Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Менің мамандығым — менің болашағым!

Бүгін "Ақ Сұңқар"жастар қоғамдық бірлестігі мен "Бір Болашақ" жастар қоғамдық бірлестігі қала көлемінде "Менің мамандығым - менің болашағым" атты  акциясы бастау алды. Акцияның аясында қоғамдық бірлестіктің мүшелері қала  мектептің жоғары сынып оқушыларымен кездестіру ұйымдастырды. Кездесу барысына мектеп директоры мен орынбасарлары қатысты. Аталмыш кездесуде Елбасының биылғы Қазақстан халқына жолдауы "Қазақстан 2050" стратегиясы, Жастарды патриотизмге тәрбиелеу, Болашақ менің мамандығым және білім мен ғылым мәселелері кеңінен талқыланды. Кездесудің бел ортасында мектеп директоры да сөз алып, бүгінгі кездесудің негізгі тұздығына айналған тақырыптар жөнінде біраз ой толғап, акцияның ары қарай жалғасуына сәттілік тілей отырып, рахметін жеткізді. Акция одан әрі сәуір айы бойына жалғасын таппақ.

1
0
2500

Осы тақырып бойынша

Менің мамандығым — менің болашағым! - Yvision.kz