Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында тәрбиеші офицерлердің жиыны өтті

Семейде «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің батальон және дивизион командирлерінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының,  бөлімдер офицерлерінің жиыны аяқталды.

Мемлекет басшысының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Жаңа Қазақстандық Патриотизмді тәрбиелеуге ерекше көңіл бөлінді. Осы бағытта бүкіл офицерлер корпусына орасан зор міндет жүктеліп отыр.

Қарулы Күштерімізде тәрбие құрылымдарының офицерлері әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті нығайту, бөлімшелердегі моральдық-адамгершілік ахуалды жақсарту және әскери қызметтің имиджін көтеру, жеке құрамның  ар-намыс және беделін қорғауды қамтамасыз ету аясында ауқымды жұмыстар жүргізуде.

Жиын барысында командирлердің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарларының 2013 оқу жылындағы жұмысы қорытындыланды және ағымдағы оқу кезеңіне ұйымдастырушылық нұсқаулар берілді.

Жиынға қатысушылармен сабақтарды ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысы басқармасының тәжірибелі офицерлері өткізді. Өткізілген сабақтардың нәтижесі бойынша тәрбие құрылымдарының офицерлері өткізілген сабақтардағы меңгерілген материалдар және дене даярлығы бойынша сынақтар тапсырды.

Командирлердің тәрбие жөніндегі орынбасарларынан бөлімше жауынгерлік даярлығы пәндерін тамаша білу талап етіледі, өйткені олар бүкіл жауынгерлік ұжым үшін үлгі-өнеге болып табылады.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
345

Осы тақырып бойынша

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында тәрбиеші офицерлердің жиыны өтті - Yvision.kz