ШҚО-да қазақ күресінен Ырғызбай Досқанаұлы атындағы II халықаралық турнир өтті
Боз кілем үстінде тоғыз елдің үздік палуандары белдесті.
Аталған додаға Айбек Нұғымаров, Бейбіт Ыстыбаев, Мұхит Тұрсынов сынды мақтаныштарымызбен қатар, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия сынды елдердің белді палуандары қатысты. Сондықтан да болар бұл спорттық сайыс аса жоғарғы деңгейде өтті. Қазақ күресін тамашалауға келген қауым да ерекше жанкүйерліктанытты. Қажымұқанның бүгінгі ізбасарлары 90 келіден жоғары салмақта «Түйе палуан», ал 80 келіге дейінгі салмақта «Өгіз палуан» атағы үшін таласты. Ақтық сайыста топ жарып шыққан Айбек Нұғымаров түйе палуан атанып қайтса, Қуаныш Мұратов «Өгіз палуан» атағын еншіледі.
Гинтаутас Вилейта, FILA халықаралық күрес комитетінің президенті (Литва):
- Біз дәл осындай турнирдің жүйелі болуын қалаймыз. Сонымен қатар бұндай сайыстар біркелкі формада өтуі тиіс. Бұл туралы біз халықаралық федерация жетекшісі Серік Түкеевпен де сөйлескенбіз. Сондықтан біз келесі жылы әлем кубогы кезеңдерін бастасақ деген жоспар бар.

