Мазмұнға өту

Жаңа

Облыстық «Сұңқар» әскери-патриоттық ойындары

29 сәуір күні Тараз қаласында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери басқармасының қолдауымен Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен Жамбыл облысындағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттері мен еңбекші жастары арасында облыстық «Сұңқар» әскери-патриоттық ойындары болып өтті.

2
0
1257

30 сәуірде жол жүру ережесін бұзғандарға тағайындалған айыппұлдың жаңа шарттары күшіне енеді.

30 сәуірде жол жүру ережесін бұзғандарға тағайындалған айыппұлдың жаңа шарттары күшіне енеді. «Tengrinews.kz», 30.04.2014ж. 30 сәуірден бастап жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге тағылатын әкімшілік жауапкершіліктің жаңа шарттары күшіне енеді. ҚР Ішкі істер министрлігінің жол қауіпсіздігі комитеті ресми сайтында жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге тағылатын айыппұл кестесін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Тарқатып айтар болсақ, енді мемлекеттiк тiркелген номер белгіcі оқылмайтын немесе стандарт талаптары бұзыла отырып орнатылған көлiк құралдарын басқарған жүргізушілерге бес айлық есептiк көрсеткiш (АЕК) мөлшерiнде айыппұл салынады. (1 АЕК - 1852 теңге). Мемлекеттiк техникалық байқаудан өтпеген не тиiстi рұқсатсыз қайта жабдықталған көлiк құралын басқарса 3 АЕК, тежегiш…

0
0
270

Алматы облысында жыл басынан бері заңсыз қару-жарақ айналымынан 200 атыс қаруы тәркіленді.

Алматы облысында жыл басынан бері заңсыз қару-жарақ айналымынан 200 атыс қаруы тәркіленді. «BNews.kz», 30.04.2014ж.
Биылғы жылы Алматы облысында 200 атыс қаруы, 500 оқ-дәрі және әртүрлі модификациялы 5 граната заңсыз айналымнан алып тасталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.   

ІІД баспасөз қызметінің басшысы Көбейхан Нұрахметтің айтуынша, заңсыз сақталған қару-жарақтарды «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шаралар барысында тәркіленіп жатыр. Мұндай шаралардың соңғысы Кербұлақ, Қарасай аудандарында және Қапшағай қаласында өткен. Тәркіленген қарулар бұрын-соңды Алматы облысында болған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру үшін баллистикалық сараптамаға жіберілді. Қазір анықталған фактілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

0
0
189

СҚО-да ауыл тұрғыны полицияға өткен ғасырдан сақталған қаруды өткізген.

СҚО-да ауыл тұрғыны полицияға өткен ғасырдан сақталған қаруды өткізген. «ҚазАқпарат», 30.04.2014ж.
Жамбыл ауданының ішкі істер бөліміне Пресновка ауылының тұрғыны сарайында көптен бері шаң басып жатқан қаруды тапсырды.

Тексеру барысында бұл қарудың өткен ғасырдың орта тұсында кеңес сарбаздары кеңінен қолданған сапер күрегі мен минометтің қисындастырылған құрылымы екені анықталды, деп хабарлайды облыстың ІІД баспасөз қызметінен.

0
0
163

Жазды ма, тағдыр осылай?

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эльдар Мансуров «Грусть»

Бейнематериал авторы – Жаш кыял тобу «Махабат»

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

   

Жазды ма, тағдыр осылай?

Сүймедің мені, сен жаным.

Талпынып саған, мен талай,

Сырымды, ашумен қалдым.

 

Жалғыздық, кімге жарасқан?

Үмітпен, тағдыр, таласқан.

Көңілім, болды-ау, ту талқан,

Кім үшін, болдың, жаралаған?

 

Не істерсің, жаным, не істерсің?

Толқиды-ау, жаным, сені ойлап.

Ұмытып, мені, кетерсің,

Болғаны, басқаға, айырбастап.

 

Күндерім, өтер, ойлаумен,

Елесте, қалды-ау, келбетің.

Уақытым, өтті-ау, тосумен,

Сен болсаң, кеттің оралмай.

0
1
612

Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Жапония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісімен кездесті

2014 жылғы 29 сәуірде Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттіктің төрағасы (қаржы полициясы) Р.Т. Түсіпбековтың Жапония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Камохара Масаёсимен кездесуі  өтті.
Кездесу барысында тәжiрибе алмасу мен екі жақты ынтымақтастық туралы сұрақтар қарастырылып, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі тәжерибесінің тұсаукесері өткiзілді.
Кездесу аяғында екі жақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы жетістіктері туралы ынтымақтастықты дамытып, бекітуге қызығушылық білдірді.

,

0
0
215

Астана қаласы бойынша инспекция газ нарығы субъектілерінің қатысуымен кеңес өткізді

Ағымдағы жылғы 25 сәуірде Астана қаласы бойынша монополияға қарсы инспекция сұйытылған мұнай газын көтерме және бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын нарық субъектілерінің қатысуымен монополияға қарсы заңнаманың нормаларын түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Кеңес барысында газ ұйымдарының аккредиттеуден өтуінің проблемалы мәселелері және т. б. қаралды.

0
0
248

Болашақ – бүгіннен, бүгініміз – шет тілімен...

«Бакалавр – жоғары білім берудің тиісті білім беру бағдарламаларын меңгерген адамдарға берілетін академиялық дәреже». Қазақстан Республикасының Заңы «Білім туралы» Университет қабырғасында оқып, бакалавр атағын алып, студент деген айдар тағынып жүргенімізге де екі жылдан асып барады. Осы екі жыл ішінде университетке қатысты мәліметтермен толықтай танысып шықтық деуге де болады. Біздің мамандыққа қатысты өтіп жүрген сабақтарымыздың бірі – кәсіби коммуникацияға арналған шет тілі сабағы. Қыстық семестр басталғалы бізге жаңа мұғалім пәннен оқыта бастады. Есімі – Сапарходжаева Нұргүл апай. Филология факультетінің жалпы тіл білімі және шетел филологиясы кафедрасының аға оқытушысы. Бірде әдеттегідей сабақ өтіп жатқанымызда, университетіміздегі бағдарламалар бойынша шетелде оқу туралы сөз болды.…

0
0
688