Болашақ – бүгіннен, бүгініміз – шет тілімен...
«Бакалавр – жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже». Қазақстан Республикасының Заңы «Білім туралы» Университет қабырғасында оқып, бакалавр атағын алып, студент деген айдар тағынып жүргенімізге де екі жылдан асып барады. Осы екі жыл ішінде университетке қатысты мәліметтермен толықтай танысып шықтық деуге де болады. Біздің мамандыққа қатысты өтіп жүрген сабақтарымыздың бірі – кәсіби коммуникацияға арналған шет тілі сабағы. Қыстық семестр басталғалы бізге жаңа мұғалім пәннен оқыта бастады. Есімі – Сапарходжаева Нұргүл апай. Филология факультетінің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы. Бірде әдеттегідей сабақ өтіп жатқанымызда, университетіміздегі бағдарламалар бойынша шетелде оқу туралы сөз болды.…