Мазмұнға өту

Жаңа

Болашақ – бүгіннен, бүгініміз – шет тілімен...

«Бакалавр – жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже». Қазақстан Республикасының Заңы «Білім туралы» Университет қабырғасында оқып, бакалавр атағын алып, студент деген айдар тағынып жүргенімізге де екі жылдан асып барады. Осы екі жыл ішінде университетке қатысты мәліметтермен толықтай танысып шықтық деуге де болады. Біздің мамандыққа қатысты өтіп жүрген сабақтарымыздың бірі – кәсіби коммуникацияға арналған шет тілі сабағы. Қыстық семестр басталғалы бізге жаңа мұғалім пәннен оқыта бастады. Есімі – Сапарходжаева Нұргүл апай. Филология факультетінің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы. Бірде әдеттегідей сабақ өтіп жатқанымызда, университетіміздегі бағдарламалар бойынша шетелде оқу туралы сөз болды.…

0
0
688

Алтай өлкесінде қазақстандық-ресейлік тактикалық-өрт сөндіру жаттығулары өткізілді

2014 жылдың 25 сәуірінде Алтай өлкесінде (Ресей Федерациясы) қазақстандық-ресейлік бірлескен тактикалық-өрт сөндіру жаттығулары өтті. Бұл шара екі елдің ормандардағы өртке қарсы күрес қызметтерінің дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ трансшекаралық аумақтарды орман өрттерін сөндіруге жұмылдырылатын күштердің өзара әрекеттесуін пысықтау мақсатында ұйымдастырылды. Ключев орман шаруашылығының аумағында өткізілген жаттығулар барысында қызметтердің шартты орман өртін жою кезіндегі өзара іс-қимылдары пысықталды. Жаттығу тапсырмалары әуе және жерден әрекет ету қызметтерінің өрт сөндіру құралдарын қолдану арқылы орындалды. Қазақстан тарапынан жаттығуларға ҚР ҚОСРМ орман және аңшылық шаруашылығы комитетіне бағынысты ұйымдарының, ҚР ТЖМ өртке қарсы мемлекеттік қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ Шығ…

0
0
222

Кеше Жоғарғы Сотта «Төрелік (аралық) соттар туралы» ҚР Заңының жобасын таныстыру рәсімі өтті.

Заң жобасы Мемлекет басшысының сот ісін жүргізудің сотқа дейінгі және баламалы нысандарын дамыту жөнінде қойған міндеттерін іске асыру шеңберінде Ұлттық палата, Жоғарғы Соттың, басқа да мүдделі ведомстволар мен бизнес-құрылымдар өкілдерінен тұратын жұмыс тобы тарапынан әзірленді.

http://sud.kz/kaz/news/keshe-zhogargy-sotta-torelik-aralyk-sottar-turaly-kr-zanynyn-zhobasyn-tanystyru-rsimi-otti

0
0
561

ШҚО-да қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы II халықаралық турнир өтті

Боз кілем үстінде тоғыз елдің үздік палуандары белдесті. Аталған додаға Айбек Нұғымаров, Бейбіт Ыстыбаев, Мұхит Тұрсынов сынды мақтаныштарымызбен қатар, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия сынды елдердің белді палуандары қатысты. Сондықтан да болар бұл спорттық сайыс аса жоғарғы деңгейде өтті. Қазақ күресін тамашалауға келген қауым да ерекше жанкүйерліктанытты. Қажымұқанның бүгінгі ізбасарлары 90 келіден жоғары салмақта «Түйе палуан», ал 80 келіге дейінгі салмақта «Өгіз палуан» атағы үшін таласты. Ақтық сайыста топ жарып шыққан Айбек Нұғымаров түйе палуан атанып қайтса, Қуаныш Мұратов «Өгіз палуан» атағын еншіледі. Гинтаутас Вилейта, FILA халықаралық күрес комитетінің президенті (Литва): - Біз дәл осындай турнирдің жүйелі болуын қалаймыз. Сонымен қатар бұндай сайыстар біркелкі фо…

0
0
690

«Сарыарқа» Братина кубогын жеңіп алды

Осыдан бірер минут бұрын Қарағандының «Сарыарқасы» Тюменнің «Рубинін» төртінші рет ұтып, Братина кубогын жеңіп алды, — деп сүйінші сұрайды Tengrinews.kz. «Сарыарқа» мен «Рубин» арасындағы алтыншы матч Қарағандыда өтті. Кеншілер клубы кездесуді өте жоғары қарқында бастап, үшінші минутта-ақ есеп ашты. Рас, көп ұзамай, қонақтар таразы басын теңестірді. Алайда екінші кезеңнің аяғында «Сарыарқа» өрнекті ойын үлгісін көрсетіп, тамаша гол соқты. Үшінші кезеңде есеп өзгерген жоқ. Соңғы минуттарда «Сарыарқа» кем құрамда ойнап, «Рубин» тіпті қақпашысын алтыншы ойыншыға алмастырып, қыспаққа алды-ақ. Бірақ Қарағанды клубы оның бәріне төтеп берді. Жеңісті есепті уыстарынан шығармай, Братина кубогын иеленді. Былтыр да финалға шығып, шектен тыс шиеленісті додада кубоктан айырылып қалған «Сарыарқа» биыл…

0
0
211

«Сарыарқа» мен «Рубин» бір-бірінің рекордтарын үзді

Шайбалы хоккейден Братина кубогының финалында Қарағандының «Сарыарқасы» мен Тюменнің «Рубині» кездесіп, бір-бірінің рекордтарын үзді, деп жазады Tengrinews.kz. «Сарыарқа» мұзайдында «Рубинмен» кездескенге дейін, Ресей Жоғары хоккей лигасының Братина кубогы жолындағы плей-офф матчтарында 12 рет қатарынан жеңіске жеткен болатын. Бұл жаңа рекорд еді. Бұған дейінгі рекорд сегіз жеңіс болатын. Негізі, бұл рекордты «Рубин» (Тюмень) клубы екі маусым ішінде жүзеге асырған екен. Таратып айта болсақ, 2010/2011 жылдар маусымындағы плей-офф додасында жеті рет қатарынан жеңіске жетіп, келесі 2011/2012 жылдар маусымындағы тағы бір матчта сол жеңісті сериясын жалғастырған. 2011/2012 жылдар маусымында «Торос» (Нефтекамск) клубы да сегіз рет қатарынан жеңіске жетіп, бұл рекордты қайталаған. Биыл қазақтың…

0
0
332

Қазақстан – Болгария кездесуінен алғашқы жеңісті күтеміз

Футболдан әйелдер арасындағы Қазақстан ұлттық құрамасы 7 мамыр күні елордада Болгария қыздарын қабылдайды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл – 2015 жылы Канадада өтетін әйелдер арасындағы әлем чемпионатының електік додасы аясындағы кездесу. Қазақстан қыздары Еуропаның електік додасында 7-топқа түскен болатын. Қазір бұл топта барлық ойындардың жартысынан көбі өткізілді. Мысалы, Қазақстан ұлттық құрамасы електік додада өткізуі тиіс 10 ойынының алтауын өткізіп қойған. Соның біреуінде ғана тең түсіп, қалған бесеуінде ұтылып қалды. Қазақстан әйелдер құрамасы өткен күзде, яғни 23 қазанда түзде Болгария құрамасымен ғана 1:1 есебімен тең түскен болатын. Енді сол Болгария қыздарын Астанада қабылдаймыз. Болгария арулары да алты ойын өткізіп, осы кездесуден басқа бесеуінде жеңіліске ұшырады. 7-топ…

0
0
304

Көкшетауда 1 мамыр мерекесіне орай жасөспірімдер арасында каратэден турнир өтті

Көкшетауда 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, WKC спорттық каратэден жасөспірімдер арасында турнир өтті. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады. Елімізде денешынықтыру және спортты дамыту бағытындағы қолға алынған шараға №5 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі мұрындық болды. Жарысқа қатысушыларды аталған мектептің директоры М.Климатов құттықтап, жеңіске жетулеріне тілектестік білдірді. Турнир барысында жас каратэшілер жеңіске деген жігерліктерін танытып, жоғары деңгейде КАТА, Кумитэ тәсілдері бойынша сайысқа түсті. Жанкүйерлер тарапынан да қызу қолдау аз болмады. Турнирге 6 жастан бастап және одан жоғары жастағы 53 спортшы қатысып, 19 жиынтық медальді сарапқа салды. Тартысты әрі тартымды өткен сайыста бабы мен бағы қатар шапқан К.Еск…

0
0
454

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кенесінің экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы

Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде 2014 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кенесінің экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Бірінші отырыста, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кенесінің экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының 2014 жылдарға арналған жұмыс жоспары мақұлданды, сонымен қатар, Қазақстанның климатының өзгеруі және Дарьял – У нысанында сақталған ПХД бар қалдықтарды шығару бойынша сұрақтар қарастырылды. Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінде 2014 жылдың 28 сәуірінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кенесінің экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті. Бірінші отырыста, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кене…

0
0
426

«Бекіре-2014» акциясының барысы мен балық ресурстарын өсіру шаралары туралы

Жайық-Каспий бассейнінің су айдындарында «Бекіре-2014» кең ауқымды балық қорғау акциясы жалғасуда. 2014 жылдың 28 сәуірінде Атырауда акцияның үйлестіру штабының кезекті отырысы өткізілді. Онда өткен аптада атқарылған жұмыс қортыландыланып, алдағы 7 күнгі істер жоспарланды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 451 табиғат қорғау заңнамасын бұзу фактілері анықталды, Олардың 113-і өрескел бұзушылыққа жатқызылды. 40 заң бұзушылық балықты заңсыз тасмалдаумен, 6 – балық ресурстарын заңсыз сату және сатып алумен, 2-і – кемемен жүзу режимін бұзумен байланысты. Әкімшілік жауапкершілікке 311 адам тартылды. Балық қорғау акциясы басынан 30 қылмыстық іс қозғалып, олардың 14 сот органдарына жолданды. Табиғатты қорғау заңнамасын бұзған тұлғаларға 2,9 млн. тенге әкімшілік айыппұл салынды. Балық ресурстарын…

0
0
402