Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

БОКС: Головкин мен Чавестің командасы жекпе-жектің қай күні, қайда өтетіндігі жөнінде келісті

Американдық спорттық функционер және  Top Rank  проумоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум  орта салмақтағы  WBA и IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен  мексикалық  Хулио Сезар кіші -Чавес арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру туралы келісімнен хабардар етті.

«Біз қазіргі таңда Головкинмен келісім жүргізудеміз. Чавестің командасы бұл жекпе-жек өтеді деген көңіл-күйде. Шындықты айтсам, көптеген мәселелер орайын тапты. Менің ойымша, таяу уақытта кездесу жайлы түпкілікті шешіледі. Әзірше алдын ала келісім бойынша, жекпе-жек шілде айында  Лос-Анджелесте өтетін болды»,-деп мәлім етті Арум журналист Анна Драгостке берген сұхбатында.

Шамасы, Головкин — Чавес  кездесуі 12 шілдеде Лос-Анджелес  маңындағы Инглвудте орналасқан  »Форум» (Forum) жабық аренасында өтеді, деп хабарлайды  Vesti.kz.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат -
 
0
0
281

Осы тақырып бойынша

БОКС: Головкин мен Чавестің командасы жекпе-жектің қай күні, қайда өтетіндігі жөнінде келісті - Yvision.kz