жетісу» – «Қайрат» клубтары арасындағы ойын Талдықорғанда өтуі керек болатын. Бірақ «Жетісу» Алматы клубын өз алаңында қабылдай алмады. Сондықтан «Қайратпен» келісіп, бұл ойынды Алматыда өткізді. Бірақ іс жүзінде екі команда Алматыда ойнағанымен, қағаз жүзінде алаң иелері «Жетісу» болып саналды.

Бұл кездесуде 1:0 есебімен Талдықорған клубы жеңіске жетті. Ал екінші турдың орталық кездесуі саналған «Шахтер» мен «Ақтөбе» арасындағы матч тең аяқталды.

«Астана» Шымкентте әлі бас бапкер таба алмай жүрген «Ордабасы» клубын тақырға отырғызып кетті. Бірақ «Астананың» өзі де әлі бас бапкерсіз… Қалған үш кездесуде бірде-бір гол соғылмай, 0:0 есебімен аяқтады.

Алғашқы екі турдан кейін жеті команда (Ақтөбе, Тобыл, Астана, Атырау, Ертіс, Жетісу, Қайсар) төрт ұпаймен 1-7-орындарды бөлісіп тұр. Ал Спартак, Шахтер, Тараз үшеуі жалқы ұпаймен 8-10-орындарға орналасқан. Екі турда да жеңілістің кермек дәмін татқан, қоржындарында соқыр ұпай да жоқ Қайрат пен Ордабасы – көш соңында.

Премьер-лига. ІІ тур. 22 наурыз

«Шахтёр» (Қарағанды) – «Ақтөбе» – 1:1
Голдар: Логвиненко, 45 (0:1). Жаңғылышбай, 65 (1:1).
85-минутта Хайруллин («А») алаңнан қуылды.

«Жетісу» (Талдықорған) – «Қайрат» (Алматы) – 1:0
Гол: Шафф, 20.

«Ордабасы» (Шымкент) – «Астана» – 0:1
Гол: Сисеро, 82.

«Атырау» – «Тобол» (Қостанай) – 0:0
«Спартак» (Семей) – «Ертіс» (Павлодар) – 0:0
«Қайсар» (Қызылорда) – «Тараз» – 0:0

Тектес:Футбол
Осы жердесіз: Негізгі бет » Спорт » Футбол
 
0
0
450

«Барыс» Гагарин Кубогының ширекфиналында төртінші матчта овертаймда «Салауат Юлаевтан» ұтылды

АСТАНА. ҚазАқпарат — «Барыс» хоккей клубы Гагарин Кубогының ширекфиналында төртінші матчта овертаймда «Салауат Юлаевқа»  2:3 есебімен жол берді.

«Барыс» пен «Салауат Юлаев» арасындағы төртінші ойын Уфада өтті, онда қазақстандық және ресейлік жанкүйерлер плей-офф сериясындағы жақсы ойын өрнегін күтті. Матчтағы оқиғалар шабуылдағы хоккейдің жақсы дәстүрлерімен өрістеді.

Бірінші және екінші кезеңдерде үйдегі жаттығуларын ортаға салған екі команда да есеп аша алмады, екі голкипер де ешқандай қате жібермей, қақпаны сенімді күзетті.

Үшінші кезеңнің жиырма минутында «Барыс» қақпасына уфалық клубтың шабуылшысы Игорь Мирнов алғашқы шайба салды. Қазақстандық хоккейшілер бұдан бұрынғы матчтағыдай, оларды қуалап жүруге мәжбүр болды. 55-минутта «барыстық» форвард Найджел Доус матчтағы есепті теңестірді.

Жекпе-жектің соңына  дейінгі екі минут ішінде уфалықтар тағы да алға шықты. Олардың құрамында Дмитрий Макаров жақсы ойын үлгісін көрсетті.

Ойын соңында қарсыластарының шайба салғанына қарамастан, «Барыс» ойыншыларының жүні жылғылған жоқ, қайта шабуылды күшейте түсті. Финалдық қоңырау соғылғанға дейін он секундтің ішінде «Барыс» «Салауат Юлаевтың» қақпасын алды. Бұл жолы қазақстандық Дмитрий Уппер тамаша ойын көрсетті.

Ал овертаймның алтыншы минутында «Салауат Юлав» ойыншыларының ұзаққа созылған шабуылының нәтижесінде Виктор Еремеевтің қақпасына тағы бір шайба түсті. Оны уфалық Кирилл Кольцов енгізді.

Төрт ойыннан кейін есеп 3.1 есебімен «Салауат Юлаевтың» пайдасына шешілді. Команданың келесі матчы 27 наурызда Астанада өтеді.

Атап өтерлігі, бүгін Гагарин Кубогының алғашқы жартылай финалшысы белгілі болды. Магнитогорлық «Металлург» ширекфиналдық серияда төрт рет жеңіске жетіп, Новосібірдің «Сібір» хоккей клубын ұтты.

Басты сөздер: Астана , Спорт
 
0
0
489