Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

УЕФА басшысы М. Платини: Қазақстан — керемет ел

Қазақстан — керемет ел, Астана — жас әрi әдемi елорда, дедi бүгiн Астанада УЕФА Конгресiнiң отырысында ұйым басшысы, даңқты футболшы Мишель Платини.

«60 жыл бұрын УЕФА құрылған кезде осынау ұйымның XXXVIII кезектi отырысы Қазақстан атты керемет елде және жас әрi сұлу елорда — Астанада өтедi деп кiм ойлаған? Қонақжайлықтарыңызға мың алғыс бiлдiремiн», — дедi УЕФА президентi Мишель Платини.

Оның сөзiне қарағанда бүгiнгi конгресс жылнамада мәңгi сақталатын болады және оның қатысушылары УЕФА болашақ тарихын жазуға атсалыспақ.

«60 жыл — ол тұтас эпопея, қызығы мол тарих және бiз бүгiн оның жазылуына атсалысып отырмыз», — дедi ол.

Басты сөздер: СпортАстана
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
284

Осы тақырып бойынша

УЕФА басшысы М. Платини: Қазақстан — керемет ел - Yvision.kz