Бүгін Жоғарғы Сотта 7 және 9 мамыр мерекелеріне арналған салтанатты жиын өтті
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми сот жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы Қайрат Мәми сот жүйесінің ардагерлері мен қызметкерлерін келе жатқан мерекелерімен құттықтады.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 22 жыл, Ұлы Отан соғысы Жеңісіне 69 жылдығына орайластырып, Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті қалалық мәдениет үйінде жастар арасында «Мен, Отанды қорғауға дайынмын!» атты облыстық әскери-патриоттық акциясын ұйымдастырды. Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру және әскер қызметінің беделін көтеру, жастардың бойына қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында өткізілген шараға әскери қызметкерлер мен ардагерлер, Жамбыл облысында іссапармен жүрген ҚР Мәжілісінің депутаттары, Тараз қаласының орта арнаулы оқу орындарының алғашқы әскери дайындық пәні оқытушылары, студенттер, әскери кафедра курсанттары, әскер қатарына шақырылушылар мен ата-аналары қатысты. Қазақстан Респ…

Дорогие алматинцы! Принесите фото своих родных участвовавших в войне против фашистской Германии в 1941-45 гг. и прикрепите на специальных досках памяти, которые мы установили на всех станциях метро.
Құрметті алматылықтар! Фашистік Германияға қарсы соғысқа қатысқан туыстарыңыздың суретін метро стансаларына орнатылған арнайы тақталарға әкеліп іліңіздер.
2014 жылғы 6 мамырда Ақмола облысы бойынша монополияға қарсы инспекция «Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсарту жөніндегі түбегейлі шаралар туралы» 2014 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын, кәсіпкерлік саласындағы заңдардағы өзгерістердегі және ШОБ мұқтаждарына Ұлттық қордан қаражат бөлу тетігін түсіндіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңес жұмысына шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің басшылары мен өкілдері қатысты.
2014 жылдың 4 айы ішінде еліміздің санитарлық авиация қызметі 517 рет ұшырылым жасап, 700-ге тарта медициналық көмек көрсетті. Оның ішінде 516 науқас тиісті емдеу мекемелеріне тасымалданды, 140 консультативтік қызмет көрсетілді және оқиға орнында 40 операция жасалды.
Петропавл қаласында жасөспірімдер арасында таеквондодан өткен ҚР чемпионатынан сырбойылықтар 9 жүлдемен оралды, деп хабарлады облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен. Жарысқа еліміздің әр өңірінен 300-дей спортшы қатысты. Ел біріншілігінен сырбойылықтар 9 жүлде иеленіп, олжалы оралды. 37 келіде Ботагөз Қапанова (№10 Шиелі БЖСМ), 44 келіде Ақниет Жұмағазы (спорт-интернат), 55 келіде Жібек Көпен (№2 ОМБЖОРМ) чемпион атанып, маусым айында Әзірбайжанның Баку қаласында болатын Әлем чемпионатына жолдама алды. 37 келіде Нұрай Мұратқызы (№12 Сырдария БЖСМ) және 53 келіде Владислав Ли (№1ОМБЖОРМ) екінші орынды иеленсе, 33 келіде Ержан Жолдасбек (№1ОМБЖОРМ), 41 келіде Гүлбала Абызбаева (№10 Шиелі БЖСМ), 59 келіде Әлия Мударисова (№19 Арал БЖСМ), 61 келіде Жолдас Орынбек…
Мәнерлеп сырғанаудан Сочидегі Олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тен кореялық мәнерлеп сырғанаушы Ю На Кимнің қоштасу шоуында өнер көрсетті, деп хабарлады Vesti.kz.
All That Skate. Adios. Gracios атауымен өткен мұз айдыны шоуы Сеулде болды. Ол Сочидегі Ойындардың күміс жүлдегері, Ванкувер олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы Ю На Кимге арналды.
23 жасар Ю На Ким ресейлік Аделина Сотникованы алға оздырып, күміс жүлдегер атанған Сочидегі Олимпиададан кейін спорттық мансабынан қол үзуге шешім қабылдаған болатын.
Ким Кореядағы ең атақты мәнерлеп сырғанаушы, өз елінің алты дүркін чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы, «Төрт құрлық» турнирлерінің жеңімпазы және Ванкувер олмпиадасының чемпионы.
WBA және IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Хулио Сезар Чавеспен жекпе-жек болмай қалған жағдайда қарсыласы кім болатынын айқындады. Бұл туралы Yahoo! Sports-ға берген сұхбатында бапкер Том Леффер мәлімдеді, делінген GGG ВКонтакте беттерінде. Леффлердің айтуынша, ол НВО басшылығымен басқа да мүмкіндіктерді талқылауды жоспарлауда. Өйткені шілде айындағы жекпе-жекті кейінге қалдырғысы келмейді. Сондай-ақ Головкиннің бапкері WBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпиондар — Питер Куиллин мен Дэниел Джейкобс шілдедегі кездесуде Головкинге қарсы бірден-бір ықтимал үміткер болатынын айтты. Бұдан бұрын хабарланғандай, Головкин мен Чавес арасындағы жекпе-жек Лос-Анджелестегі «Форум» (Forum) жабық аренасында 19 шілдеге белгіленген. Егер тараптар уағдаласт…
Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев әлем бойынша орта салмақтағы мықтылардың бірі аргентиналық Серхио Мартинестің промоутері өзің командасына шақырып миллион доллар ұсынғанын айтты, — деп хабарлайды Vesti.kz. Серік Сәпиевке бұл ұсыныс 2013 жылы қазақстандық Генадий Головкин мен Мэтью Маклиннің жекпе-жегі кезінде айтылған. «Біз сол кезде Серхио Мартинестің промоутері Лу Ди Белламен таныстық. Ол: «Сен біздің командада жұдырықтасатын болсаң, мен қуанар едім деген еді», — деп еске алады Серік Сәпиев. Сұхбаттың толық нұсқасын осы жерден оқи аласыздар. Қазақстандық боксер Серік Сәпиев 2005 және 2007 жылдарда өткен әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, 2012 жылы Олимпиада чемпионы болды, сонымен бірге Баркер кубогының иегері атанды. Айта кетейік, Серхио Мартинес Геннадий Головкиннің ең басты қ…
Бүгін «Барыс» хоккей клубының ресми сайты көпшілікке танымал қорғаушы Кевин Даллмэнмен келісімшартқа отырғандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бүгінде Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғайтын, канадалық қорғаушы Кевин Даллмэн мен «Барыс» клубы үш жылдық келісімшартқа қол қойыпты. Өздеріңіз білесіздер, Даллмэн 2008-2012 жылдары «Барыс» сапында ойнаған. 2012 жылдан бастап, биылғы маусым аяқталғанша СКА (Санкт-Петербург) командасында өнер көрсетті. Енді Құрлықтық хоккей лигасында өзінің бағын ашқан қазақ топырағына қайта оралып отыр. Жалпы, ол Құрлықтық хоккей лигасынада 295 ойын өткізді. Оның еншісінде әзірше 239 ұпай (92 гол + 147 пас) бар. Дәл қазір «Барыс» клубы алдағы маусымның қамын ойлап, кейбір ойыншылардың келісімшарттарын ұзартып жатыр. Мысалы, бүгін мына хоккейші…