Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Киокушинкай-кан каратэ бойынша ел чемпиондары Филиппиндегі Азия және Болгариядағы Еуропа біріншілігіне жолдама алды — Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат — Қызылорда қаласында киокушинкай-кан каратэден жасөспірімдер, жастар, ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен облыс орталықтардан 250 каратэші қатысты.

Бәсеке ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы,Ұлттық республикалық киокушинкай-кан каратэ федерациясы және облыстық киокушинкай-кан каратэ федерациясының ұйымдастыруымен өткізілді.

Ел чемпионатынан бірінші орын алған спортшылар ҚР спорт шеберінің көрсеткішін орындады. Сонымен қатар, жеңімпаздар мамыр айында Филиппинде өтетін Азия чемпионатына және шілде айында Болгарияда болатын Еуропа чемпионатына жолдама алды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің диплом, кубок, медальдары табысталды.

Киокушинкай-кан каратэден ҚР чемпионатының жеңімпаздары:

Жасөспірімдер арасында:

12-13 жас қыздар арасында:

- 40 келі: Марал Құстаева (Астана қ.)

+40 келі: Арайлым Түбекбаева (Астана қ.)

Ұлдар арасында:

-35 келі: Өркен Есенгелдиев (Астана қ.)

-40 келі: Асхат Галеев (Ақмола обл.)

-45 келі: Мұхтар Шаханов (Астана қ.)

-50 келі: Бақтияр Қайратов (Астана қ.)

+50 келі: Астам Жанарбаев (Қарағанды обл.)

14-15 жас қыздар арасында:

-50 келі: Жанерке Исатай (Астана қ.)

+50 келі: Динара Нұрғалиева (Ақмола обл.)

14-15 жас ұлдар арасында:

-45 келі: Аян Қалиақпар (Астана қ.)

-50 келі: Жәнібек Бұршақбаев (ШҚО)

-55 келі: Александр Варанцов (ШҚО)

-60 келі: Александр Тронягин (Қарағанды обл.)

+60 келі: Мейрам Бимжанов  (Астана қ.)

Жастар арасында:

16-17 жас қыздар арасында:

-55 келі: Наргиз Ұзақбаева (Ақмола обл.)

+55 келі: Балжан Исмайлова (Қызылорда обл.)

Ұлдар арасында:

-55 келі: Темірлан Жәнібеков (Астана қ.)

-60 келі: Әлішер Сейілбек (Қызылорда обл.)

-65 келі: Александр Грузинцев (Атырау обл.)

+65 келі: Никита Гарас (Қарағанды обл.)

Басты сөздер: СпортҚызылорда облысы
 
0
0
769

Осы тақырып бойынша