Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер құрамасы Норвегия командасын тізе бүктірді — ӘЧ

Францияда өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер құрамасы (U-18) Норвегия командасын тізе бүктірді.

Кездесу жерлестеріміздің пайдасына 5:2 (0:1, 2:0, 3:1) есебімен аяқталды. Гол авторлары: Кирилл Ядрышников (дубль), Никита Медведев (38), Семен Кошелев (дубль).

Айта кетейік, Ниццада өтіп жатқан әлем біріншілігінде қазақстандық спортшылар «А» тобының бірінші дивизионында өнер көрсетуде.

Бұның алдында қазақ хоккейшілері Италия құрамасын 5:1 есебімен ойсырата ұтқан болатын. Енді Қазақстан командасы 19 сәуір күні айдын иелері — Франция құрамасымен күш сынасады.

Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
193

Осы тақырып бойынша

Қазақстанның хоккейден жасөспірімдер құрамасы Норвегия командасын тізе бүктірді — ӘЧ - Yvision.kz