Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ФИФА президенті Й. Блаттер Қазақстанға ат басын бұрмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат — ФИФА президенті Йозеф Блаттер Қырғыз Республикасына, Тәжікстанға және Қазақстанға төрт күндік ресми сапармен келеді, деп хабарлайды Р-Спорт.

24 наурызда Бішкекте басталған сапар барысында Й. Блаттер бірқатар спорт және мемлекеттік билік өкілдерімен кездесулер өткізіп, бірнеше футбол алаңдарының ашылуына қатысады.

Йозеф Блаттер 27 наурызда Астанада өтетін УЕФА-ның XXXVIII кезекті конгресінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

Басты сөздер: Спорт
 
0
0
334

Осы тақырып бойынша

ФИФА президенті Й. Блаттер Қазақстанға ат басын бұрмақ - Yvision.kz