Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР Қорғаныс министрлігі «Сардар» мектеп Олимпиадасын өткізуде

Бүгін армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары арасында «Сардар» республикалық кешенді Олимпиадасы басталды.

Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлерінен келген оқуларын жоғары әскери оқу орындарында жалғастырғысы келетін алпыстан астам дарынды оқушылар қатысуда.

Іс-шараның салтанантты ашылуына қатысқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым Олимпидаға қатысушыларға табыс тіледі.

Бүгін Олимпиаданың бірінші туры өтып, қатысушылар математика, физика, алғашқы әскери даярлық, қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша тестілеуден өтті.

Ертең Олимпиаданың екінші туры өтеді. Онда қатысушылар  алғашқы әскери даярлық бойынша нормативтерді орындайды. Оның ішінде жеке саптық дайындық, АК-74 автоматын бұзып, жинау бойынша сынға түседі.

Сонымен қатар, оқушылар дене тәрбиесі бойынша нормативтер тапсырады. 3000 метрлік кросс, 100 метрге жүгіру және білтемірге тартылудан күш сынасады.

Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімі 28 наурыз сағат 10.30-да «Жас ұлан» республикалық мектебінде өтеді.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
425

Осы тақырып бойынша

ҚР Қорғаныс министрлігі «Сардар» мектеп Олимпиадасын өткізуде - Yvision.kz