Мазмұнға өту

Жаңа

Өскеменде қылмыстың алдын алуды полиция шенеуніктермен бірге атқарады.

Өскеменде қылмыстың алдын алуды полиция шенеуніктермен бірге атқарады. «BNews.kz», 10.04.2014ж.
Өскеменде құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша 12 жұмыс тобы құрылды. Оған қала әкімдігінің істерін басқару филиалдарының директорлары, ІІБ учаскелік инспекторлары және прокуратура қызметкерлері кіреді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

«Бұл шара азаматтардың заңды мүддесі мен құқықтарын құқыққа қайшы әрекеттерден қорғау, ҚР «Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» заңына сәйкес құқықбұзушылықты ескерту және алдын алуды көздейді. Жаңа құқықтық әрекеттестік кез келген мәселені жедел шешуге мүмкіндік береді, тіпті тұрғындардың өздері де осы топқа хабарласуына болады. Учаскелік инспектор мен прокурор бір жерде филиал аумағында болады. Кеңсе, арнайы техника және жиһаз мәселелері шешілді», - дейді Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов.

«Бұған дейін әкімдіктің бастамасымен Қоғамдық кеңес құрылған болатын, оның құрамына атқарушы билік, БАҚ өкілдері, депутаттар, еңбек және құқық қорғау органдарының ардагерлері, жастар кіреді. Ол субъектілердің өзара әрекеттестіәгін арттыруды негізге алып сол арқылы қаладағы қылмыс пен құқық бұзушылық деңгейін төмендетуді мақсат тұтады. Ал қоғамдық тәртіп қауіпсіздік пен гүлденудің кепілі екені баршаға мәлім», - дейді қала әкімінің баспасөз қызметкері Лариса Поломошнова.

 
0
0
506

Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты басталды

Шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы Латвияда өтіп жатқан әлем чемпионатында алғашқы екі кездесуін өткізді, — деп хабарлайдыTengrinews.kz.

Әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы биыл да әлем чемпионатының бірінші дивизионындағы «В» тобында бақ сынайды. Мұны деңгейі жағынан «үшінші топ» деп түсінген дұрыс. 2012 жылы бірінші дивизионынның «А» тобында соңғы орынға табан тіреп, «В» тобына түсіп қалғанбыз.

Былтыр осы топта бірінші орынға ие болып, «А» тобына қайта оралуды мақсат тұтқанбыз. Бірақ оған қыздарымыздың шамалары жетпеді. Биыл да шыға алмайтын болып отыр. Себебі хоккейші қыздарымыз алғашқы екі ойында-ақ сүрініп, жеңілістің кермек дәмін татты…

Жалпы, Вентспилсте өтіп жатқан әлем чемпионатының «В» тобында биыл Қазақстан, Қытай, Нидерланды, Солтүстік Корея, Латвия және Венгрия құрамалары «А» тобының жалғыз жолдамасына таласуда. Ал соңғы орынға табан тіреген құрама екінші дивизионның «А» тобына түсіп қалады.

Қазақстан қыздары алғашқы матчта Солтүстік Корея құрамасынан 0:3 есебімен ұтылып қалды. Осы ретте айта кетейік, кейінгі жылдары Азияда әйелдер хоккейінің деңгейі қарқынды түрде өсіп келеді. Мысалы, қысқы Азия ойындарында абыройымызды асқақтатып, саф алтынмен апталып жүрген қыздарымыз былтыр Францияда өткен әлем чемпионатында ғана дәл осы Солтүстік Корея қыздарын 6:2 есебімен ұтқан болатын…

Бұдан кейін қыздарымыз Нидерланды аруларымен кездесіп, ойынның негізгі уақытында тең түскендерімен, овертаймда жеңіліске ұшырады. Есеп – 2:3. Бұл кездесудегі екі голды да ұлттық құраманың сұрмергені Зарина Тухтиева соқты. Екі матчта да қақпаны Айжан Раушанова қорғады. Ол бірінші матчта 30 соққыны тойтарса, екіншісінде 36 соққыға тосқауыл бола білді.

Қазақстан құрамасының ойындары күнтізбесі:

Әлем чемпионаты. І дивизион, «В» тобы. Латвия
6 сәуір: Қазақстан – Солтүстік Корея – 0:3
7 сәуір: Қазақстан – Нидерланды – 2:3 /ОТ/
9 сәуір: Қазақстан – Латвия
10 сәуір: Қазақстан – Қытай
12 сәуір: Қазақстан – Венгрия

Қазақстан құрамасының сапы:

қақпашылар – Айжан Раушанова («Айсұлу», Алматы), Татьяна Можаева (спортқа дарынды жасөспірімдер мен балалар спорт мектебі, Алматы);

қорғаушылар – Дәрия Молдабай, Әсем Төлеубаева, Ләззат Мыңжасарова, Виктория Сазонова, Ольга Конышева, Екатерина Скобелкина (бәрі де – «Айсұлу»), Ажар Хамимулдинова («Томирис», Астана);

шабуылшылар – Меруерт Рыспек, Ғалия Нұрғалиева, Арай Шегебаева, Салтанат Үрпекбаева, Зарина Тухтиева, Айя Калиула, Любовь Ибрагимова, Алена Фукс, Карина Фельзинк, Татьяна Лихаус, Татьяна Королева, Надежда Филимонова (бәрі де – «Айсұлу»), Валерия Каменская («Устинка», Өскемен).

Бас бапкер – Александр Мальцев,
Жаттықтырушы – Наталья Скобелкина.

Тектес:Хоккей

 
0
0
255

Головкин әлемнің көрнекі боксшыларының тізіміне енді

WBA және IBO нұсқалары бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин әлемнің әр жекпе-жегін «триллер элементтері бар боевикке» айналдыра білетін 11 көрнекі боксшысының тізіміне енді деп хабарлайды Vesti.kz.

Күні кеше 32 жасқа толған Геннадий Головкин Sports.ru порталының нұсқасы бойынша әлемдік бокстың ұрғанынан тұрғызбайтын алыбы саналады. Ол — әлемнің қазіргі чемпиондарының арасында үздік нокаутшы да. Оның үстіне, 2008 жылдан бері кәсіби боксшы қарсыластарының бірде-бірі жекпе-жектің ақырына дейін шыдай алмаған.

Головкинмен бірге жекпе-жегін тамаша көрініске айналдыратын әлемнің көрнекі боксшыларының қатарына ресейліктер — Руслан Проводников, Сергей Ковалев, америкалықтар — Брендон Риос, Майк Альварадо, Деонтей Уайлдер, аргентиналықтар — Маркос Майдана, Лукас Маттиссе, филиппиндік Мэнни Пакьяо, ұлыбританиялық Карл Фроч, канадалық Адонис Стивенсон еніп отыр.

Еске салайық, Геннадий Головкин кәсіби шаршы алаңда 29 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен болатын. 26 жекпе-жекте ол қарсыласын нокаутқа түсіріп жеңді. Шаршы алаңдағы ұрысты 16 рет уақытынан бұрын аяқтады.

Головкин шаршы алаңға шілде айында АҚШ-та оралмақ. Оның қарсыласы — мексикалық кіші Хулио Сезар Чавес.

 
0
0
295

Футбол додасы енді қызды

Футболдан Қазақстан премьер-лигасында бесінші турдың ойындары аяқталып, көшбасшы ауысты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Бесінші турда «Ақтөбенің» айдарынан жел есті. Биылғы маусымда нәтижелі ойын өрнегін көрсетіп жүрген, жігерлі «Жетісуды» қабылдап, жеңіске жетті. Жалғыз голды Бразилия тумасы, Армения құрамасының шабуылшысы Маркос Пиззелли соқты. «Ақтөбе» осы жеңісінің арқасында бірінші орынға шықты.

«Шахтер» де ақтөбеліктер сияқты енді екпін алып келеді. Бұл турда кеншілер клубы да биылғы маусымды өте жоғары қарқында бастаған, өрнекті ойын үлгісін көрсетіп жүрген «Атырау» клубын қабылдады. Екінші таймда екі гол соғып, үш ұпай еншіледі. Әрі көшбасшылар қатарына қосылды.

Бесінші турға дейін көш бастаған «Астана» Алматыда «Қайратпен» ұпай бөлісті. Міне, бес тур өтті, елорда клубының қақпасына әлі бірде-бір гол соғылған жоқ. «Қайрат» та Логиновский қорғаған қақпаның құлпын аша алмады. Бірақ «Қайрат» биылғы маусымда бірінше рет Алматыда ұтылған жоқ.

«Ертіс» өз алаңында «Ордабасы» клубының қақпасына екі гол тоғытты. Ал «Тобыл» Қызылордадан келген қонақтарын ұта алмай, бір ұпайды қанағат тұтуға мәжбүр болды.

Көш соңындағы екі команда кездесіп, «Тараз» өз алаңында «Спартактың» қақпасына екі гол соғып, биылғы маусымдағы алғашы жеңісіне қол жеткізді.

Сонымен, осы турдан кейін «Ақтөбе» 11 ұпаймен бірінші орынға шықты. Тура осынша ұпайы бар «Астана» — екінші орында. «Шахтер» 10 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. «Жетісу», «Атырау» және «Ертіс» сегіз ұпаймен 4-6 орындарды бөлісіп тұр. «Ордабасы» алты ұпаймен 7-орынға ығысты. «Қайсар» мен «Тобыл» әлі жұптарын жазар емес, бес ұпаймен әлі сол 8-9 орындарда тұр. «Қайрат» пен «Тараз» төрт ұпаймен 10-11 орындардан жылжыр емес. Ал «Спартак» жалқы ұпайымен соңғы орынды меншіктеп алды.

Премьер-лига. V тур.

«Ақтөбе» – «Жетісу» (Талдықорған) – 1:0
Гол:
Пиззелли, 74.
Алаңнан қуылды: Заречный, 82 («Ж»)

«Шахтёр» (Қарағанды) – «Атырау» – 2:0
Голдар: Одибе, 57-автогол, Порываев, 90.

«Ертіс» (Павлодар) – «Ордабасы» (Шымкент) – 2:0
Голдар: Бурзанович, 13. Бурзанович, 17.

«Тобыл» (Қостанай) – «Қайсар» (Қызылорда) – 1:1
Голдар: Струков, 28 (0:1). Шимкович, 50 (1:1).

«Тараз» – «Спартак» (Семей) – 2:0
Гол: Скорых, 58. Щеткин, 71.

«Қайрат» (Алматы) – «Астана» – 0:0
Алаңнан қуылғандар: Плиев, 89. Едигарян, 89 (екеуі де – «Қайрат»).

Тектес:Футбол
 
0
0
359

Павлодарлық волейболшы қыздар күмісті місе тұтты

Павлодарда волейболдан әйелдер арасындағы ұлттық лиганың күміс жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді.

Биылғы чемпионатта «Ертіс» әйелдер клубы бас бәйгеден үмітті болатын. Алайда алтын бұйырмай, бірнеше ұпайы кем павлодарлық волейболшы қыздар күмісті місе тұтты. Салтанатты марапаттау рәсіміне танымал спортшылар мен аға буын ардагерлер қатысты. Аймақ басшылары жаңа маусымда танымал спорт түрлеріне ерекше көңіл бөлінетінін атап өтті.
Дүйсенбай Тұрғанов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:
- Қазіргі таңда тек қана волейболға ғана емес,сонымен қатар
, басқа да спорт түрлеріне де жақсы көңіл бөлініп жатыр. Бүгін үлкен мереке, волейболшы қыздарымыз жақсы жетістіктерге жетіп жатыр. Келесі жылы бірінші орынды иеленеміз деп үмітеніп отырмыз.
Елена Эзау, «Ертіс-Қазхром» ойыншысы:
- Толқып тұрмын. Біздің команда ең үздік атанды, тырысып бақтық. Бұл медаль біз үшін алтыннан да қымбат. Күміс болса да біз оған еңбегіміздің арқасында қол жеткіздік. Бұны алтын деп қабылдаймыз.

 
0
0
395

«Ертіс» командасы өз атағын қорғап қалудан үмітті

 

Әзірге керекулік хоккейшілердің аяқ алысы жақсы.

Алғашқы кездесу 2:1 есебімен аяқталса, екінші матч 5:4 нәтижесімен «Ертістің» пайдасына шешілді. Әсіресе, жанкүйерлер үшін тамаша ойын болды. Шайба алма-кезек 2 қақпадан табылып, соңында айдын иелері басымдық байқатты. Мартин Хьюс бір нәтижелі пас пен екі шайбаның авторы атанып, «Ертістің» жеңісіне өз үлесін қосты. «Арлан» хоккейшілері енді Көкшедегі қарымда ойында есе қайтаруға ұмтылады. Алайда көкшетаулық командаға қиын болары сөзсіз. Павлодардағы кездесуде қақпашы Евгений Царегородцев пен Яник Риндео ереже бұзып, келесі ойынға қатысу мүмкіндігінен айырылды. Қарымта кездесулер 10-11 сәуірде өтеді.

 
0
0
407

Ойлайсың ба

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

 

Күн сәулесі щыққанда, ойлайсың ба?

Еске алып таңдарды, бірге атырған.

Әсем әуен айтылса, ойлайсың ба?

Жүрегіңді сол кезде, бір толқытқан.

 

Самал желде сен мені, ойлайсың ба?

Жылыуыңмен аймалап, бір өткенде,

Әлде суық күндерде, ойлайсың ба?

Есіңде ме, гүл алып, мен келгенде?

 

Жапалақтап қар жауса, ойлайсың ба?

Қармен ойнап, жүруші едік, баладай.

Көктем келсе күнімен, ойлайсың ба?

Бар тіршілік, біз үшін, оянғандай.

 

Сары күзде, жапырағыңмен, ойлайсың ба?

Жатушы едік, сары кілем үстінде.

Жаңбыр жауса, тамшылап, ойлайсың ба?

Сақтап мені, ең болмаса, көңіліңде.

 

Маған келсең, күндіз – түні, ойлаймын,

Сол күндерді, еске сақтап, торлаймын.

Бұл бал кезді, мәңгі, есте сақтаймын,

Сен болмасаң, менде жоқпын, болмаймын.

0
1
543

Банктерге сенім бар....

Орыс мақалы "қаз балапандарын күзде санайды" демеуші ме еді. Девальвацияның дағдарысынан кейін осының да реті келді. WhatsApp арқылы таралған дүрмектен кейін смс-шабуылға ұшыраған 3 банктен салымшылар 169 млрд теңгеге жуық қаржыны алып кеткен. Оның ішінде ЦентрКредит жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі 14,7%, Kaspi bank – 16,8%, Альянс банк – 30,9%. Бұл Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес болжанған көлемнен 20-30%-ға төмен.

Осы ақпаратқа орай kaspi bank-тің баспасөз қызметі арнайы хабарлама таратты. Олардың мәлімдеуінше қазіргі таңда салымдардың үштен бір бөлігі немесе 35%-ы қайта оралған. Банк басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе бұл туралы былай дейді:

«Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Сәуір айының бірінші аптасында қайта салынған депозит көлемі 35% құрады».

Банк мамандарының айтуынша, бұл қарқын жалғасса дүрбелең кезінде алынған салымдардың негізгі бөлігі алдағы 3-4 айда қайта оралмақ.

Сол 72 сағатта-ақ еліміздегі банк секторының төтенше шабуылға қаншалықты төтеп бере алатындығы мен біздегі ақпараттық қорғаныстың деңгейі байқалған еді. Жұртышылықтың қаржылық сауатының шынайы деңгейі де айқын болды. Ал бұл жолғы әрекет арқылы азаматтарымыздың қаржы орталықтарына өткен жайттарға қарамастан алдағы уақытта қаншалықты сенім білдіретіндігін шамалауға болады.

https://www.youtube.com/watch?v=jnXZx71WxEY

 
0
0
407

Ақтаудағы авиациялық базада жаңа штаб пайдалануға берілді

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов жұмыс сапармен Ақтау гарнизонында болды.

Сапар барысында Бас штаб бастығы Әуе қорғанысы күштеріне қарасты 30153 әскери бөлімінің жаңадан салынған штабының ашылу салтанатына қатысты. Жаңа заманға лайықтап салынған штаб үйінде әскери қызметшілерге барлық жағдай жасалған. Ғимаратта офицерлердің мәжіліс залы, брифинг зал, психологиялық жеңілдеу бөлмесі, тіл үйренушілер үшін лингофон кабинеті, спорт залы, асхана орналасқан. Жаңа нысан қызметке қажетті құрылғылармен толықтай жарақтандырылған. Әскери бөлім кезекшісінің қызмет орны да заманауи үлгіге сай жабдықталған. Онда жауынгерлік қызметті атқару үшін бейнеқондырғылар қойылған. Енді кезекші қызмет орнында отырып-ақ, авиациялық бөлімнің аумағын толықтай бақылауда ұстай алады. Штаб үйіндегі әскери қызметшілердің кең де, жарық қызмет бөлмелерінде жұмыс істеу қолайлы.

Әскери әуе күштеріне қарасты 30153 әскери бөлімі 2011 жылғы 25 мамырда құрылып, сол күні Қазақстан Республикасының батыстағы әуе кеңістігін қорғау мақсатында жауынгерлік кезекшілікке кірісті. Осы азғантай уақыттың ішінде әскери ұшқыштар бірнеше халықаралық әскери
оқу-жаттығуларға қатысып, тәжірибелерін шыңдады. 2011 жылғы 30 тамызда Конституция күніне арналған әскери парад пен 2013 жылы Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет өткізілген жауынгерлік парадқа қатысып, қазақстандықтардың құрметіне бөленді.

Ақтау гарнизонына жұмыс сапары барысында Бас штаб бастығы Ақтау гарнизонындағы  әскери нысандарда болып, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты.

ҚР ҚМ Баспасөз қызметі

0
0
459

Дүрбелеңде салымдарын алғандар, банктерге қайта салуда

 

Жақында Ұлттық банк қазақстандық банктердің депозит базасының жағдайы туралы мәліметтерді жариялады. Жарияланымға сәйкес биылғы жылдың ақпан айында sms-шабуылға ұшыраған үш банктен салымшылар кері алған салым көлемі 169.млрд.теңгені құраған. Оның ішінде ЦентрКредит банктің жалпы депозит қоржынынан қайтарылған қаражат көлемі 14,7%,  Kaspi bank – 16,8%, Альянс банк – 30,9%.

 

Бүгін Ұлттық банк таратқан ақпарға орай kaspi bank-тің баспасөз қызметі арнайы хабарлама таратты. Олар таратқан ақпарға сәйкес қазірге дейін салымдардың үштен бір бөлігі немесе 35%-ы қайта оралған.

 

«Біз күн сайын депозит өсімін байқап отырмыз. Жаңа клиенттермен қатар дүрбелеңге ілескен клиенттеріміз де қайта келіп жатыр. Сәуір айының бірінші аптасында қайта салынған депозит көлемі 35% құрады»,-дейді kaspi bank-тің басқарма төрағасы  Михаил Ломтадзе.

Басқарма төрағасының пікірінше бұл қарқын жалғасса дүрбелең кезінде алынған  салымдардың негізгі бөлігі алдағы 3-4 айда қайта оралмақ.

 

Қосымша ақпарат үшін:

 
 

Құрметпен,

Ербол азанбек

Баспасөз хатшысы

Жұмыс.:  +7 727 258 59 65

ішкі 2945

Ұялы.:     +7 702 280 50 30

www.kaspibank.kz

 
0
0
725