Мазмұнға өту

Жаңа

АҚШ Қазақстан таулары мен мұздықтарын ғарыштық серіктер арқылы зерттеу жүргізуге ниетті

ҚазАқпарат – 2014 жылдың 1 сәуірінде Астанада ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаровтың АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия елдері бойынша көмекшісі Ниша Десаи Бисвалмен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі.

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/102-70/

0
0
484

«E.gov – ел болашағы!»

"Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен 2 сәуір 2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2.1-ші ғимаратында, «E.gov – ел болашағы!» атты пикет өтті. Пикеттің мақсаты студенттер мен оқытушыларға «Электронды үкіме» бағдарламасын насихаттау және веб-порталда жұмыс жасау үрдісін түсіндіру.«Электрондық үкімет» порталы – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар онлайн режимде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс екені белгілі. Порталда 2000-нан аса мемлекеттік қызмет түрлері бар. Аталмыш қызмет түрлерінің сұранысқа ие "Мекен жай анықтамасын" алуды студенттерге көрсетілді. Студенттердің көкейде жүрген сұрақтарына "ХҚКО" инспекторы ұтымды жауаптар берді.

0
0
389

Біз өндірістік персоналдың айлықақысын көтереміз

Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында «Қазақтелеком» АҚ Басқармасымен 2014 жылғы 1 сәуірден бастап филиалдардың өндірістік персоналдарының лауазымдық айлықақыларын және тарифтік мөлшерлемелерін 10% көтеруді жүргізу туралы шешім қабылданды.

Ағымдағы жылдың ақпан айында компания бойынша өндірістік персоналдың жалпы саны 25 917 бірлікті құрады. Соңғы рет «Қазақтелеком» АҚ тарифтік мөлшерлемелерін және айлықақыларын саралап көтеру өткен жылдың қаңтар айында жүргізілді. Разрядына байланысты көтеру 8% бастап 50% дейін құрады.

0
0
485

Біз корпоративтік клиенттер үшін жаңа қызметтерді іске қосамыз

«Қазақтелеком» АҚ Ақпараттық жүйелер дирекциясы «Деректерді сақтау жүйесі» және «Виртуалды дата орталық» виртуалды желілерін пайдаланатын корпоративтік клиенттер үшін жаңа сервистерді коммерциялық пайдалануға енгізеді.

«Деректерді сақтау жүйесі» - бұл ақпараттық ресурстарды сенімді сақтауды ұйымдастыру бойынша және оларға кепілді қатынауды ұсынатын кешенді бағдарламалық- аппараттық шешім. Жүйе бизнес- үдерістердің үздіксіздігін және ақпаратты табиғи, техногендік апаттардан, қаскүнем адамдардың іс-әрекеттерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

«Виртуалды дата орталық» (Virtual Data Center, VDC) – бұл компанияның корпоративтік инфрақұрылымын орналастыруға арналған толығымен оқшауланған бұлт. Виртуалды серверлердің шектелмеген санын орналастыру, олардың арасында ресурстарды тарату және олардың параметрлерін икемді ретке келтіру мүмкіндігі. Өз бейресми ресурстар бұлтын ала отырып, абонент меншікті виртуалды Деректерді өңдеу орталығының иеленушісі болады.

Толық ақпаратты www.idhost.kz. сайтынан білуге болады.

0
0
1123

Астанада Мұстафа Өзтүріктің 60 жылдығы тойланады

ҚазАқпарат, 01.04.2014

11 сәуір күні Астана қаласындағы Назарбаев орталығында әлемге әйгілі спорт шебері, Қазақстанда таэквондо мектебінің негізін қалаушы қарсаңында «Қазақстан-Түркия достық кеші» атты концерт болады.

Бағдарламада Түркия қазақтарының күйлері шертіліп, әндері шырқалады.

Өнер кеші Астана қаласы мемлекеттік филармониясының Қазақ халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен өтеді. Оркестрдің көркемдік жетекшісі және бас дирижері - ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Айтқали Жайымов.

Дирижер, Мәдениет қайраткері, сазгер Нұрлан Бекеновтің айтуынша, бұл күні Қазақ елі мен Түркияның достығын паш ететін, шетелдегі қазақтардың өнерін атажұртында көрсететін тамаша концерт болады. Концертте Қазақстанда орындалмаған жаңа туындылар астаналықтардың назарына ұсынылмақ. Соның ішінде Міржақып Дулатовтың күйі «Әуез», Мұстафа Өзтүріктің сөзіне жазылған Ғани Макиннің «Жұлдыздарды тілейсің бе?» атты әні және тағы басқа күйлер бар.

Осы шараға қонақ ретінде Астана қаласындағы Жүніс Әміре Түрік мәдени орталығының төрағасы Ибрахим Йылдырым, Түркиядағы қазақ қоғамының жетекшісі Фазыл Топлы қатысады. Мирмар-Синан көркемөнер университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Әбдіуақап Қара кіріспе сөз сөйлеп, Түркиядағы бауырлардың сәлемін жеткізеді.

Осы концертте Түркиядағы қазақ қоғамының мәдениет бөлімінің меңгерушісі Бешір Ахмет Көсе, сондай-ақ өнер иелері Седат Солақұлы, Ержан Тұнжер сахнаға шығады.

Сонымен қатар отандастарымыз ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор, домбырашы Орынбай Дүйсен, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Раушан Мұсақожаева, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Гүлзира Бөкейхан көрермендерге ән мен күйден шашу шашады.

Шетелдегі бауырлардың сәлемін жеткізген концертте танымал әншілер Нұрай Танабаев, Зағипа Иманғазы, Күнсұлу Тұрлыбекова, Самат Жексенбаев және т.б.өнер шеберлері қатысады деп жоспарланған.

0
0
516

Футбол саясаттың жетегінде кетпеуі керек

Астанада өткен УЕФА-ның XXXVIII Конгресінде Мишель Платини бірнеше маңызды мәселелерге мейілінше мән беріп, айрықша тоқталып өтті. Бүгінгі таңда УЕФА үшін шектен тыс маңызды болып отырған сол өзекті мәселелерге атүсті тоқталып өтсек деп едік, — деп жазады Tengrinews.kz «Алаш айнасы» газетіне сілтеме жасап.

1) УЕФА президентінің тебірене тілге тиек еткен мәселелерінің бірі бүгінгі таңдағы саясат пен футбол болды. Мишель Платнидің айтқандарын қазақшалап жеткізер болсақ, оның сөздері «футбол саясаттың жетегінде кетпеуі керек» дегенге саяды. «Қазір әлемде саяси жағдай ушығып тұр, футбол саясаттың айтқанымен жүрмеуі керек. Керісінше, оларды ымыраға келтіріп, бітімгершілікке шақыруға тырысуы керек. Спорт қашанда бейбітшіліктің символы болған. Ешқашан да содан айнымауымыз керек. Футбол – әлем халықтарын нәсіліне, ұлтына, әлеуметтік жағдайы мен дәулетіне қарамай өзіне баурап алатын ойын. Футбол өнерінің сол сиқырын саясаттың құралына айналдыруға болмайды!» — деп кесіп айтты.

2) УЕФА делдалдар қызметіне түбегейлі қарсы. Футболшы мен клуб арасына «жеңгетай» болып, ортадан ақша тауып жүрген агенттер қызметін түпкілікті құртуды көздейді. «Футболшы мен клуб арасындағы үшінші тарапты жоюымыз керек. Футболшы ешкімге тәуелді болмауы тиіс. Бұл – футболға жабысып отырған кесел» — деді Мишель Платини.
«Неліктен ақша табуды ғана көздейтін үшінші тарапқа футболшының тағдырын саудалауға мүмкіндік беруіміз керек» — деп, тағы бір түйіп қойды УЕФА басшысы. Әрі өзінің де бір кезде футболшы болғанын, олардың қызметтерін жақсы білетіндігін де бір көсеп өтті.
«Біз мұны футболға жат әрекеттермен күрес ретінде ФИФА-ға ұсындық. Егер ФИФА ешқандай қарекет қолданбайтын болса, онда біз мұнымен өз бетімізше күресіп, әрекет жасайтын боламыз. Делдалдармен күресуге бағытталған қарарларымыз бар» — деді Мишель Платини әр сөзін нықтап. Йозеф Зепп Блаттер бастаған ФИФА басшылары да Астанада болды, сол залда отырды. УЕФА басшысының бұл сөздерін олар да естіді…

3) УЕФА Конгресін кесел ретінде «күрсіндірген» тағы бір өзекті мәселе – келісілген ойындармен күресу. Футболда нәтижесі алдын-ала келісілген матчтар дерті белең алып отырғандығы ашық айтылды. Бұл футболдың сәні мен мәнін кетіретіндігі мен миллиондар сүйген беделіне нұқсан келтіретіндігі де жетесіне жете жеткізілді. Келісілген матчтармен күрес одан әрі күшейтілетіндігі, оған қатысты тұлғалардың аяусыз жазаланатындығы ескертілді.
Мишель Платини тіпті қыздар арасындағы Молдова құрамасының аға жаттықтырушысын бүкіл елдің алдында марапаттап, Прибалтика елдерінің бірінің өздеріне қажетті үш ұпайды «сыйлауына» үгіттеп, қомақты ақша ұсынса да, көнбегендігін баяндап, көпшілікке үлгі тұтты.

4) УЕФА жасыл алаңдағы футболшыларды нәсіліне қарап қорлауға жол бермейтіндігін қайталап та, қадап та айтты. Жасыл алаңдағы футболшыларды қорлау мен табалаудың кез келген түріне жол берілмейтіндігі жеткізілді. Ондайлармен күресудің де күшейтіліп, қатаң жаза қолданылатындығы ескертілді.

5) УЕФА әр түрлі жобалар арқылы футболды дамытуға айрықша көңіл бөлетіндіктерін жіктеп шықты. Мысалы, «Хет-трик» бағдарламасы арқылы өз құрамындағы 54 мемлекетке қанша ақша бөлініп отырғандығы және алдағы уақытта қанша қаржы бөлінетіндігі баяндалды. Бірден айтайық, бөлінетін қаржы жыл сайын арта бермек.
Бұл ретте Мишель Платини «біз футболды одан әрі дамыта беруге көңіл бөлеміз. Әсіресе балалар футболын өркендетуге күш салуымыз керек. Балалардың бәрі де футбол ойнауы керек. Талантты ма, таланты жоқ па, бәрі де футбол ойнап, осы бір тамаша ойыннан ләззат алып, оның қызығын сезіне білуі керек. Ал біз оларға жағдай жасап, мейілінше көмектесуіміз керек» — деп түйіндеді өз сөзін.

6) УЕФА басшысы барлық адамдар дүбірлі додалардағы қызықты матчтарды тамашалауы керек деген пікірін білдірді. «Әрбір адам әлем және Еуропа чемпионаттарының ақтық сынындағы ойындарды өмірінде бір рет болсын стадионан тамашалап, үлкен футболдың қызығын көруі керек» — деді. Бұл ретте футболды көгілдір экран мен стадионнан көру мүлде екі түрлі ләззат екендігі де тілге тиек етілді. Осыған орай, табысы (жалақысы) өте аз адамдардың жағдайларын ойластырып, оларға да осындай мүмкіндік туғызу қажеттігі айтылды. Алдағы уақытта билет сатудың ІV (төртінші) санаты жасалып, осы мәселе қолға алынатындығы мәлімденді.

7) Сөз соңында УЕФА Еуропадағы қаржы дағдарысына қарамай, пайда тауып отырғандығын ашық жариялады. УЕФА-ның бюджеті айналымындағы қаржы миллиондаған евроны құрайды. Пайданың қайнар көзі Чемпиондар лигасы екендігі де айтылды. Әлемдік қаржы дағдарысы кезінде шаш етектен пайда көріп отырған УЕФА-ға сүйсіндік. Ал Мишель Платини «Бүкіл әлем саған риза – УЕФА. Ұлы ұйым (яғни УЕФА) футбол кітапханасында тамаша кітап жазып жүр» — деп тебіренді.

PS:
УЕФА Конгресінде әрбір баяндама бейнекөрсетіліммен тұздықталып отырды. Әсіресе келісілген матчтармен және нәсілге бөлінушілермен күрес жөніндегі бейнероликтері адам толқытарлықтай өте әсерлі болды.

Тектес:УЕФА
 
0
0
467

Жерлесіміз Дмитрий Петрухин 175 метр биіктіктен секірді

Отандық байкер Дмитрий Петрухин Виктория сарқырамасында арқан арқылы 175 метр биіктіктен секірді.

Осы 57 жастағы саяхатшының ерлігі талайды тәнті етті. Себебі, өз елінің байрағын арқасына байлап секірген жағдай бұрын-соңды болмаған. Айта кетейік, Дмитрий Петрухин қазір Африка елдерін аралап жүр. Мақсаты – елімізде өтетін ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін кеңінен насихаттау.

 
0
0
318

«Гент-Вевельгем» біркүндік веложарысы өтті

Бельгияда дәстүрлі өтетін «Гент-Вевельгем» веложарысы биыл тартысқа толы болды.

Жарысқа шыққан 200-ге жуық шабандоздың тең жартысы мәреге жете алмады. Жиі сүрініп, жарақат алып жатқандардың арасында «Астана» командасының спортшылары да бар. Қазақстандық клуб сапындағы Борут Бозич 233 шақырым бойы үздіктер қатарынан көрінген. Тек мәреге 200 метр қалғанда жолдан тайып, жарыстан шығып қалды. Осының салдарынан астаналық Анрей Гривко, Дмитрий Муравьев және Руслан Тілеубаевтар да үздіктер қатарынан іліге алмады. Ақыры германиялық Джон Дегенкольб жарыс жеңімпазы атанды.

Авторлары: Аслан Қаженов, Бақытбек Нұртаев

 
0
0
263

«Астана Арландары» плей-оффты сәтті бастады

«Астана Арландары» бүкіләлемдік бокс сериясының плей-офф кезеңін сәтті бастады.

Германиялық командамен кездескен қазақстандық клуб 2:3 есебімен басым түсті. Арландар сапынан Теміртас Жүсіпов, Сергей Деревянченко және аса ауыр салмақтағы Василий Левит қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан. Ал орта салмақтағы Мейiрболат Тоитов пен Асхат Уалиханов есеп айырмасымен есе жіберді. Енді қос құрама 5 сәуірде Алматыда өтетін қарымта кездесуге дайындалады. Айта кетейік, «Астана Арландары» 2013 жылы бүкіләлемдік бокс сериясының бас жүлдесін ұтып алған болатын.

Авторлары: Аслан Қаженов, Бақытбек Нұртаев

 
0
0
430

Оралда бокстан халықаралық жарыс өтуде

Оралдағы жабық мұз айдыны сарайында кеше, 31 наурыз күні ересектер арасында ҚР бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесі үшін халықаралық турнир жалауын көтерді.

Жарысқа қатысушыларды Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтап, аталмыш турнирдің бесінші рет ұйымдастырылып отырғанын атап өтті. Бұл тегіннен-тегін емес. Өңірде спортпен шұғылдануға жақсы жағдай жасалған. Облыс тұрғындарының 22 пайыздан астамы өз денесін шынықтырумен айналысады.

Дәстүрлі жарысқа Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан елдерінен барлығы 144 боксшы қатысып, бақ сынауда. Батыс Қазақстаннан 13 боксшы облыс намысын қорғауда.

Құрметті қонақ ретінде аталмыш додаға бокстан ҚР еңбек сіңірген спорт шеберлері, әлем чемпионы, олимпиада ойындарының  екі мәрте күміс жүлдегері Болат Жұмаділов, Бейжің олимпиадасының жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаевтар келді.

Финалдық бәсекелер 5 сәуір күні өтіп, жарыстың жеңімпаз-жүлдегерлері анықталмақ.

 
ОРАЛ. ҚазАқпарат
 
0
0
509