Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алтай өлкесінде қазақстандық-ресейлік тактикалық-өрт сөндіру жаттығулары өткізілді

2014 жылдың 25 сәуірінде Алтай өлкесінде (Ресей Федерациясы) қазақстандық-ресейлік бірлескен тактикалық-өрт сөндіру жаттығулары  өтті.
Бұл шара екі елдің ормандардағы өртке қарсы күрес қызметтерінің  дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ трансшекаралық аумақтарды орман өрттерін сөндіруге жұмылдырылатын күштердің өзара әрекеттесуін пысықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Ключев орман шаруашылығының аумағында өткізілген жаттығулар барысында қызметтердің шартты орман өртін жою кезіндегі өзара іс-қимылдары пысықталды. Жаттығу тапсырмалары әуе және жерден әрекет ету қызметтерінің өрт сөндіру құралдарын қолдану арқылы орындалды.
Қазақстан тарапынан жаттығуларға ҚР ҚОСРМ орман және аңшылық  шаруашылығы комитетіне бағынысты ұйымдарының, ҚР ТЖМ өртке қарсы мемлекеттік қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары әкімдіктеріне қарасты орман шаруашылықтарының 40-тан астам мамандары қатысып, техниканың 20 бірлігі тартылды.
Осындай жаттығулар Қазақстанның барлық өңірлерінде де өткізілді.
Елімізде орман өрттерін әуеден қорғау шаралары «Қазавиаорманқорғау» мемлекеттік кәсіпорынның 14 әуе кемесінің көмегімен жүргізіледі. Сонымен қатар мемлекеттік орман иеленушілердің пайдалануында 900-ден астам өртке қарсы техника бірлігі бар.
ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

2014 жылдың 25 сәуірінде Алтай өлкесінде (Ресей Федерациясы) қазақстандық-ресейлік бірлескен тактикалық-өрт сөндіру жаттығулары  өтті.
Бұл шара екі елдің ормандардағы өртке қарсы күрес қызметтерінің  дайындық деңгейін арттыру, сондай-ақ трансшекаралық аумақтарды орман өрттерін сөндіруге жұмылдырылатын күштердің өзара әрекеттесуін пысықтау мақсатында ұйымдастырылды.
Ключев орман шаруашылығының аумағында өткізілген жаттығулар барысында қызметтердің шартты орман өртін жою кезіндегі өзара іс-қимылдары пысықталды. Жаттығу тапсырмалары әуе және жерден әрекет ету қызметтерінің өрт сөндіру құралдарын қолдану арқылы орындалды.
Қазақстан тарапынан жаттығуларға ҚР ҚОСРМ орман және аңшылық  шаруашылығы комитетіне бағынысты ұйымдарының, ҚР ТЖМ өртке қарсы мемлекеттік қызметі бөлімшелерінің, сондай-ақ Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары әкімдіктеріне қарасты орман шаруашылықтарының 40-тан астам мамандары қатысып, техниканың 20 бірлігі тартылды.
Осындай жаттығулар Қазақстанның барлық өңірлерінде де өткізілді.
Елімізде орман өрттерін әуеден қорғау шаралары «Қазавиаорманқорғау» мемлекеттік кәсіпорынның 14 әуе кемесінің көмегімен жүргізіледі. Сонымен қатар мемлекеттік орман иеленушілердің пайдалануында 900-ден астам өртке қарсы техника бірлігі бар.ҚР ҚОСРМ баспасөз қызметі

http://www.eco.gov.kz/new2012/KK/2014/04/103-23/

0
0
216

Осы тақырып бойынша

Алтай өлкесінде қазақстандық-ресейлік тактикалық-өрт сөндіру жаттығулары өткізілді - Yvision.kz