Мазмұнға өту

Жаңа

В Шымкенте придумали экономическую игру «Кәсіпкер кz»

Автор «Кәсіпкер кz» - лектор обучающего проекта для предпринимателей «Бизнес-Советник» Алтын Есиркепова. По ее словам, настольная экономическая игра - это самый доступный способ обучения основам экономики. Она помогает закрепить знания по географии и региональной экономике Казахстана. Алтын Есиркепова рассказывает, что идея о создании интеллектуальной игры зародилась еще три-четыре года назад, когда она стала лектором по программе "Бизнес-советник" Фонда «Даму». Профессиональная шахматистка, Алтын Махмудовна решила проводить обучение посредством игры: именно настольные игры развивают логическое и аналитическое мышление, что необходимо для будущих бизнесменов. Вначале Алтын Есиркепова создала самодельную карту, протестировала ее на своих родственниках и друзьях. А потом сотрудники регионал…

0
0
788

БОКС: «Астана арландары» мен «Баку Файрстың» жартылай финалда тартысқа түсетін құрамы белгілі болды

Әзербайжандық «Баку Файрс» бокс клубы Дүниежүзілік бокс сериясының (WSB) бірінші жартылай финалдық тартысында «Астана арландарына» қарсы шығатын боксшылар бестігін атады. 49 келіге дейін салмақ дәрежесінде Мардан Берікбаевқа қарсы Хамза Наметов шығады. 56 келіге дейін салмақта Мәди Шолақов шаршы алаңда Гаирбек Гермахановпен қолғап түйістіреді. 64 келіге дейінгі салмақта Жәнібек Әжібайдың қарсыласы — Гайбатулла Гаджиалиев. 75 келіге дейінгі салмақта Ерік Әлжанов Солтан Мигитиновпен жекпе-жекке шығады. Ал 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит пен Абдулкадир Абдуллаев бақ таластырады. Бұл кездесу 26 сәуірде Астанада ұйымдастырылса, қарымта жекпе-жектер 3 мамырда Бакуде өтеді. Елордадағы тартысты дода «Сарыарқа» республикалық велотрегінде сағат 20:00-де басталады, деп жазады Vesti.kz. Авто…

0
0
427

Зарина Дияс Малайзия турнирінің ширек финалында жарыстың бірінші ракеткасымен кездеседі

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Малайзияда өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалында жарыстың бірінші ракеткасы словакиялық Доминика Цибулковамен ойнайды.

Екінші айналымда Цибулкова Тайвань спортшысы Си Сувэйді 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама алды.

Ал жерлесіміз З.Дияс болса, өз кезегінде итальяндық теннисші Джулия Гатто-Монтиконені 6:1, 6:4 есебімен жеңген болатын. 20 жастағы спортшымыз бірінші айналым матчында Грекияның 31 жастағы спортшысы Элени Данилидуді 6:2, 6:2 есебімен ойсырата ұтқандығын естеріңізге салайық.

Айта кетейік, Куала-Лумпурда өтіп жатқан халықаралық доданың жалпы сыйақы қоры 250 мың АҚШ долларын құрайды.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
302

Қазақстандықтар джиу-джитсудан V әлем чемпионатында жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты

Португалияда 10-17 сәуір күндері өткен жауынгерлік джиу-джитсудан V әлем чемпионатында қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты. Бұл жайында ҚазАқпаратқа «Джиу-джитсу Профи Файт» ұлттық федерациясының президенті Дәурен Мұса мәлім етті. Оның атап өтуінше, Португалияда өткен байрақты бәсекеде көптеген қазақстандық спортшылар бірнеше дүркін әлем чемпионы атанып қайтты. «Жаттықтырушылар құрамының мол тәжірибесі мен талантты жастарымыздың арқасында әлемдік спорт қоғамдастығында қазақша джиу-джитсу деген жаңа түсінік пайда болды», — деді Д.Мұса. Аталған федерациясының вице-президенті Қанат Тілеуімбетовтің атап өтуінше, әлем чемпионатына еліміздің барлық өңірінен спортшылар барған. «Чемпионатқа әлемнің 23 елінен 100-ден астам спортшы қатысты. Жарыс нәтижесінде Қазақста…

0
0
377

Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер құрамасы Норвегия командасын тізе бүктірді — ӘЧ

Францияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер құрамасы (U-18) Норвегия командасын тізе бүктірді.

Кездесу жерлестеріміздің пайдасына 5:2 (0:1, 2:0, 3:1) есебімен аяқталды. Гол авторлары: Кирилл Ядрышников (дубль), Никита Медведев (38), Семен Кошелев (дубль).

Айта кетейік, Ниццада өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық спортшылар «А» тобының бірінші дивизионында өнер көрсетуде.

Бұның алдында қазақ хоккейшілері Италия құрамасын 5:1 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Енді Қазақстан командасы 19 сәуір күні айдын иелері — Франция құрамасымен күш сынасады.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
200

«Кайсар» бірінші рет «Ертістің» қақпасына 4 бірдей гол салды

«Қайсар» мен «Ертістің» 6-турдағы ойыны 4:2 есебімен қызылордалықтардың пайдасына шешілді, деп хабарлайды sports.kz.

Бір атап өтерлігі, «Қайсар» бұған дейін Қазақстан чемпионаттарында павлодарлық «Ертістің» қақпасына төрт рет гол салып көрген емес. Бұған дейін аталған командалар 32 рет кездесті. 1992 және 2012 жылдары «Қайсар» 2:0 есебімен ұтса, 2008 жылы 3:1 есебімен басым түскен болатын.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
297

Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтеді

ҚазАқпарат, 18.04.2014 18 сәуір күні Астана қаласында Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІ сессиясы өтеді. Сессия «Қазақстан - 2050» стратегиясы: бейбітшілік, руханият және келісім мәдениеті» тақырыбының аясында өтеді, деп хабарлайды Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметінен. Бұған дейін хабарлағандай, Мемлекет басшысы Н. Назарбаевқа ҚХА Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов Қазақстан халқы Ассамблеясының XXI сессиясына дайындық мәселелерін талқылаған болатын. Е.Тоғжанов сессия жұмысына еліміздің барлық өңірінен 406 делегат, соның ішінде Ассамблея мүшелері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің төрағалары қатысатынын баянда…

0
0
561

Халықаралық әскери бақылаушылар Қазақстанда болды

Франция, Бельгия және Нидерландыдан келген әскери бақылаушылардың инспекциялық тобы Қазақстан аумағындағы «көрсетілген ауданда» инспекция өткізді. Іс-шара ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемі шеңберіндегі Сенім мен қауіпсіздікті нығайту шаралары туралы 2011 жылғы Вена құжатының ережелеріне сәйкес өткізіліп отыр. Семей, Аягөз гарнизондарының бөлімдерін инспекциялау барысында инспекциялық топпен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор М. Бектанов кездесті. Әскери бөлімдерде болған халықаралық инспекторлар біздің еліміздің Вена құжатының ережелерін толықтай орындайтындығын растады, бұл Қазақстанның халықаралық шарттар мен келісімдер шеңберінде өзіне алынған міндеттемелерді қатаң сақтайтындығын кезекті рет дәлелдеді. Шетелдік инспекторлар қазақстандық әскери қызметшілердің…

0
0
375

Мәңгілік ел – бренд ел

Қазір бәрі де «бренд» ретінде танылғысы келеді. Өзінің қаласын брендке айналдырғысы келген әкімдер, партиясын брендке айналдырғысы келген көшбасшылар, өзін брендке айналдырғысы келген әншілер, компаниясын немесе шығарған өнімдерін брендке айналдырғысы келген кәсіпкерлер т.б. өте көп. Шындығы сол, бәсекелестік өршіген бүгінгі заманда мықты брендке айналып қана сен қарсыласыңды жеңе аласың. Бренд - бұл үлкен күш, таусылмас қуаттылық. Бренд адамдардың өміріне дендеп кірді. Қазір кез келген кәсіпті немесе жұмысты брендке айналдырып қана жоғары деңгейде жүргізе аласың. Әсіресе, саясат пен экономика саласын брендсіз елестету бүгінгі күнде өте қиын. «ҚазМұнайГаз», «Каспий банк», «Қазақмыс», «Астана», «НұрОтан», «Н.Назарбаев (НӘН)», «Қайрат Нұртас (КН)» т.б. брендтер біздің елімізде де жетерлік.…

0
0
1607

Орталық Азиядағы исламның рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтті

2014 жылғы 17 сәуірде Астанада қаласында ҚР Дін істері агенттігі «Орталық Азиядағы исламның рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өткізді. Конференцияның негізгі мақсаты – Исламның дамуында айтарлықтай үлес қосқан Орталық Азияның рөлін талқылау. Конференция жұмысына танымал теолог-исламтанушылар, дін саласындағы қарым-қатынасты реттеу және діни экстремизмге қарсы тұру мәселерімен айналысатын Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркия мен Египет республикаларынан келетін шетелдік сарапшылар, мемлекеттік орган өкілдері, дін және діни сенім бостандығы мәселелерін зерттеуші қазақстандық сарапшы-мамандар, ғалымдар, дінтанушылар, ҮЕҰ мен БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияның пленарлық мәжілісінде Қазақстанның Бас мүфтиі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Маямеров,…

0
0
455