Талдықорғанда «Жетісу кітапханасы» кітаптары таныстырылды
ҚазАқпарат, 26.03.2014
Тілдер сарайында жазушы Роллан Сейсенбаев жинаған «Жетісу кітапханасы» айдарымен шығарылған кітаптардың таныстырылымы болды.
Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, таныстырылымды ұйымдастырып, оқырмандарға ұсынған С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы. Шараға облыс әкімінің орынбасары Серік Мұқанов қатысты. Өз сөзінде С.Мұқанов бұл сериядағы кітаптардың облыстық кітапхана қоры мен Жетісу оқырмандары үшін зор маңызын атап көрсетті. Әкімнің орынбасары қазақтың ұлы жазушыларының шығармаларын шығарудағы Роллан Сейсенбаевтың сіңірген зор еңбегін атап өтті және оған патриотизмі үшін алғыс айтып, шығармашылық табыстарға жете беруіне тілектестігін білдірді.
Жазушы Роллан Сейсенбаев кітаптар туралы әңгімелеп, ұлы адамдар ешуақытта ұмытылмауға тиіс деген идеяларымен бөлісті. Сондай-ақ ол осы сериядағы кітаптарды шығаруға көрсеткен қолдауы үшін облыс әкімі А.Мұсахановқа алғысын жеткізді.
