Мазмұнға өту

Жаңа

ҚХЛ: «Барыс» плей-оффтың бесінші ойынында «Салауат Юлаевты» тізе бүктірді

Қазақстанның «Барыс» хоккей клубы Гагарин кубогы аясындағы плей-оффтық кездесудің бесінші ойынында «Салауат Юлаевқа» есе қайтарды.

Астанада өткен матч 2:1 (1:1, 1:0, 0:0) есебімен жергілікті команданың жеңісімен аяқталды. Кездесудің жетінші минутында Константин Руденко есеп ашқан болатын, бірақ сегіз минуттан кейін Вишневский есепті теңестірді. Ал ойынның 37-минутында Дастин Бойд жеңісті гол салды.

Осы жеңісінің арқасында «Барыс» Уфаның «Салауат Юлаев» командасына жетіп қалды, сериядағы есеп «СЮ» клубының пайдасына 2:3-ке жетті. Келесі ойын 29 наурызда Уфада өтеді.

Басты сөздер: Спорт , Астана
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
335

Бір жындының ойлары...

Совсем как недавно политический деятель  , депутат  Государственный Думы , председатель «Либерально-демократической партии России» Жириновский Владимир Вольфович выразил «мнение» русских насчет Украины , Балтийских стран , и стран Средней Азии  , тем самым оскорбив их коренных жителей. Он не скрыл свои захватнические  и колонизаторские идеи.

Странно то что его поддерживают. Его уважают) Наверное , это показывает всю сущность русских , что они хотят снова возродить СССР или Российскую Империю или вроде того. Главное то что русские хотят быть господствующей нацией.

Как-то пахнет «фашизмом».  Но у людей свои взгляды. Может они и правы , потому что я узкоглазый чурка , ну и вроде того.

По их мнению фашистами называют тех кто распространяет НЕрусскую культуру , язык , обычаи в СВОЕЙ стране. И кто против сближения с Кремлём.

На то у них есть причины.

Они дали нам цивилизацию , построили города , заводы. Хоть и поубивали «немножко» коренных жителей , забирали «немножко» богатства всей страны , сослали нам с дальних стран «новых друзей» которые помогут залить краску на нашу дикую культуру и т.д.

А вторая причина то что Западные страны хотят поссорить нас , забрать наши богатства и устроить вторую Ливию или Ирак. А «могучая» Россия не допустит этого , они думают только о нашем благе. Захватили чуток Крым , раскололи Украину. Но это только для того чтобы в Украине не было «фашистов».

Вернемся к Жириновскому . Власти нашей страны были «очень сильно» оскорблены тем что сказал Жириновский и отправили ноту протеста. Но ничего не было. И вскоре об этом все забыли.

Может быть Жириновский прав. Наверное стоит «забыть» свою культуру , язык , и работать во благо «гениальной» нации , и наверное стоит «расширить» мои узкие глаза. Не стоит забывать о том что мы на «их» земле.

Интересный факт: Жириновский родился в Алмате , ой нет в городе Верном. Может его всегда били тут , и наверное он питает отвращение к другим нациям)

 
0
1
318

МН-300 метеорологиялық зымыранының құлауы туралы

2014 жылғы 27 наурызда Мәскеу уақыты бойынша шамамен 02 сағат 25 минутта Батыс Қазақстан облысы Бөкейордасы ауданы Шоңғай елді-мекенінің оңтүстік-шығыс шетінен бір шақырым қашықтыққа МР-30 кешенінің МН-300 метеорологиялық зымыраны құлады. Оқиға орын алған жерден зымыран қалдықтары табылып.

Зымыранның ұшырылуы 2013 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен келісілген 2014 жылғы сынақ жұмыстары жоспарына сәйкес Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Капустин Яр полигонынан жүргізілді.

Ресей Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, сынақ барысында қозғалтқыш қондырғысы істен шығып, зымыран полигон аумағына жетпей құлаған. Құлаған зымыран қалдықтарынан зардап шеккендер жоқ, экологиялық залал келтірілмеген.

Қазіргі уақытта Қазақстан Қорғаныс министрлігі оқиға салдары анықталғанша, Ресейге жалға берілген жауынгерлік алаңдарды пайдаланумен Қазақстан Республикасының аумағында сынақтар жүргізуді уақытша тоқтатты.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

 
0
0
436

ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Н. Қаппаровтың Финляндияға қызметтік іссапары жөнінде

2014 жылдың 27 наурызында Хельсинкиде Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров қазақстандық-финляндиялық сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Үкіметаралық комиссияның 8-ші отырысына қатысты.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/03/102-54/

0
0
340

Жалғыз досым

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Тағзым өмір, қолында,

Бірге болған, жан досым.

Өмір тасқын, жолында,

Қайтіп сені, жоғалттым?

 

Енді қайтіп, самғайды?

Мынау сынған, қанатым.

Үмітті кім, жалғайды?

Таусылғандай, тағатым.

 

Кімге барып, аша алам?

Айта алмайтын, мұңымды.

Қайтіп үміт, құра алам?

Жетелейтін, жанымды.

 

Кеттің, алыс сапарға,

Сұрамастан, ешкімнен.

Шайқалды – ау, мынау босаға,

Жауабын табам, мен кімнен?

0
1
885

«Сенім телефонына» әркім хабарласа алады

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі «сенім телефоны» қызметіне жауапты бөлімшелердің қызметкерлері азаматтардың өтініштеріне қабылдау жүргізу мен тіркеуді жалғастырып жатқанын еске салады.

«Сенім телефонын» құрудағы негізгі мақсат – бұл қорғаныс ведомствосы қызметкерлері жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарға қарсы тұру.

Көрсетілген телефонға қоңырау соғу арқылы сіз қызмет бойынша қандай да бір қиындыққа қатысты сауалдарыңызды қойып, қажетті қолдау табасыз. Сондай-ақ, өрескел бұзушылықтар мен адам құқығын шектеу фактілері туралы хабарлай аласыз.

Жасырын шағымдар қабылданбайтынын атап өткен жөн. Өтініштерде әскери полиция органдарының құзіретіне кіретін сұрақтар көрсетілуі керек. Жеке мекеменің атауы, мекенжайы, шығыс нөмері және датасы көрсетілуі қажет. Өтінішке өтініш берушінің қолы немесе электронды санды қол қойылуы керек. Арыз беру кезінде шағым мен талаптың уәжі, іс-қимылына шағым түсіп отырған субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғаның тегі, аты-жөні көрсетіледі.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бірыңғай «сенім телефоны» +7(7172) 54-19-25, e-mail: [email protected].

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
1043

Алматы қаржы полицейлерінен балалар үйіне барды

Наурыз мейрамы және қаржы полициясы органдарының құрулуының 20 жылдығы қарсаңында Алматы қаласы бойынша Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлері Алматы қаласындағы №1 Қалалық арнайы балалар үйіне барды.
Департаменттің қызметкерлері балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді Наурыз мейрамымен құттықтап, әртүрлі сыйлықтар таратты.
Өз кезегінде балалар үйінің әкімшілігі балаларға көңіл бөліп келген қонақтарға өз алғысын білдірді.

0
0
425

Алматы халқының 1,5 миллионға жуықтағанын ескере отырып, экологиялық тазалығына да мән беруіміз керек – ҚР Президенті

ҚазАқпарат – Алматы халқының 1,5 миллионға жуықтағанын ескере отырып, экологиялық тазалығын ойлануымыз керек. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының дамуына арналған
кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

ҚазАқпарат – Алматы халқының 1,5 миллионға жуықтағанын ескере отырып, экологиялық тазалығын ойлануымыз керек. Бұл туралы бүгін Алматы қаласының дамуына арналған
кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/03/102-52/

0
0
430

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында тәрбиеші офицерлердің жиыны өтті

Семейде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің батальон және дивизион командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының,  бөлімдер офицерлерінің жиыны аяқталды.

Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Жаңа Қазақстандық Патриотизмді тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінді. Осы бағытта бүкіл офицерлер корпусына орасан зор міндет жүктеліп отыр.

Қарулы Күштерімізде тәрбие құрылымдарының офицерлері әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту, бөлімшелердегі моральдық-адамгершілік ахуалды жақсарту және әскери қызметтің имиджін көтеру, жеке құрамның  ар-намыс және беделін қорғауды қамтамасыз ету аясында ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Жиын барысында командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының 2013 оқу жылындағы жұмысы қорытындыланды және ағымдағы оқу кезеңіне ұйымдастырушылық нұсқаулар берілді.

Жиынға қатысушылармен сабақтарды ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының тәжірибелі офицерлері өткізді. Өткізілген сабақтардың нәтижесі бойынша тәрбие құрылымдарының офицерлері өткізілген сабақтардағы меңгерілген материалдар және дене даярлығы бойынша сынақтар тапсырды.

Командирлердің тәрбие жөніндегі орынбасарларынан бөлімше жауынгерлік даярлығы пәндерін тамаша білу талап етіледі, өйткені олар бүкіл жауынгерлік ұжым үшін үлгі-өнеге болып табылады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
393

ҚР қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың Норвегияға қызметтік іссапары жөнінде

2014 жылдың 26 наурызда Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров қызметтік іссапармен Норвегия Корольдігіне барды.
Ослоға сапары барысында Нұрлан Қаппаров Норвегияның ресми және іскер топтары өкілдерімен кездесулер өткізді.

2014 жылдың 26 наурызда Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров қызметтік іссапармен Норвегия Корольдігіне барды.
Ослоға сапары барысында Нұрлан Қаппаров Норвегияның ресми және іскер топтары өкілдерімен кездесулер өткізді.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/03/102-49/

0
0
332