Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Гент-Вевельгем» біркүндік веложарысы өтті

Бельгияда дәстүрлі өтетін «Гент-Вевельгем» веложарысы биыл тартысқа толы болды.

Жарысқа шыққан 200-ге жуық шабандоздың тең жартысы мәреге жете алмады. Жиі сүрініп, жарақат алып жатқандардың арасында «Астана» командасының спортшылары да бар. Қазақстандық клуб сапындағы Борут Бозич 233 шақырым бойы үздіктер қатарынан көрінген. Тек мәреге 200 метр қалғанда жолдан тайып, жарыстан шығып қалды. Осының салдарынан астаналық Анрей Гривко, Дмитрий Муравьев және Руслан Тілеубаевтар да үздіктер қатарынан іліге алмады. Ақыры германиялық Джон Дегенкольб жарыс жеңімпазы атанды.

Авторлары: Аслан Қаженов, Бақытбек Нұртаев

 
0
0
230

Осы тақырып бойынша

«Гент-Вевельгем» біркүндік веложарысы өтті - Yvision.kz