Мазмұнға өту

Жаңа

«Қазақтелеком» «iD TV Online» қызметін іске қосады

Биылғы жылғы 1-сәуірден бастап "Қазақтелеком" АҚ «ALACAST» ЖШС-мен бірлесіп жаңа «iD TV Online» қызметін іске қосады. «Қазақтелеком» АҚ компанияның инновациялық бөлімшесі OTT технологиясы (Интернет желісі бойынша бейнедабыл жеткізетін Over-The-Top - технологиясы) базасында әзірленген сервисті іске қосады. Жаңа сервис пайдаланушыларға «Қазақтелеком» АҚ-нің мәліметтер берудің кеңжолақты желісіне (оның ішінде сымсыз WiFi технологиясы арқылы да) қосылған түрлі мобильдік және мультимедиялық құрылғыларда (ұялы телефондар мен iOS/Android базасындағы планшеттер, Windows/MacOS базасындағы дербес компьютерлер мен ноутбуктер) телевизиялық арналар мен бейнеконтентті көруге мүмкіндік береді. «iD TV Online» қызметі «Қазақтелеком» Ақ кеңжолақты қолжетімділігі арқылы Set Top Box абоненттік қосалқы құрылғ…

0
0
862

БОКС: Головкин мен Чавестің командасы жекпе-жектің қай күні, қайда өтетіндігі жөнінде келісті

Американдық спорттық функционер және Top Rank проумоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум орта салмақтағы WBA и IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Хулио Сезар кіші -Чавес арасындағы жекпе-жекті ұйымдастыру туралы келісімнен хабардар етті. «Біз қазіргі таңда Головкинмен келісім жүргізудеміз. Чавестің командасы бұл жекпе-жек өтеді деген көңіл-күйде. Шындықты айтсам, көптеген мәселелер орайын тапты. Менің ойымша, таяу уақытта кездесу жайлы түпкілікті шешіледі. Әзірше алдын ала келісім бойынша, жекпе-жек шілде айында Лос-Анджелесте өтетін болды»,-деп мәлім етті Арум журналист Анна Драгостке берген сұхбатында. Шамасы, Головкин — Чавес кездесуі 12 шілдеде Лос-Анджелес маңындағы Инглвудте орналасқан »Форум» (Forum) жабық аренасында өтеді, деп хабар…

0
0
293

Қазақстан хоккейінің финалында – «Ертiс» пен «Арлан»

Шайбалы хоккейден Павлодардың «Ертiсі» мен Көкшетаудың «Арланы» Қазақстан чемпионатының финалында кездесіп, саф алтынды сарапқа салатын болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Плей-офф жүйесімен жалғасып жатқан ел чемпионатының жартылай финалдық ойындары толықтай аяқталды. Екі жұптағы мұзайдын додасы да 4:1 есебімен аяқталды. Екі жұпта да ақтық сынның жолдамасы бес-ақ ойында шешілгенімен, жартылай финалдық ойындардың барлығы дерлік шектен тыс тартысты өтті. «Ертiс» — «Арыстан» (Теміртау) жұбында павлодарлықтардың жеңіске жететіндігіне ешкім де күмән келтірмеген болар. Десек те, Теміртау клубы намысты қолдан берген жоқ. Аталған екі команда арасындағы бірінші ойында жеңімпаз тек овертаймда анықталды (3:2 ОТ). Рас, екінші ойында «Ертіс» үстемдік танытты (4:0). Бірақ бұдан кейінгі екі матч өте…

0
0
515

Абзал Рақымғалиев әлем чемпионатын одан әрі жалғастырады

Бүгін Жапонияның Саитаме қаласында мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты басталды. Оған біздің елден тек Абзал Рақымғалиев қатысуда, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жалпы мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты алғаш рет 1896 жылы Санкт-Петербургте өткен. Биыл «Күншығыс елінде» жалауын желбіретті. Бұл Жапонияның осы спорт түрінен әлем чемпионатын алтыншы рет өткізуі. Негізі, әлем чемпионатына Халықаралық коньки спорты түрлері федерациясының (ISU) құрамына кіретін елдер 1998 жылдың 1 шілдесіне дейін туған спортшыларын үкілеп қоса алады. Нақтырақ айтқанда, мәнерлеп сырғанаудың төрт сынына (ерлер, әйелдер, спорттық жұп, би жұбы) әр мемлекеттің бір спортшыдан (жұптан) қатыстыруына болады. Ал кейбір мемлекеттер бұған дейінгі әлем чемпионаттарының қорытындысы бойынша 2-3 спортшыдан (жұптан) қосуға құ…

0
0
476

Астанадағы УЕФА конгресін бүкіл Еуропа бақылайды

27 наурызда Астанада өтетін УЕФА ұйымының кезекті XXXVIII конгресі еуропа футболының маңызды оқиғаларының бірі болады, дейді FIFPro бас хатшысы Тео Ван Сеггелен. Кәсіби футболшылар қауымдастықтары халықаралық федерациясының (FIFPro) бас хатшысы елордада өткен баспасөз мәслихатында атап көрсеткеніндей, УЕФА конгресінде қазіргі замандағы әлемдік және еуропалық футболдың өзекті мәселелері мен футболшылардың құқықтары талқыланады. «Конгресс — өте маңызды шара. Ертең бірқатар түйткілді мәселелер талқыланады, маңызды шешімдер қабылданады. Шараны барлық Еуропа бақылап отырады. Ұйымдастыру жағы өте жоғары деңгейде», — дейді Т.Сеггелен. Сонымен қатар оның айтуынша, футболшылар өздерінің құқықтарын сауатты қорғауы тиіс. «Қазақстандық футболшылардың жеке құқықтарын қорғай алатыны мені қуантады. Бұл…

0
0
360

УЕФА басшысы М. Платини: Қазақстан — керемет ел

Қазақстан — керемет ел, Астана — жас әрi әдемi елорда, дедi бүгiн Астанада УЕФА Конгресiнiң отырысында ұйым басшысы, даңқты футболшы Мишель Платини.

«60 жыл бұрын УЕФА құрылған кезде осынау ұйымның XXXVIII кезектi отырысы Қазақстан атты керемет елде және жас әрi сұлу елорда — Астанада өтедi деп кiм ойлаған? Қонақжайлықтарыңызға мың алғыс бiлдiремiн», — дедi УЕФА президентi Мишель Платини.

Оның сөзiне қарағанда бүгiнгi конгресс жылнамада мәңгi сақталатын болады және оның қатысушылары УЕФА болашақ тарихын жазуға атсалыспақ.

«60 жыл — ол тұтас эпопея, қызығы мол тарих және бiз бүгiн оның жазылуына атсалысып отырмыз», — дедi ол.

Басты сөздер: СпортАстана
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
289

АҚШ-тағы қазақ диаспорасы Наурыз мейрамын атап өтті

ҚазАқпарат, 27.03.2014 Наурыз мейрамын американ жерінде ресми деңгейде ғана емес, қарапайым азаматтар, Америка Құрама Штаттарындағы қазақ диаспорасының өкілдері де атап өтеді. Нью-Йорк тұрғыны, Тараздың тумасы Әлима Қалыбаева ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы Қазақстаннан шыққан адамдар жыл сайын осы ежелгі шығыс мерекесін атап өту үшін Наурыз күндері бас қосатынын айтты. Әдетте әртүрлі шараларға қатысуға уақыт бола бермейді. Бірақ та Наурыздың жөні бөлек, бұл күні қазақша ет асып, бір-бірімізді құттықтап жатамыз, - деді А.Қалыбаева. - Біздің мерекемізді қарапайым американдықтар да бөліседі, мұнда кез келген мерекені атап өтуді жақсы көреді». 90 жылдардың ауыр кезеңдерінде ол Тараздан жақсы өмір іздеп, шетел асқан болатын, ол американдық ірі мегаполисте орнығып, мамандығы бойынша (тігін…

0
0
630

Абай Құнанбаев, Абай Кунанбаев, Abay Kunanbayev, «В памяти предкам», «Культурное наследие»

Автор стихов – Айгүл Сағымбайқызы Поэт великий и писатель, Он творчеством, культуру нес. Хоть сын богатого, от роду, Себя он, к беднякам отнес. Сын Кунанбая, Тобыкты, Аргына, Где нет величия, превосходство дух. Слова читали, горькие акына, Про бедных, боль, тревожащий слух. Абай есть слава, песенный рассвет, Кто ищет правду, у него ответ. Летит стрелой, души его завет, Любовь к народу, другого зова, нет. Не только устный, письменный завет, Внес в литературу, страницы, новых лет. Соратниками Михаэлис и Долгополов был, Свой яркий путь, с любовью, только жил. Он в окружений, одиноким был, Где не было друзей, с любимой он не жил. В борьбе один остался и часто он грустил, От боли не понятной, предательство и лжи. До капли, без остатка, отдал всего себя, С душою непреклонной, в сомнений живя. У…

1
3
780

ҚР Қорғаныс министрлігі «Сардар» мектеп Олимпиадасын өткізуде

Бүгін армия генералы С. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында жалпы білім беретін мектептердің 11 сынып оқушылары арасында «Сардар» республикалық кешенді Олимпиадасы басталды. Олимпиадаға еліміздің барлық өңірлерінен келген оқуларын жоғары әскери оқу орындарында жалғастырғысы келетін алпыстан астам дарынды оқушылар қатысуда. Іс-шараның салтанантты ашылуына қатысқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Бақытжан Әбдірайым Олимпидаға қатысушыларға табыс тіледі. Бүгін Олимпиаданың бірінші туры өтып, қатысушылар математика, физика, алғашқы әскери даярлық, қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша тестілеуден өтті. Ертең Олимпиаданың екінші туры өтеді. Онда қатысушылар алғашқы әскери даярлық бойынша нормативтерді орындайды. Оның ішінде жеке саптық…

0
0
440

ҚР Қорғаныс министрлігі: 83205 әскери бөлімінің әскери қызметшілері «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы үшін

Астана қаласында 83205 әскери бөлімінің әскери қызметшілері еліміздің стратегиялық құжаты – Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады. Келісімшарт бойынша әскери қызметшілер Жолдаудың негізгі идеясы «Мәңгілік Ел» театрландырылған қойылымын көрсетті. Жеке құрам алдында сөз сөйлеген 83205 әскери бөлімінің командирі полковник Айдар Әбдірахман: – Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында тәуелсіз елдің азаматтарына көптен күткен «Мәңгілік Ел» идеясын нақты айқындап берді. Бұл идея қазақ халқының мыңдаған жылдарғы тарихи тәжірибесі, республиканың қалыптасу жолы болып табылады. Отанының игілігі үшін жанын берген біздің бабаларым…

0
0
593