Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Алматы облысында жыл басынан бері заңсыз қару-жарақ айналымынан 200 атыс қаруы тәркіленді.

Алматы облысында жыл басынан бері заңсыз қару-жарақ айналымынан 200 атыс қаруы тәркіленді. «BNews.kz», 30.04.2014ж.
Биылғы жылы Алматы облысында 200 атыс қаруы, 500 оқ-дәрі және әртүрлі модификациялы 5 граната заңсыз айналымнан алып тасталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.   

ІІД баспасөз қызметінің басшысы Көбейхан Нұрахметтің айтуынша, заңсыз сақталған қару-жарақтарды «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шаралар барысында тәркіленіп жатыр. Мұндай шаралардың соңғысы Кербұлақ, Қарасай аудандарында және Қапшағай қаласында өткен. Тәркіленген қарулар бұрын-соңды Алматы облысында болған қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеру үшін баллистикалық сараптамаға жіберілді. Қазір анықталған фактілерге қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 
0
0
180

Осы тақырып бойынша

Алматы облысында жыл басынан бері заңсыз қару-жарақ айналымынан 200 атыс қаруы тәркіленді. - Yvision.kz