Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«E.gov – ел болашағы!»

"Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен 2 сәуір 2014 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2.1-ші ғимаратында, «E.gov – ел болашағы!» атты пикет өтті. Пикеттің мақсаты студенттер мен оқытушыларға «Электронды үкіме» бағдарламасын насихаттау және веб-порталда жұмыс жасау үрдісін түсіндіру.«Электрондық үкімет» порталы – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар онлайн режимде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс екені белгілі. Порталда 2000-нан аса мемлекеттік қызмет түрлері бар. Аталмыш қызмет түрлерінің сұранысқа ие "Мекен жай анықтамасын" алуды студенттерге көрсетілді. Студенттердің көкейде жүрген сұрақтарына "ХҚКО" инспекторы ұтымды жауаптар берді.

0
0
343

Осы тақырып бойынша

«E.gov – ел болашағы!» - Yvision.kz