Жерлесіміз Дмитрий Петрухин 175 метр биіктіктен секірді
Отандық байкер Дмитрий Петрухин Виктория сарқырамасында арқан арқылы 175 метр биіктіктен секірді.
Осы 57 жастағы саяхатшының ерлігі талайды тәнті етті. Себебі, өз елінің байрағын арқасына байлап секірген жағдай бұрын-соңды болмаған. Айта кетейік, Дмитрий Петрухин қазір Африка елдерін аралап жүр. Мақсаты – елімізде өтетін ЕХРО-2017 халықаралық көрмесін кеңінен насихаттау.

