Мазмұнға өту

Жаңа

Есеп 1-0. Әзірге...

Бүгінгі таңдағы басты саяси жаңалық? - Украина дағдарысы. Жоқ, қателестіңіз. Арадағы «алтын асықтай» болған Қрым Ресей картасымен бір түске боялғалы бері, Киевтегі жаңа биліктің «жанайқайы» әлемдік таблоидтағы тізгінін бере бастады. АҚШ пен Ресейдің ендігі қарым-қатынасы рейтингтің көш басына шықты. Қрымды бауырына басқан Кремль өздерінің саяси ұстанымдарынан айнымайтындықтарынан аңғартты. Енді осы қадам үшін қандай құрбандыққа барғандығын байқасақ. Әрине, әрбір саяси құбылыстың пайдасы я зардабы, ең алдымен, ел экономикасына ықпал етеді. Ендеше, славян халқы көшбасшыларының ендгі халі қандай болмақ? Бірінші жүріс Әлемдік саясат тақтасындағы атқарар функциясы маңызды болмаса да, ойынның өзгеруіне ықпал ететін фигураны қарайық. Санкциялар. Путиннің айналасындағы әкімшілік аппаратындағы лау…

2
0
595

Ж.Алдабергенова фристайлдан Еуропа кубогы кезеңінде жеңіске жетті

Италияның Кьеза ин Вальмаленко қалашығында фристайлдан Еуропа кубогының қорытынды кезеңі өтті, деп хабарлады sports.kz. Әйелдер арасында шаңғы акробатикасынан өткен жарыстың алғашқы күнінде ресейлік Александра Орлованың мерейі үстем болды. Екінші орын украиндық спортшы Надежда Мохнацкаяға бұйырса, үздік үштікті қазақстандық спортшы Жанбота Алдабергенова қорытындылады. Келесі күні әйелдер арасында акробатикалық секіруден жарыс өтті. Бұл күні Ж.Алдабергенова үздік нәтиже көрсетсе, А.Орлова екінші орынға сырғыды. Үшінші орын оның отандасы Любовь Никитинаға бұйырды. Еуропа кубогының жалпы есебінде 350 рейтингтік ұпай жинаған Жанбота 449 ұпай жинаған А.Орловадан кейінгі орында тұр. Ал Никитина үшінші орында — 263 ұпай. Фристайл. Еуропа кубогы. Кьеза ин Вальмаленко (Италия), Әйелдер. Акробатика…

0
0
332

Хоккей: «Барыс» «Салават Юлаев» командасына есе жіберіп алды

ҚХЛ аясында бүгін сырт алаңда астаналық «Барыс» Гагарин Кубогы ойынындағы үшінші кездесуде Уфаның «Салават Юлаев» командасына есе жіберіп алды. Бұл кездесуде елордалықтар алаң иелеріне 5:2 есебімен ұтылды. Енді төртінші ойын Уфадағы мұз айдынында 25 наурызда өтеді. Ал 27 наурыздағы бесінші ойында астаналықтар «Салават Юлаевты» өз алаңында қабылдайды. Айта кетейік, плей-оффтың келесі кезеңіне өту үшін, «Барыс» аталған командамен тартыста төрт жеңіске қол жеткізуі тиіс. Бұдан бұрын хабарланғандай, 21 және 22 наурыз күндері Астанада өткен екі ойынның қорытындысы бойынша қос команданың сериядағы есебі 1:1 болды. Бірінші кездесуде уфалықтар 2:3 есебімен ұтса, екіншісінде 5:2 есебімен «Барыс» алға шыққан болатын. Енді астаналықтар бүгінгі кездесуден ұтылғаннан кейін «Салават Юлаев» серияда 2:1…

0
0
229

Көкшетау қаласында баскетболдан әйелдер арасында «А» дивизионы бойынша ҚР Чемпионатының кезекті ойындары өтуде

Бүгін жергілікті Көкшетаудың «Оқжетпес» командасы Астананың «Тигрына» қарымта ойын өткізді. Алма-кезек шабуылмен өткен кездесуде астаналық қыздардың бағы басым болды. Әсіресе, тартысты ойынның алғашқы кезеңдерінде жақсы ойын өрнегін көрсеткен көкшетаулықтар соңғы сәтте қарсыластарына есе жіберіп алды. Нәтижесінде кездесу қорытындысы 52:61 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Осылайша, алаң иелері ойламаған жерде қарымта ойында ұпай жоғалтып алды. Еске сала кетсек, кеше «Оқжетпес» пен «Тигр» Көкшетауда алғашқы кездесуін өткізген болатын. Онда алаң иелері қонақтарға дес бермей, 82:78 есебімен басым түсті. Бүгін қонақтар сол жіберген есені қайтарып алды. Енді, турнир кестесіне сәйкес наурыздың 29 және 30 күндері «Оқжетпес» өз алаңында Павлодардың «Ертісіне» қарсы қос ойын өткізбек. КӨКШЕТ…

0
0
371

«Ертіс» хоккейден ҚР чемпионатының алғашқы плей-офф финалисі болды

«Ертіс» хоккейден ҚР чемпионатының алғашқы плей-офф финалисі болды

Хоккейден ҚР чемпионатының жартылай финалдық плей-офф сериясы матчында павлодарлық «Ертіс» Теміртаудың «Арыстан» командасын 4:1 есебімен ұтып, турнирдің алғашқы финалисі болды, деп хабарлады sports.kz.

Жеңімпаздар құрамында Томаш Вак, Михал Грман (дубль) және Мартин Хьюс гол салуда көзге түсті. Теміртаулықтардың бірден-бір шайбасын Томаш Кан салды.

«Ертіс» — Арыстан  4:1 (2:0, 1:1, 1:0)

Серия есебі: 4:1 (3:2 О.Т, 4:0, 4:3, 2:3, 4:1).

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
287

Хоккей: Әлем чемипонатына қатысатын Қазақстан әйелдер құрамасының алдын ала құрамы жасақталды

6-12 сәуір күні Латвияда Әлем чемипонатына қатысатын хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасының алдын ала құрамы жасақталды, деп хабарлайды sports.kz сайты. Вентспилс қаласында өтетін әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы «И» дивизионында өнер көрсетеді. Сонымен, ұлттық құраманың алдын ала құрамы мынадай: Қақпашылар: Татьяна Можаева (ОРМБЖМ), Айжан Раушанова («Айсұлу»). Қорғаушылар: Ажар Хамимулдинова («Томирис»), Ольга Конышева, Дария Молдабай, Ләззат Мыңжасарова, Виктория Сазонова, Екатерина Скобелкина, Асем Тулеубаева (барлығы «Айсұлу» командасынан). Шабуылшылар: Валерия Каменская («Устинка»), Карина Фельзинк, Надежда Филимонова, Алёна Фукс, Любовь Ибрагимова, Айя Қалиола, Татьяна Королёва, Татьяна Лихаус, Галия Нұрғалиева, Меруерт Рыспек, Арай Шегебаева, Зарина Тухтиева, Салтанат Үрпекб…

0
0
435

Қарттарымыз қыздарға неге қырындайды?

Көкшетау, автосапаржай бекеті. Жүргіншілер көп. Ана бір жерде ауылдан келетін автобусты күтіп екі бойжеткен, сірә, студенттер болса керек, қолдарында қытайдың ала сөмкесі, ұялы телефондарымен сөйлесіп тұрған. Аяңдай басып соларға қарай жасы жетпістен асып кеткен, басында ақ тақия, мойнында ақ галстугі бар, ұзын бойлы бір қария барып: - Айналайындар, ныспыларың кім болады?-деді. - Чее-е?-деп мырс еткен ана екі қыз қарияның үсті-басын бір шолып шықты. - Есімдерің кім деймін… - Оны қайтесіз, балаңызға құда түсейін деп пе едіңіз?! -Жасым жетпісте, әлі де бір қызды қартайтатын шамам бар. Айына 70 мың пенсия алам, Көкшетаудың орталығында үш бөлмелі үйім бар, бұрын қызметкер болғам, жалғызбастымын, – деп қария сайрап ала жөнелді. - Рахмет, сіздің пенсияңыздың бізге керегі шамалы, өзіңізге жұмсаң…

0
0
639

Қазақ, үй салсаң панельден сал!

«Елімізде құрылысқа қажетті материалдардың құны қаншалықты қымбат?» деген сауалға жауап іздеп, осындай дүкендер мен базарлардағы бағасымен таныстық. Баға әр базарда әртүрлі. Ағаштың текше метрі – 38-45 мың теңге аралығында. Тақтайды талдап, даналап сатып алсаңыз да болады. Өзбекстаннан және Қытайдан ағаш тасымалдау КеденОдағына кіргелі бері тоқтатылған. 50 келілік қапқа салынған цемент 1 мың теңгенің маңайында. Көтере сатып алсаңыз, саудагерлер 900 теңгеден төмен түсірмейді. Тоннасы көтерме саудада – 18 мың. Бір қызығы, кейбір өнімнің қайдан келгенін, сапасы қандай екендігін сатушылар айта алмады. Сатып алушылар «Өскеменцемент» пен «Жамбылцементтің» өнімін құп көреді екен. Сатушылардың «келіден жейтіндері» көп екенін байқадық… Төбе жабындысы бағасы оның қалыңдығы мен ұзындығына байланысты…

0
0
1357

Бүгін «Барыс» сырт алаңда «Салават Юлаевқа» қарсы ойынын жалғастырады

ҚХЛ аясында бүгін сырт алаңда астаналық «Барыс» Уфаның «Салават Юлаев» командасына қарсы плей-офф сериясындағы үшінші ойынын өткізеді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 21 және 22 наурыз күндері Астанада өткен екі ойынның қорытынсы бойынша қос команданың сериядағы есебі 1:1 болды. Бірінші кездесуде  уфалықтар 2:3 есебімен ұтса, екіншісінде 5:2 есебімен «Барыс» алға шыққан болатын.

Сонымен қатар 25 наурызда Уфадағы мұз айдынында екі команданың төртінші кездесуі өтеді. Ал бесінші ойында астаналықтар өз алаңында «Салават Юлаевты» қарсы алады. Айта кетейік, плей-оффтың келесі кезеңіне өту үшін, «Барыс» аталған командамен тартыста төрт жеңіске қол жеткізуі тиіс.

0
0
216

«Сарыарқа» ЖХЛ плей-офф сериясында жартылай финалға өтті

Қарағандының «Сарыарқа» командасы
Қарағандының «Сарыарқа» командасы Краснодардың «Кубань» хоккейшілерін жеңіп, Жоғары хоккей лигасы плей-офф сериясында жартылай финалға өтті.

Айта кетейік, қарағандылық команда сырт алаңдағы бұл ойында «Кубаньді» 3:0 есебімен тізе бүктірді. Осы арқылы «Сарыарқа» аталған командаға қарсы төртінші жеңісті ойынын өткізіп, серияны 4:0 есебімен ұтты.

«Құрметті жерлестер! Біздің сүйікті «Сарыарқа» хоккей командасы ЖХЛ плей-офф тартысында жартылай финалға өтті. Құттықтаймын! Команданың Финалға өтуіне тілектеспін!»,- деп жазды твиттерде Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев.

 
0
0
198