«E.gov – ел болашағы!» акция өтті!!!

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК-ның Жамбыл облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 2.1-ші ғимаратында «E.gov – ел болашағы!» атты пикеті өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты студенттер мен оқытушыларға «Электронды үкімет» бағдарламасын насихаттау және веб-порталда жұмыс жасау үрдісін түсіндіру. Студенттердің сұрақтарына жауап беру. «Электрондық үкімет» порталы – Қазақстан азаматтарының және республика қонақтарының Қазақстан туралы, оның үкіметі, заңнамасы, ұлттық назар аударарлық орындары туралы ресми ақпарат ала алатын, сонымен қатар онлайн режимде мемлекеттік органдар қызметіне ие болып және айыппұл төлеуге мүмкіндік беретін бірыңғай ресурс екені баршамызға белгілі. Онда 2000-нан аса қызмет түрі көрсетіледі. Бүгінгі іс-шарада ұйымдастырушылар тек сұранысқа ие болған "Мекен-жай анықтамасын" алу жолдарын көрсетті. Сонымен қатар, студененттердің көкейде жүрген сұрақтанына мамандар жауап беріп, арнайы буклеттер таратылды.
