Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Зарина Дияс Малайзия турнирінің ширек финалында жарыстың бірінші ракеткасымен кездеседі

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Малайзияда өтіп жатқан WTA турнирінің ширек финалында жарыстың бірінші ракеткасы словакиялық Доминика Цибулковамен ойнайды.

Екінші айналымда Цибулкова Тайвань спортшысы Си Сувэйді 6:1, 6:2 есебімен тізе бүктіріп, ширек финалға жолдама алды.

Ал жерлесіміз З.Дияс болса, өз кезегінде итальяндық теннисші Джулия Гатто-Монтиконені 6:1, 6:4 есебімен жеңген болатын. 20 жастағы спортшымыз бірінші айналым матчында Грекияның 31 жастағы спортшысы Элени Данилидуді 6:2, 6:2 есебімен ойсырата ұтқандығын естеріңізге салайық.

Айта кетейік, Куала-Лумпурда өтіп жатқан халықаралық доданың жалпы сыйақы қоры 250 мың АҚШ долларын құрайды.

 
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
289

Осы тақырып бойынша

Зарина Дияс Малайзия турнирінің ширек финалында жарыстың бірінші ракеткасымен кездеседі - Yvision.kz